11 августа 2025 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Жұмыртқа бизнесі: Шаруалар министрдің шешімін құптаудан бас тартты

14 февраль 2022, 17:24
Жұмыртқа бизнесі: Шаруалар министрдің шешімін құптаудан бас тартты
Ауыл шаруашылығы министрлігі субсидиялау жүйесін реформалауды қолға алып, жаңа тәсілдер әзірлеп жатыр. Ең бірінші ұсыныс – 47 субсидия түрін 20-ға дейін қысқарту. Алайда шаруалар субсидия санын қысқартуға қарсы.

Субсидияның тиімділігін арттыру үшін технологиялық ортаншы процестерді емес, тек қана түпкілікті нәтиже алатындай оңай бақылауда ұстайтын процесстерді субсидиялау керек. Субсидияның бәрін алып тастап, жеңілдетілген несие беру жеңіл жол болып отыр. Біз 350 млрд теңгедей субсидия бөліп отырмыз. Оның шамамен 100 млрд теңгесі лизингтің төлемақысын арзандатуға жіберіледі. Қаржыны арзан кредиттерге бөліп, басқа субсидияның бәрін алып тастауға мүмкіншілік бар еді.

Алайда шаруалар субсидия санын қысқартуға қарсы, өйткені олардың кәсібіне айтарлықтай шығын әкеледі. Қанша уақыттан бері шығынға ұшырап келе жатқан жұмыртқа өндірушілерінің де айтары бар. Мемлекет қолдауы болмаса, бірнеше фабрика құс басын азайтып, тіпті жабылып қалуы мүмкін.

Ауыл шаруашылығы министрлігі агроөнеркәсіп кешені табиғи жолмен дамуы үшін мемлекет қолдауын азайту керек деп есептейді. Алайда өндірушілер мұнымен келіспейді, өйткені субсидия көптеген фабриканың аяқтан тұруына көмектескен. Соның арқасында өндіріс көлемі артқан.

Жұмыртқа өндірушілері қауымдастығының өкілі субсидиялардың алынып тасталуы барлық салаға ауыр соққы болып тиеді деген пікірде.

Жұмыртқаны субсидиялауды алып тастау құс фабрикаларының табысының азаюуына әкеледі. Пайда көрмей, шығындалып жұмыс істеу мүмкін емес. Сондықтан өндірушілер жұмыртқа бағасын көтеруге мәжбүр болады. Бірақ қазір Қазақстанда жұмыртқа ішкі нарықта тұтынылатын көлемнен әлдеқайда көп өндіріледі. Ұсыныс сұраныстан асып кеткен жағдайда бағаны көтеру мүмкін емес. Сондықтан фабрикалар банкрот болмас үшін өндіріс көлемін қысқартуға мәжбүр.


«Ақкөл Құс» ЖШС басшысы Сапарғали Әбдірайымов фабриканың тек шығынмен жұмыс істеп жатқанын айтады.

Субсидияны алып бидайға берейік дейді. Онымен ештеңе өзгермейді. Біз алатын субсидия – бір жұмыртқаға үш теңге. Жаңа жыл алдында министрлік бізге жұмыртқаны 32 теңгеден қойсаңдар үш теңге субсидия береміз, сонда шығындалып жұмыс істемейсіңдер деді. Бүкіл фабрикалар келісіп сол бағаға түсірдік. Оның үстіне монополияға қарсы орган 32 теңгеден жоғары болмасын деген шарт қойды. Әрі қарай келісілген шарт жүзеге аспады. Қазір бірінші санаттағы жұмыртқаны 25 теңдеген сатып жатырмыз. Ал бір жұмыртқаның фабрикадағы өзіндік құны қосалқы құн салығын қоса алғанда – 36-37 теңге. Пайда жоқ, тек шығын.
«Ақкөл Құс» ЖШС басшысы Сапарғали Әбдірайымов
Сапарғали Әбдірайымов жұмыртқаның қымбаттауына өндірушілер себепші емес екенін, қадағалаушы органдар фабрикаларды емес, алыпсатарлар мен саудагерлерді тексеруі керек деп есептейді.

Антимонополия органы бағаны көтермеңдер деп үнемі қысады. Олар бізді емес ортадағы делдалдарды тексерсін. Біз жұмыртқаны 25 теңгеден сатамыз, ал дүкенде ол неге 40 теңгеден сатылады? Баға көтерілсе болды, айналып келіп өндірушіні тексереді. Өндіруші жұмыртқа өндіргеніне кінәлі емес қой. Өзі шығарған өнімді өз бағасында сата алмаса бизнестің не қажеті бар? Тіпті бізге өз құнымен сатқызбай жатыр.

Оның сөзінше, 2020 жылы субсидиялау ережесі өзгеріп берілуі керек 55 млн теңге субсидияның 20 млн теңгесін ғана алған. Жаңа ереженің шыққанын күтіп жүргенде «сатылған жұмыртқа жарамайды» деп өтінімді қабылдамаған. 2021 жылы да жағдай қайталанған. 2021 жылдан қалған 20 млн теңге субсидия әлі берілмеген.

Бүгінгі таңда құс фабрикалары 2022 жылғы өндірістік жоспарларын қайта қарап жатыр. Оның ішінде өндіріс көлемін азайту бар. Бұдан бөлек, өндірушілер құс етін мерзімінен бұрын союға мәжбүр болып отыр.

2022 жылдың басында елдегі әр үшінші құс фабрикасы амалсыздан құстарды соя бастаған. Бұған соңғы үш айда жұмыртқаның көтерме бағасы 30%-ға (37 теңгеден 26 теңгеге дейін) арзандауы әсер еткен. Ал өзіндік құны – 30 теңге мен 35 теңгеге аралығында.

