23 ноября 2024 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Зейнетақы жинағын басқарушы компанияларға беру тәртібі жарияланды

19 февраль 2021, 12:21
Зейнетақы жинағын басқарушы компанияларға беру тәртібі жарияланды
2021 жылғы қаңтардан бастап азаматтарға өздерінің зейнетақы жинақтарының бір бөлігін тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) емделуге ақы төлеу үшін ғана емес, сондай-ақ, басқарушы компанияларға (инвестициялық портфельді басқарушы – ИПБ) инвестициялық басқаруға беру үшін де пайдалану құқығын беретін заңнамалық нормалар күшіне енді, деп хабарлайды AzattyqRuhy.kz.

Зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңға сәйкес Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі:

зейнетақы активтері сенімгерлік басқаруға берілуі мүмкін ИПБ-ға қойылатын талаптарды, сондай-ақ, зейнетақы активтері есебінен сатып алуға рұқсат етілген қаржы құралдарының тізбесін әзірлейді және бекітеді;
зейнетақы активтерін басқару жөніндегі қызметке қойылатын талаптарға сәйкес келетін ИПБ тізілімін ай сайын жүргізеді және өзінің интернет-ресурсына орналастырады.
Салымшы сондай-ақ, қолданыстағы ИПБ тізбесімен және олар ұсынатын инвестициялық декларациялармен БЖЗҚ-ның www.enpf.kz сайтында таныса алады.

Зейнетақы жинақтарын сенімгерлік басқаруға беру үшін:

ИПБ тарапынан:

1) уәкілетті орган - Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің нормативтік құқықтық актісінде белгіленген талаптарға сәйкестігі;

2) ИПБ уәкілетті органдар тізіліміне енгізілуі;

3) БЖЗҚ мен ИПБ арасында жасалған зейнетақы активтерін сенімгерлік басқару туралы шарттың болуы;

4) БЖЗҚ, ИПБ және кастодиан-банк арасында жасалған кастодиандық шарттың болуы керек.

салымшы тарапынан:

1) салымшының БЖЗҚ-ға берген ИПБ таңдау туралы жазбаша өтінішінің болуы;

2) салымшының БЖЗҚ-дағы жеке зейнетақы шотында ИПБ-ға беру үшін жеткілікті қаражаттың болуы тиіс.

Салымшының зейнетақы жинақтары ИПБ басқаруына:

салымшының БЖЗҚ-дағы нақты зейнетақы жинақтарының сомасы мен зейнетақы жинақтарының ең төмен жеткіліктілік шегі арасындағы айырмадан аспайтын мөлшерде; немесе өмір бойғы төлемдерді көздейтін сақтандыру ұйымымен зейнетақы аннуитеті шарты жасалған жағдайда, салымшының БЖЗҚ-дағы шотындағы зейнетақы жинақтарының қалдығынан аспайтын мөлшерде берілуі мүмкін.

Зейнетақы жинақтарын бір немесе бірнеше ИПБ-ға аудару үшін салымшы БЖЗҚ-ға өтінішпен жүгінуі қажет. Өтініш БЖЗҚ-ның www.enpf.kz сайтындағы жеке кабинет арқылы немесе БЖЗҚ-ның кез келген өңірлік бөлімшесіне өзі келіп, өтініш білдіргенде берілуі мүмкін.

БЖЗҚ жеткіліктілік сомасынан асатын зейнетақы жинақтарының бір бөлігін салымшыдан өтініш келіп түскен күннен кейін күнтізбелік отыз күн ішінде ИПБ-ның сенімгерлік басқаруына аударуды жүзеге асырады. Салымшының зейнетақы жинақтарының қалған бөлігі Ұлттық банктің басқаруында қала береді.

ИПБ-ның инвестициялық басқаруына берілген зейнетақы жинақтары біржолғы зейнетақы төлемдері түріне жатпайды (тұрғын үй жағдайларын жақсарту және/немесе емделу мақсаттарына алынған жағдайдағыдай) және оларға ИПБ-ға аударған кезде жеке табыс салығы салынбайды.

