24 ноября 2024 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



МӘСІМОВПЕН МӘСЕЛЕ БІТПЕЙДІ

МӘСІМОВПЕН МӘСЕЛЕ БІТПЕЙДІ
"Бүгін ҚР Парламенті Мәжілісі жалпы отырысында Бас прокурор бастаған күштік құрылымдар басшыларының барлығы келіп есеп берді. Бұл парламенттегі депутаттық сауалдарымыздың нәтижесі деп білеміз.

Атап айтқанда, биыл 26 қаңтарда ҚР Парламенті Мәжілісі депутаты Қазыбек Иса ҚР Бас Прокурорына “МЕМЛЕКЕТТІК ТӨҢКЕРІС ЖАСАМАҚ БОЛҒАНДАР ТҮГЕЛ АНЫҚТАЛЫП, ЖАУАПҚА ТАРТЫЛУЫ ТИІС!” - атты “Ақ жол” партиясы фракциясының депутаттық сауалын жариялаған еді. Бұл ел күткен маңызы зор депутаттық сауалға “Ақ жол” фракциясының барлық 12 мүшесімен бірге “Нұр Отанның” 6 депутаты, Халық партиясы мен Халық Ассамблеясынан бір-бір депутаттан, барлығы 20 депутат, яғни парламенттегі 4 фракция өкілдері түгел қолдап, қол қойған болатын.
Бұдан кейін де «Ақ жол» фракциясы мүшесі Берік Дүйсембинов те Бас прокурорға сауал жасады. Сонымен қатар таяуда Мәжілістегі «Жаңа Қазақстан» депутаттар тобының атынан Жанарбек Әшімжан да Бас прокурордың ауызша жауап беруі туралы депутаттық сауал жариялаған еді.
Біз бүгін Мәжілістің осы жалпы отырысындағы депутат Қазыбек Исаның сөзінің толық нұсқасын жариялап отырмыз.

ХАЛЫҚ АҚИҚАТТЫҢ АШЫҚ АЙТЫЛУЫН КҮТІП ОТЫР

Қаңтардағы қасірет елімізді дүр сілкіндіріп, есімізді жиғызды. Ода айтып келген 30 жылдағы қателікткерімізді әлемге әшкере етіп, жайып салды. Отыздыққа кіргізеді деген отарбамыз оталып тұрғаны болмаса, ешқандай алға қарай жылжымағанына куә болдық…

МЕМЛЕКЕТТІК ТӨҢКЕРІСТІҢ ҰЙЫМДАСТЫРУШЫЛАРЫ КІМДЕР? Бәрі ТҮГЕЛ АНЫҚТАЛЫП, ТЕГІС ЖАУАПҚА ТАРТЫЛУЫ ТИІС.

Мәселе Мәсімовпен ғана біте қалмайтынын, мәнісі тым тереңде жатқанын елдің бәрі жақсы біліп отыр!

Сондықтан барлық шындық ашық айтылғанда ғана ел билікке сенеді. Әйтпесе , сенімге селкеу түсіп, саяси ереуіл жалғаса береді.

Мемлекеттік төңкеріске әрекет - мемлекеттік жүйенің сырқатын білдіреді. Ендеше, диагнозын дәл қойып, емдеу керек.

Қаңтар қасіреті қайталанбауы үшін күштік құрылымдарды, ең алдымен

Ұлттық қауіпсіздік комитетін тазалау қажет.

Қорғаныс министрлігі атына сай болуы тиіс.

Сыналап сырттан келген, барлық дайындықтан өткен қаптаған лаңкестер мен содырлар елімізге қалай кірген? Елімізде мемлекетке қарсы төңкеріс ұйымдастырылуына біздің арнаулы органдар неге жол берген?

Бұл туралы мемлекет басшысы үндеуінде ашық айтып, қатал сынады.

Ұлттық қауіпсіздік комитеті ұлтқа қауіпті лаңкестерге неге тосқауыл қоймаған? ҚР ҰҚК Шекара қызметі мен қалалық полиция департаментінің Көші-қон қызметі басқармасы қызметкерлері күдікті жастарды елге кіргізуге, тіркеуге қалай жол берген? Олардың Қазақстанға қашан кіргені, оқиғаға қатысушылардың қанша уақыт өмір сүргені және Алматыда не істегені туралы нақты мәлімет бар ма? Бұл қалай десек те, ҰҚК мен көші-қон полициясының кемшілігі екені анық.