Біз жұмыртқаны өзіндік құнынан да арзан бағаға сатамыз. Талқылап жатырмыз дейді, бірақ субсидия бермейтін секілді. Ауыл шаруашылығы вице-министрі Айдарбек Сапаровтың қатысуымен өткен жиынға қатыстым. Ол Қарағандыға субсидиялау бойынша ұсыныстарды тыңдау мақсатында келген екен. 2013 жылдан бергі субсидиялау ережелері жұмыс істеп келді. Елімізде тауық жұмыртқасын өндіру қалай өскенін қараңыз. Бұл жақсы емес пе? Мемлекет жұмыртқаны экспорттады, бұл да жақсы емес пе?
Қарағанды облысындағы Ushtobe Qus ЖШС басшысы Валерия Семенова

Фабрика төлқұжат бойынша жылына 126 миллион дана жұмыртқа шығаруы керек. Ал бұл көрсеткіш 165 миллион данаға жеткен.

Біз субсидияны көбірек алуға ұмтылдық және соған сай жұмыс істедік. Жалпы ішкі өнім көрсеткіштеріне еш зиян тигізбейміз. Ал қазір біз шығындалып жұмыс істеп жатырмыз. Жоспар бойынша құстарды наурызда соямыз деп едік, мұны қазір бастап кеттік. Соған сай өнім де азаяды. Ал жас құсты сатып алмасақ, жұмыс орындары да қысқарады.
Валерия Семенова

Максим Божконың сөзінше, биыл жұмыртқалайтын тауықтар санын 10-20%-ға қысқарту 300-600 жұмыс орнының қысқаруына және өндірістің 200-400 млн дана жұмыртқаға төмендеуіне әкелуі мүмкін. Ал бұл тұтынушылардың қалтасына да әсер етпей қоймайды. Жұмыртқа өндірушілері қауымдастығының бағалауынша, жұмыртқа 10-30% қымбаттауы мүмкін.

Әр фабрика тұрғындарды жұмыспен қамтамасыз етеді. Соңғы екі жылда жұмыртқа өндіретін 35 құс фабрикасының төртеуі жабылған. Төрт облыста 500 астам адам жұмысынан айырылған. Құс фабрикаларының жұмыртқа өндірісі 2019 жылы 4,3 млрд дана болса, 2021 жылы 3,5 млрд данаға дейін төмендеген.

Жаңа жыл алдында бір күнде 250 мың дана жұмыртқа шығаратын едік. Тауық басын жүз мыңға азайуға мәжбүр болдық. Қазір күніне 140 мың жұмыртқа береміз. Қаңтарда жиырма адамды жұмыстан босаттық. Пайда көрмесек, оларға қалай жұмыс тауып береміз?

2021 жылдың соңында Қазақстанның төрт облысынан Ресейге құс өнімдерін экспорттауға тыйым салынды. Қырғызстанға құс еті мен жұмыртқасын экспорттауға да тыйым салынды. Бұл жағдай шекаралас облыстардағы құс фабрикаларының артық өнімін экспортқа шығара алмауына әкелді.

Жаңа жылдық мерекелерден кейін сұраныс төмендеп, нарықта ұсыныс сұраныстан асып кеткен. Бұл жұмыртқаның көтерме бағасының төмендеуіне әкеп соқты. Ал зауыттар қазір шығынмен жұмыс істеуде. Сол себепті Жұмыртқа өндірушілер қауымдастығы құс өнімдері экспортын шектемеуді сұрайды. Ал өндірушілер Қытай сияқты үлкен нарыққа экспорттау жағдайды айтарлықтай жақсартуға көмектеседі деп есептейді.

Сапарғали Әбдірайымов «Ақкөл Құс» фабрикасында 2021-2025 жылы жұмыртқа басын көбейтіп, күніне 300 мың дана өндіруді жоспарлаған. Соған сай тауық санын көбейтіп, жаңа базаларды іске қосып, жаңа жұмыс орнын ашуды көздеген. Алайда осылай шығындалып жұмыс істесе фабрика жабылып, жүз адам жұмыссыз қалуы мүмкін дейді ол.

Өз тарапынан өндірушілер әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының тізіміндегі С1 жұмыртқасын С2 жұмыртқасымен алмастыруды ұсынып отыр. Жұмыртқа өндірушілер қауымдастығы құс фабрикалары С2 санатындағы жұмыртқа бағасын бекітуге дайын.

Өндірушілерді субсидиялаудан бас тарту халыққа кері әсерін тигізері анық. Неге десеңіз, өнімнің түпкі бағасы өсіп, адамдар жұмысынан айырылып жатыр. Сатып алу қабілеті төмендеп, халықтың әлеуметтік осал топтары тағы да жапа шегеді. Себебі жұмыртқа құнының қымбаттауы басқа тауарларға тікелей әсер етеді.

Просмотров материала: 745

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 161 132 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 160 953 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 160 590 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 160 629 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 160 922 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 10 470 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 9 613 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 9 815 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 13 638 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 13 817 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 22 616 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 9 470 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 7 123 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 6 989 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 5 814 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 7 975 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 17 098 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 5 760 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 7 137 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 5 864 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 5 873 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 5 715 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 5 555 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 5 813 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 5 761 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 17 269 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 7 711 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 5 588 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 5 853 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 6 183 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 5 588 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 5 568 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 5 606 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 5 553 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 5 790 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 5 932 Просмотров





Опрос


«    Август 2025    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031