13 декабря 2025 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Қаржы пирамидасының құрбаны болмау үшін неге назар аудару керек?

13 апрель 2022, 12:44
Қаржы пирамидасының құрбаны болмау үшін неге назар аудару керек?

Фото:elements.envato.com
Ішкі істер министрлігі өкілі қаржы пирамидасының тоғыз белгісін атады.

ОКҚ брифингінде ІІМ Тергеу департаментінің басшысы Санжар Әділов қаржы пирамидасының құрбаны болмау үшін неге назар аудару керегін айтты.

1. Әкелген клиенттер үшін сыйақы туралы уәде - бонустар.

"Сізге компанияға әкелген әрбір клиент үшін қосымша ақы төлеуге уәде берілсе, бұл ақша салмау, барлық танысты осындай қауіпті нәрседен аулақ болуға шақыру үшін жеткілікті негіз болады", - деп түсіндірді Әділов.

2. Нарық деңгейінен бірнеше есе жоғары кіріске кепілдік беру.

"Түрлі "инвестициялық компания" табысқа кепілдік бере алмайды, бұған заң жүзінде тыйым салынған. Біреу кепілдік берсе, онда ол - алаяқ. Барлығы өте қарапайым", - деді ол.

3. Қажет лицензиялардың болмауы.

"Компания ақша салымдарын тартса немесе қор нарықтарына инвестиция салуды ұсынса әрі оның лицензиясы болмаса, онымен байланысу керек пе, жоқ па, үш мәрте ойланыңыз. Мұндай ұйымдар қаржы мониторингі агенттігінің бақылауында емес, яғни ешкім Сіздің құқықтарыңыз бен мүдделеріңізді қорғай алмайды", - деді ІІМ өкілі.


4. Алғашқы жарнаның болуы: ресімдеуге, оқытуға, акцияларға.

"Әдетте, бұл жарна - пирамида ұйымдастырушыларының негізгі кірісі, сондай-ақ, қаржы пирамидасының айқын және өзі тән белгісі", - деді Әділов.

5. Меншікті негізгі құралдардың, басқа да қымбат активтердің болмауы.

"Компанияның қолда бар мүлкі мен активтері қолайсыз оқиға болған жағдайда сатылуы және салынған ақшаны ішінара қайтаруы қажет. Бірақ қаржы пирамидасында мұндай активтер жоқ", - деді ІІМ Тергеу департаментінің бастығы.

6. Теріс жарнама науқаны.

"Қаржы пирамидаларының жарнамасы көптеген клиентті тез тартуға арналған және тек пирамидалардың негізін қалаушылардың өздеріне пайдалы болатын ақпаратты қамтиды. Әрине, жарнама берушілер мұндай компанияның клиенті тап болуы мүмкін қауіпті жағдайларды айтпауға тырысады", - деп түсіндірді ол.

7. Ұйым қызметінің нақты анықтамасының болмауы.

"Пирамиданың салымшылардың өзінен басқа клиенттері жоқ. Сізге ешқашан жеткізушілерді, мысалы, басқа бизнес серіктестерді көрсетпейді. Компанияға ақша салмас бұрын, ол туралы мүмкіндігінше көп ақпарат алыңыз. Пікірлерді зерттеңіз, бұл мәселеге мұқият қараңыз. Барлық құжатты оқыңыз. Компания нақты немен айналысады және ақшаңыз қайда салынады біліңіз. Компания кез келген сылтаумен ақпарат беруден бас тартса, тіпті құжаттармен таныстырмаса, салынған ақшаны алу қиын болады", - деп қосты Әділов.

8. Консультация тек жеке кездесуде берілсе.

"Жеке кездесуде клиенттің сеніміне кіріп, оны ақша салуға көндіруі үшін түрлі психологиялық әдістер мен амалдарды қолдану оңайырақ", - деді ол.

9. Олар "келісімшартқа" қол қою кезінде ойланбауға шақырады.

"Асығыс шешім қабылдамаңыз. Келісімшарттың үлгісін сұраңыз және оны үйде зерделеңіз. Жеке ережелері сізге қиындық тудырса, маманмен кеңесуге тырысыңыз. Берілген ақшаның орнына сізде қандай құжат бар екенін қараңыз. Оның заңды күші бар ма?

Кез келген қаржылық құжатты, әсіресе келісімшартты мұқият оқып шығуды әдетке айналдырыңыз. Түсінбестен ештеңеге қол қоймаңыз. Сізге келісім немесе оның жеке ережелері ұнамаса, оған қол қоймаңыз", - деп түйіндеді Әділов.

Ішкі істер министрлігі бейтаныс адамдарға өз ақшаларын бермес бұрын ойлануды ұсынады.

"Өз қаражатыңызды сеніп тапсырғыңыз келетін ұйымда айтылған белгілердің барлығын немесе бірнешеуін тапсаңыз, сізді қаржы пирамидасына тартуға тырысып жатқан жоқ па, ойлану қажет", - деп қорытындылады Әділов.
Просмотров материала: 826

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 179 010 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 178 512 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 178 102 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 178 154 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 178 452 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 11 457 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 10 592 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 10 822 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 14 980 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 15 127 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 23 756 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 10 050 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 7 439 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 7 267 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 6 093 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 8 297 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 17 355 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 6 035 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 7 429 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 6 150 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 6 154 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 5 984 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 5 823 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 6 087 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 6 025 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 17 540 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 8 054 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 5 858 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 6 125 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 6 489 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 5 870 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 5 825 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 5 874 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 5 838 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 6 068 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 6 210 Просмотров





Опрос


«    Декабрь 2025    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031