9 сентября 2026 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Зейнетақы жинақтарын басқаруға ескі мөлшерлемелер бойынша 1 сәуірге дейін аударуға болады Сурет: Zakon.kz

24 март 2022, 16:10
Зейнетақы жинақтарын басқаруға ескі мөлшерлемелер бойынша 1 сәуірге дейін аударуға болады  Сурет: Zakon.kz
БЖЗҚ салымшылары өздерінің зейнетақы жинақтарының бір бөлігін тұрғын үй жағдайын жақсартуға және емделудің ақысын төлеу үшін ғана емес, сондай-ақ, инвестициялық портфельді басқарушы компанияларға инвестициялық басқаруға беру үшін де пайдалануға құқылы.

Салымшының зейнетақы жинақтары келесі жағдайларда ИПБ басқаруына берілуі мүмкін:

салымшының БЖЗҚ-дағы нақты зейнетақы жинақтары мен зейнетақы жинақтарының ең аз жеткіліктілік шегі арасындағы айырмадан аспаған мөлшерде;

өмір бойғы төлемдерді көздейтін сақтандыру ұйымымен зейнетақы аннуитеті шарты жасалған жағдайда, салымшының БЖЗҚ-дағы шотындағы зейнетақы жинақтарының қалдығынан аспайтын мөлшерде.

Естеріңізге сала кетейік, ағымдағы жылдың 1 сәуірінен бастап 2022 жылға есептелген зейнетақы жинақтарының ең төменгі жеткіліктілік шегі (ТЖШ) күшіне енеді. Бұған дейін Президент Қасымжомарт Тоқаевтың тапсырмасын орындау үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 13 желтоқсандағы №875 қаулысымен 2021 жылға есептелген ТЖШ қолдану мерзімі 2022 жылдың 1 сәуіріне дейін ұзартылды.

БЖЗҚ кестесі
Зейнетақы жинақтарын басқаруға ескі мөлшерлемелер бойынша 1 сәуірге дейін аударуға болады  Сурет: Zakon.kz


Осылайша, 2022 жылға арналған ТЖШ 2022 жылдың 1 сәуірінен бастап күшіне енетіндіктен, зейнетақы жинақтарын ИПБ-ға 2021 жылға есептелген ТЖШ шамаларына сәйкес өтініштер бойынша 2022 жылғы 31 наурызды қоса алғанда аударуға болады.
Зейнетақы жинақтарын бір немесе бірнеше ИПБ аудару үшін салымшы БЖЗҚ-ға өтінішпен жүгінуі қажет. Өтініш enpf.kz сайтындағы жеке кабинет арқылы берілуі мүмкін немесе БЖЗҚ-ның кез келген өңірлік бөлімшесіне салымшы өзі келуі тиіс.

БЖЗҚ салымшыдан өтініш келіп түскен күннен кейін күнтізбелік отыз күн ішінде зейнетақы жинақтарын ИПБ сенімгерлік басқаруға аударады. Салымшының зейнетақы жинақтарының қалған бөлігі Ұлттық банктің басқаруында қалады.

ИПБ инвестициялық басқаруына берілген зейнетақы жинақтары біржолғы зейнетақы төлемдерін алуға жатпайды (тұрғын үй жағдайын жақсарту және/немесе емдеу мақсаттарына алынған жағдайдағыдай) және ИПБ аударған кезде бұл қаражатқа жеке табыс салығы салынбайды.

Зейнетақы активтері ИПБ сенімгерлік басқаруға алғаш берілгеннен кейін салымшы:

БЖЗҚ-ға жылына бір реттен жиі емес өзінің зейнетақы жинақтарын бір ИПБ-дан екінші ИПБ-ға сенімгерлік басқаруға беруге өтініш беруге;

ИПБ сенімгерлік басқаруындағы зейнетақы жинақтарын Ұлттық банкке сенімгерлік басқаруға қайтару туралы (зейнетақы жинақтары ИПБ сенімгерлік басқаруға алғаш берілгеннен кейін екі жылдан ерте емес) өтінішті БЖЗҚ-ға беруге құқылы.

Оның ішінде салымшы зейнет жасына жеткенше күнтізбелік 10 күн бұрын салымшының зейнетақы жинақтары Ұлттық Банктің инвестициялық басқаруына қайтарылады.

Естеріңізге сала кетейік, БЖЗҚ-дан зейнетақы активтерін алғаннан кейін ИПБ оларды ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2014 жылғы 3 ақпандағы №10 қаулысымен бекітілген Инвестициялық портфельді басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыру қағидаларында көрсетілген және ИПБ инвестициялық декларациясында көзделген рұқсат етілген қаржы құралдарына инвестициялайды.

Зейнетақымен қамсыздандыру туралы Заңға сәйкес, ИПБ инвестициялық басқару үшін комиссиялық сыйақы алуға құқылы. ИПБ сыйақысының шекті шамасы алынған инвестициялық табыстың 7,5% аспайды. Комиссиялық сыйақының нақты шамасын жыл сайын ИПБ басқару органы бекітеді және ол жылына бір реттен жиі ауыстырылмайды.

Зейнетақы жинақтары Ұлттық банктің басқаруында болған кезеңде салымшы зейнет жасына жеткенге дейін инфляция деңгейін ескере отырып, зейнетақы жинақтарының сақталуына кепілдік беріледі. Зейнетақы жинақтарын ИПБ-ның басқаруына аударған кезде мемлекет кепілдігі басқарушы компанияның зейнетақы активтері кірістілігінің ең төменгі деңгейін қамтамасыз ету жөніндегі кепілдігімен ауыстырылады, ол нарықта жұмыс істейтін ИПБ-ның басқаруына берілген зейнетақы активтерінің орташа алынған кірістілігі негізге алынып есептеледі.

Просмотров материала: 833

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 217 070 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 216 743 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 216 244 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 216 289 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 216 660 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 13 545 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 12 583 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 12 905 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 17 571 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 17 624 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 25 818 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 10 806 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 7 909 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 7 572 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 6 445 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 9 393 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 17 684 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 6 425 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 7 831 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 6 624 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 6 450 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 6 296 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 6 149 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 6 494 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 6 382 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 17 867 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 9 220 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 6 196 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 6 442 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 6 828 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 6 179 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 6 130 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 6 262 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 6 205 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 6 436 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 6 582 Просмотров





Опрос


«    Сентябрь 2026    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930