БЖЗҚ-дан зейнетақы активтерін алғаннан кейін ИПБ оларды Ұлттық банк басқармасының 2014 жылғы 3 ақпандағы №10 қаулысымен бекітілген Инвестициялық портфельді басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыру қағидаларында көрсетілген және ИПБ инвестициялық декларациясында көзделген, яғни рұқсат етілген қаржы құралдарына инвестициялайды.

Зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңға сәйкес, ИПБ инвестициялық басқарғаны үшін комиссиялық сыйақы алуға құқылы. ИПБ сыйақысының шекті шамасы алынған инвестициялық табыстың 7,5% - ынан аспауы керек. Комиссиялық сыйақының нақты шамасын жыл сайын ИПБ-ның басқарушы органы бекітетін болады және ол жылына көп дегенде бір рет өзгеруі мүмкін.

Зейнетақы активтерін ИПБ-ның сенімгерлік басқаруына алғаш бергеннен кейін салымшы:

БЖЗҚ-ға өзінің зейнетақы жинақтарын бір ИПБ-дан екінші ИПБ-ға сенімгерлік басқаруға беру туралы өтінішті жылына көп дегенде бір рет беруге;
БЖЗҚ-ға ИПБ сенімгерлік басқаруындағы зейнетақы жинақтарын Ұлттық банктің сенімгерлік басқаруына қайтаруға (зейнетақы жинақтары ИПБ сенімгерлік басқаруына алғаш берілгеннен кейін екі жылдан ерте емес) өтініш беруге құқылы
Салымшы зейнет жасына жеткенге дейін күнтізбелік 10 күн бұрын салымшының зейнетақы жинақтары Ұлттық банктің инвестициялық басқаруына қайтарылады.

Зейнетақы жинақтары Ұлттық банктің басқаруында болған кезеңде салымшы зейнет жасына жеткенге дейін инфляция деңгейін ескере отырып, зейнетақы жинақтарының сақталуына кепілдік қолданылады. Зейнетақы жинақтарын ИПБ басқаруына аударған кезде мемлекет кепілдігі басқарушы компанияның зейнетақы активтері кірістілігінің ең төменгі деңгейін қамтамасыз ету жөніндегі кепілдігімен ауыстырылады. Кірістіліктің ең төменгі деңгейі нарықта әрекет ететін ИПБ-ның басқаруына берілген зейнетақы активтерінің орташа алынған кірістілігінен есептелетін болады. Зейнетақы активтері бойынша ең төменгі кірістілік және орташа алынған кірістілік көрсеткіштері туралы ақпарат ай сайын жарияланады.

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі инвестициялық портфельді басқарушыларға қатысты бекіткен талаптарға нарықта жұмыс істейтін және басқарушы компаниялар агенттігінің лицензияларына ие 18 компанияның алтауы сәйкес келеді:

First Heartland Jysan Invest;
BCC Invest АҚ – «Банк ЦентрКредит» АҚ-ның еншілес ұйымы»;
Halyk Global Markets АҚ («Қазақстан Халық Банкі» АҚ ЕҰ);
«Halyk Finance» Қазақстан Халық Банкінің ЕҰ» АҚ;
First Heartland Capital АҚ;
«Сентрас Секьюритиз» АҚ.
Просмотров материала: 681

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 123 306 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 123 138 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 122 779 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 122 803 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 123 111 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 8 476 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 7 653 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 7 720 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 10 909 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 11 054 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 20 433 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 8 321 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 6 649 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 6 546 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 5 353 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 7 455 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 16 653 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 5 319 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 6 667 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 5 432 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 5 428 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 5 268 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 5 113 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 5 360 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 5 291 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 16 822 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 7 167 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 5 147 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 5 364 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 5 692 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 5 116 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 5 130 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 5 174 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 5 097 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 5 330 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 5 482 Просмотров





Опрос


«    Ноябрь 2024    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930