9 сентября 2026 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Екі жол бар - таңдау өздеріңде!

Сонымен ел Президенті Тоқаев анонсы біраздан бері жер жарған жолдауын жариялады. Енді бүгін-ертең қазақстандық БАҚ-тар ақпараттық майданға шығады. Әлеуметтік желі белсенділері де қан-жоса боп қырылысуға дайын. Біраз бөлігі төбелесті бастап та кетті. Бірі Президент бағдарламасын даусы қарлыққанша жақтап жатыр, екіншілері өңештері үзілгенше даттауда. Таластың территориясы - қоғамдық сана.

Қалың бұқараның көзқарасы мен пікірін қалыптастыру үшін жүріп жатыр күрес
Тоқаевқа қарсы жақ "арт. подготовканы" әлдеқашан, бұдан ай бұрын-ақ бастап кеткен болатын. Бұл лагерьдің флагмандық кемелері "Азаттық радиосы" мен "Ел медиа" атты интернет арна. Басқа да бықы-тықы блогер сымақтар бар әрине. Бірақ бүгінде негізгі трендті жасап отырған осы екі БАҚ.

Екеуі де Президент бағдарламасы жарияланбай жатып, оны көрмей, оқымай-ақ, әлден сынап мінеумен болып жүрген. Хош. Президент те періште емес. Сынаса сынасын. Бірақ көзбен көрмеген, оқып, таныспаған дүниеге қалай сын айтуға болады? Соны түсіндіріңдерші маған.

Ондай әрекеттің бір ғана себебі және мақсаты болуы мүмкін. Ол - халықты әлі жарияланбаған бағдарламаға әу бастан қарсы қою. Қалың бұқараны негативтік көңіл-күйге моральдық жағынан дайындау. Ия, ондай да психологиялық әдістер бар политтехнологияда.

Жарайды, Тоқаевтың ресейшіл Президент болып кету қаупі бар деп есептейтін, сондықтан да оның әр қадамынан мін іздейтін "Азаттық радиосының" шетелдік құрылтайшыларын түсінуге болады дейік,. Олардың өз көздегені бар. Ал атышулы Гүлжан Ерғалиеваның басшылығымен жақында ғана ашылған "Ел медианың" неліктен туа сала Президентке жұлдызы қарсы болып жаралғаны, неліктен алғашқы ашылған күннен бастап басқа емес, дәл осыТоқаевты нысанаға алғаны белгісіз.

Бұл БАҚ-тың таңын кім атырғаны, кім қаржыландырып отырғаны да әзірге беймәлім. Кім тұр артында? Үлкен сұрақ белгісі. Сонымен, бұл медиа порталдың Президентке шүйліккендегі мақсаты мен мүддесі неде? "Ерғалиева и Ко"-ның барлық хабарларындағы негізгі әңгіме "қаңтар оқиғасы". Ол түсінікті де.

Тоқаевқа қарсы ойнасаң алдымен осы картадан жүресің. Бұл қазір "козырный" карта болып тұр. Сондықтан оны, Президенттің оппоненттері әлі ұзақ ойнататын болады. Бірақ, дәл осы медиа-ресурстың журналистері бұл картаны орайы келсін, келмесін, ретті де, ретсіз де жерінде пайдалануына қарағанда "Ел медиа" Тоқаевқа қарсы жұмыс істеуге нақты тапсырыс алған сыңайлы. Бірақ, кімнен, қайдан? Ол жағы президенттік сайлау уақыты жақындаған сайын көріне бастайтын шығар.

Бір нәрсе анық. Өзі де орыс тілді журналист және өмір бойы орыс тілі мәртебесін жан жүрегімен жақтап, қорғайтын Гүлжан Ерғалиеваның қара домалақ қаңтар боздақтарына жаны ауырғаннан Тоқаевқа шүйлікті дегенге өз басым аса сенбеймін. Бұл жерде екі себеп болуы мүмкін.

Не Тоқаевтың әлі де билікте көптеп отырған астыртын оппоненттері ашты бұл ресурсты, немесе Гүлжанның, кезінде Рахат Әлиевке сатқан "Свобода слова" газеті сияқты, кезекті коммерциялық жобасы. Кезі келіп, кемеліне жеткенде пұл қылып сату.

Ал енді Тоқаевтың жақтастарына келейік. Бұл жерде ресурс көп, ақпараттық қару жетерлік. Теле арналар мен радио, газет пен блогерлер. Кәкүр-шүкір эксерттер де жетіп артылады.Не керектің бәрі бар. Тек олардың сапасы Украин жерінде сынып, қирап, жүрмей жатқан Ресей танкілері секілді. Гүжіл бар да, ұшқын жоқ. Түтін бар да, отын жоқ.

Көресіздер, ертең бұлар жолдаудан жұлып алған жекелеген цитаталарды айналдырып қайталаумен шектеледі. Сонымен елді әбден мезі қылады. Не тіптен жирендіреді.Әлден-ақ сондай қарабайыр тәсілге негізделген материалдар шыға бастады. Есесіне, бағдарламаның әр бабын жеке талдап, жіліктеп, қалың халыққа жететіндей етіп түсіндіретін сарапшылар жоқтың қасы.

Бір сөзбен айтқанда осындай екі лагерь бүгін-ертең және алғашқы апталарда өзара шайқасқа түседі.
Тоқаев соңғы сөздерінің бірінде "біз қаңтар оқиғасынан кейінгі аралықта ақпараттық шайқаста жеңілдік" деп еді. Енді осы жолы да жеңіліске ұшыраса, онда екінші президенттік мерзімнен үміт үзе беруіне болады.

Сондықтан бәске тігілген жеңістің құны әсіресе қымбат. Не қоғамдағы "деназарбаевизация" жалғасын тауып, өткеннен біржола арыламыз, не сол бәз-баяғы үмітсіз қара түнек қалпымызға қайта түсемз. Таңдау өздеріңде, достар.

Бір ғана айтарым. Осы уақытқа дейін өмірден көргенім мен түйгенім болса, ол бір нәрсе. Ондаған жылдарға созылған былықты бірер жылда аршып тазалау мүмкін емес. Бүгінгі Президенттің бағдарламасында бірталай тың ұсыныстар жасалды. Дәл қазір мен оның бәріне тоқталып жатпаймын. Алайда, ішінде елімізді бір қадамға болса да ілгері жылжытатын бірнеше шешім бар екенін санасы ояу, көзі ашық азаматтар байқады ғой деймін. Солардың мән-мағынасын қалың елге жеткізу қажет. Бірақ оны кім жүзеге асырады? Бұл да үлкен сұрақ.

Мұхтар Түменбай, журналист

Facebook
Автор: Мұхтар Түменбай -
Просмотров материала: 5 643

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 217 070 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 216 743 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 216 244 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 216 289 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 216 660 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 13 545 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 12 583 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 12 905 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 17 571 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 17 624 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 25 818 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 10 806 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 7 909 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 7 572 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 6 445 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 9 393 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 17 684 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 6 425 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 7 831 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 6 624 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 6 450 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 6 296 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 6 149 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 6 494 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 6 382 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 17 867 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 9 220 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 6 196 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 6 442 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 6 828 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 6 179 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 6 130 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 6 262 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 6 205 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 6 436 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 6 582 Просмотров





Опрос


«    Сентябрь 2026    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930