25 февраля 2026 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



"Ақша қайтарылмайды". Жолаушылар еш жағдай жасалмаған вагондарда үсіп қала жаздаған

26 март 2022, 10:26
"Ақша қайтарылмайды". Жолаушылар еш жағдай жасалмаған вагондарда үсіп қала жаздаған
Наурыз мерекесіне орай Нұр-Сұлтаннан Алматыға бет алған бір топ жолаушы, есігі жабылмайтын, тастай суық әрі қараңғы вагондарға тап болған, - деп хабарлайды "Астана" телеарнасы.

Телеарна мәліметінше, оқиға 18-наурызда елордадан Алматыға шыққан №204 қосымша пойызда болған. Түнгі сағат 22:40-та вагонға отырған жолаушылар жарық жүрген соң қосылады деп ойлаған. Бірақ қара түнек жол бойы жалғасқан. Қатты суықтан вагонның жан-жағынан суық жел үрлеп, еденге мұз қатқан. Жолауылардың сөзіне, вагонда жағатын көмір де болмаған.

"Вагон өте суық. Сырт киіммен ұйықтадық. Дәретхана даладағыдан бетер лас әрі суық. Жарық жоқ. Түнде тас қараңғы. Біз билетті бір ай бұрын сатып алдық. Бағасы мен вагонның жағдайы мүлдем сәйкес келмейді. Қазіргі кезде осындай тозығы жеткен вагондар жүреді деп ойламағам. Тіпті көмір жоқ. Мерекелік көңіл-күйімізді бұзды. Билет құнын қайтарып, моралдық өтемақы төлесін", - дейді жолаушы Сәния Құрбанова.

Пойыз басшысы Ұлжан Мамырова да бұл жағдайды растаған. Мереке кезінде вагон жетіспеушілігінен, қысқа еш дайындығы жоқ вагондар жолға шыққан.

"Менде қазір 19 вагон келе жатыр. Соның 3 вагоны осындай болып тұр. Үш вагонында жылуы кішкене нашар болып келе жатыр. Себебі қысқа дайындалмаған вагондар салқын болып жатыр. Вагонның сапасы өте төмен болып тұр", - дейді ол.

"Қазақстан Темір Жолы" компаниясының өкілі Мәди Мұхаметқалидің сөзінше, еш жағдай жасалмаған вагондармен тасымалданған бұл жолаушыларға ақша қайтарылмайды. Мерекеде сұраныс күрт өскен соң, жолаушыларды діттеген жерге аман жеткізу басты мақсат болған. Бүгінде жолаушылар тасымалының базасында 2000-нан аса вагон бар. Оның ішінде зауыттан шыққанына 44 жыл болған вагондар да кездеседі. Мұндай санаттағы вагон саны 800.

"Осы пойыз өз паркіне келгеннен кейін тексеріс жұмыстарын жүргіземіз. Егер тексеріс жұмыстарында қателіктер дәлелденіп жатса, арнайы шараларды қабылдайтын боламыз. Бірақ өтемақы заңнамада қарастырылмаған. Жолаушылар тасымалында пойыз кешігіп келген жағдайда ғана үш пайыз өтемақы төленеді", - дейді "ҚТЖ" өкілі.
Просмотров материала: 1 917

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 188 218 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 187 758 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 187 318 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 187 367 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 187 699 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 11 960 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 11 075 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 11 338 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 15 638 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 15 775 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 24 278 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 10 262 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 7 515 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 7 333 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 6 165 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 8 496 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 17 414 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 6 101 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 7 508 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 6 250 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 6 212 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 6 046 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 5 884 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 6 170 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 6 104 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 17 606 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 8 271 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 5 925 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 6 194 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 6 558 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 5 951 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 5 895 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 5 965 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 5 928 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 6 143 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 6 287 Просмотров





Опрос


«    Февраль 2026    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
232425262728