Өйткені, жаңа жыл қарсаңында, жылдың басында көп жастардың келу-кетуі туралы деректер болуы тиіс. Олардың қанша екенін, қайдан, қашан келгенін білгіміз келеді.

Бірақ, қандай да бір себептермен Отанымызға отты нүктелерден келген күдіктілердің көп болуы бұл органдардың бақылауынан тыс қалды. Бұл сын оларды “тіркеуден” өткізген көші-қон полициясына да қатысты.

Жалпы, Қазақстанда жүрген шетелдіктерді бақылауда ҰҚК мен көші-қон полициясы арасындағы үйлестіру өте әлсіз.

Қаңтар оқиғасына қатысушылардың көпшілігі жалдамалы пәтерлерде тұрған. Ал бұл тағы да жалға берілетін тұрғын үй нарығының дұрыс реттелмегенін, бақылаудан тыс екенін көрсетеді.

Қаңтар оқиғасынан кейін полицейлер жалдамалы пәтерлерді шолып өткен көрінеді. Мұндай тексеру жұмыстары қаншалықты жүргізіліп, қандай нәтиже берді?

Қаңтар оқиғасын ҰҚК-ден көптеген адамдар білгені немесе өздері де қатысқаны белгілі. Олардан қаңтар оқиғасына қатысушылар туралы қандай ақпарат ала алдыңыздар?

Ереуілші жастарға бойларындағы үрейді жоятын, отқа да, оққа да қойып кететін есіпткілік таблеткалар таратқаны туралы ақпарат айтылды, олар кімдер, анықталды ма?

Қаңтарда болған қақтығыстарға қатысқан жекелеген діни радикал топтардың ұсталғаны белгілі. Бұлар туралы қандай ақпарат айта аласыздар?
“Ақ жол” партиясы талай жылдан бері Дін туралы заңға радикалды теріс ағымдарға тосқауыл қою туралы бап енгізу жайлы ұсыныс жасап келеміз. Он жыл бұрын бұл мәселені билік те қолға алып, барлық министрлік пен ведомостволар, Бас прокуратура мен Жоғары сот та қолдағанда, тек Ұлттық Қауіпсіздік комитеті келіспей қойып, осы тыйым салу заңға енбей қалды. Сол кезде біз “Қазақ үні” газеті мен ұлттық порталында: “Ұлттық қауіпсіздік комитеті - ұлтқа қауіпті комитет пе?”-деген мақала да жазған едік. Енді сол күдігіміз қаңтар қасіретінде расқа айналды.

Қазақстан Республикасы Терроризмге қарсы орталығының мәліметі бойынша, 2019 жылдың аяғында Қазақстанда 20 мыңнан астам деструктивті діни идеологияны ұстанушылар өмір сүргенін естен шығармайық. Ал шын мәнінде бұл сан одан әлденеше есе көп екені белгілі.

Діни радикализмге заңмен тыйым салатын кез жетті!

Біз Алматыда, Шымкентте, Таразда, Қызылордада, Талдықорғанда қамалған жастар ата-аналарымен кездестік.

“Ақ жол” партиясы төрағасы Азат Перуашев екеуміз Тараз қаласындағы тергеу изолияторына барғанда 6 камерадағы 68 тұтқынды араладық. 14-ін жеке қабылдап сөйлестік.

Тұтқынға алынғандардың жартысынан көбі ұстаған алғашқы күндері болған азаптау мен ұрып-соғу туралы айтты. Бізге қатыгездігімен ерекшеленген 3 тергеушінің нақты аты-жөні аталды. Бұлардың үстінен қылмыстық іс қозғалған.

Жалпы, жастар жаза басқандарын мойындап, істеген қателіктеріне өкінеді. Қапасқа (камера) кіргенде бізге құтқарушылар келгендей үлкен үмітпен қарады.

