6 апреля 2026 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Қазақстанда екі жыл ішінде төрт құс фабрикасы банкротқа ұшыраған

08 апрель 2022, 9:09
Қазақстанда екі жыл ішінде төрт құс фабрикасы банкротқа ұшыраған
Кейінгі екі жылда Қазақстанда төрт құс фабрикасы банкротқа ұшыраған. Ал жұмыс істеп жатқандарда шығын көп. Кәсіпкерлер мекиен тауықтардың санын азайтуды ойлап отыр. Азық қымбаттағаннан кейін жағдай нашарлап кеткен. Сонымен қатар, құс тұмауының өршуіне байланысты Ресей қазақстандық құс фабрикаларының өнімдерін импорттауды тоқтатқан. Ауыл шаруашылығы министрлігі құс өсірушілердің проблемаларының көп бөлігі шешілгенін айтады, - деп хабарлайды "Хабар 24" телеарнасы.

Екі жыл бұрын Арқалық құс фабрикасында құс тұмауы салдарынан барлық тауық қырылып қалған. Содан кейін ұзақ қалпына келтіру процесі болған. Кәсіпорын бұрынғы өндіріс деңгейіне оралғаннан кейін басқа проблемалар басталған.

"Қазір азық 30-дан 50 пайызға дейін қымбаттады. Азықтың жартысын сырттан аламыз. Онда да бәрі қымбат. Осылай жалғаса берсе, бәрі қымбаттаса, мал басын қысқартуға мәжбүр боламыз", - дейді Арқалық құс фабрикасының бас директоры Жәмила Исмайлова.

Азық құнының тұрақты түрде өсуі кейінгі екі жылда байқалады. Бірақ бұл жалғыз мәселе емес. 2021 жылдың аяғында Ресей қазақстандық жұмыртқаларды импорттауды тоқтатты. Жеке шаруашылықтарда құс тұмауының өршуіне байланысты тыйым салынды. Салдарынан Қазақстанның төрт өңіріндегі құс фабрикалары бірден қоймаға жұмыс істей бастады.

"ЕАЭО-дағы ережелер бойынша, ауру тіркелсе, жеке шаруашылықтарда немесе құс фабрикасында өнім экспортына тыйым салынады. Бірақ оны үш айға енгізу керек. Бұл - шектеу енгізілетін ең ұзақ мерзім. Бүгінде 6 ай өтті, ал Ресей әлі күнге дейін өнім жеткізу үшін шекарасын ашқан жоқ", - деді Қазақстанның жұмыртқа өндірушілері қауымдастығының президенті Максим Божко.

Ауыл шаруашылығы министрлігі отандық құс өсірушілердің проблемаларынан хабардар. Сонымен қатар, олар проблеманың шешімі туралы есеп берді.

"Жұмыс жүргізіліп жатыр. Бір облыста тыйым алып тасталды, қалған облыстар бойынша жұмыс жалғасып жатыр. Жақын арада тыйымды алып тастаймыз деп үміттенеміз. Ол үшін өткен сейсенбіде Ресей тарапымен келіссөздер жүргізілді. Қазір екі елдің шенеуніктері кепілдік хаттар бойынша жұмыс істеп жатыр", - деді Қазақстанның ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев.

Ауыл шаруашылығы министрлігі өкілі карантин алып тасталатын нақты күнді атады. Ведомствоның мәліметінше, бұл келесі дүйсенбіде, яғни 11 сәуірде жүзеге асады. Шенеуніктердің айтуынша, жемге байланысты мәселе шешілген. Азық-түлік корпорациясымен меморандум бар. Қазір тікелей құс фабрикаларына 115-117 мың теңгеге бір тонна астық беріледі.
Просмотров материала: 620

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 194 209 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 193 789 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 193 313 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 193 371 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 193 718 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 12 303 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 11 403 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 11 694 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 16 128 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 16 238 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 24 594 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 10 449 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 7 572 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 7 385 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 6 221 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 8 702 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 17 465 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 6 156 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 7 559 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 6 327 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 6 262 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 6 094 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 5 940 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 6 234 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 6 156 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 17 659 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 8 466 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 5 991 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 6 247 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 6 621 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 6 001 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 5 943 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 6 029 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 5 988 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 6 197 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 6 354 Просмотров





Опрос


«    Апрель 2026    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930