“Сотталып кетсек, өмірбаянымызға қара таңба түседі. Бүгін әкелеріміз бен аналарымызға, ертең балаларымызға не айтамыз?!. Сондықтан кешірім жасауды сұраймыз”-дейді жас жігіттер.

Иә, жалындаған жас шағында ел қамы үшін деп ереуілге шыққандарға ілесіп, аяғында арандатушылардың бүлігімен қанды қасіретте түрмеден бір-ақ шыққан өрімдей жас қазақ жігіттеріне қарап жаның ашиды. Президент айтқандай, “ауырлататын мән-жай болмаса, жазаларын жеңілдететін” кез келіп тұр.

Жаза басқан, адасқанына өкініп, кешірім сұраған жастарымызды кешіре алмасақ, мемлекеттігіміз қайсы?

Бас прокуратураға жазған депутаттық сауалдарымыздың нәтижесі әлсіз. Басында босатқан жастарды кейін тергеушілердің қайта шақырып жатқаны туралы шағымдар түсуде.

Бас прокурордың біздің депутаттық сауалымызға берген жауабында тергеп-тексерудің тыйым салынған əдістері, билікті жəне лауазымдық өкілеттіктерді асыра пайдалану туралы 252 шағым түскенін, оның 197-ісіне қылмыстық іс қозғалғанын айтады.

Олардың ішінде Талдықорғандағы атышулы үтік пайдалану, Атырау қаласындағы «Динамо» спорт кешеніндегі ұсталғандарды ұрып соғу, құқық қорғау органдары ғимараттарына жеткізілген адамдардың қаза болуы фактілері бойынша істер бар.

“Полиция - ел қорғаны” деген атқа лайық болып, құрбан болған полицейлер мен әскерлердің ерлігі үлгі болуы тиіс. Ең алдымен Қорғанысымызды мықты етуіміз керек!

Құзырлы органдарды ел басына күн туғанда сатып кеткендерден түгел тазарту керек! Жаңа басшыларына Президент пен парламент алдында Ант қабылдату керек! Мемлекеттік тілде ғана жазылуы тиіс Антты түсініп, түйсіне алатындарды ғана басшылыққа тағайындау керек! Өйткені, Тілін қорғай алмағандар Елін де қорғай алмайды!

Иә, қазір күштік құрылымдарда жаппай тазалау жұмыстары жүруде. Бірақ “шаш ал десе, бас алатындар” тазалау науқанын жазалау науқанына жалғастырып жіберіп жатқандары да байқалуда…

Жазықсыз жандарды атып, арандатушылық жасаған күдікті күштердің шабуылынан олардың интернеттегі іріткі салып, арандатушылық шабуылдары да ешбір кем соғып жатқан жоқ. Мемлекетті құлату үшін елге үрей туғызып, манипулияция жасап, сананы улауды өте күшті меңгерген олардың бұл вирус таратуы әлі жалғасуда. Фейк ақпараттар ағыны елді адастыруда. Ал біздің құқық қорғау органдары өздерінде бар ақпараттардың өзін айта алмай, жариялай алмай, ақпараттық соғыста жеңіліс табуда.

Ел басына түскен бұл ауыр сынақ кімнің кім екенін көрсетті?

Мемлекеттік төңкеріс жасамақ болғандар өз мақсаттарына жетуі үшін тіпті, ең қасиетті Тәуелсіздігіміздің өзін құрбан ете жаздады. Ел басына күн туғанда - Ер басына күн туған барлық ауыр сынақты Тоқаев Мемлекет басшысы және Бас қолбасшы ретінде көтере біліп, мемлекетті, Тәуелсіздікті сақтап қалды.

Халықтың елден күтетіні шындық. Ақиқаттың айтылуы. Қазір ел шындықты тек мемлекет басшысынан ғана естуде. Оған дейін өлі тыныштық. Үкімет, Бас прокуратура бастаған құқық қорғау органдары, сіздер президент көлеңкесіне тығылудан қашан шығасыздар?

Жаңа Үкіметтің жаңаша жұмысын қашан көреміз?. Ауыл сол баяғы тозып барады. Бір салаға бірнеше басшы болса да, бір-біріне сілтеп, ешкім ешнәрсе шешпейді. Шенеуніктер елмен қалай сөйлесуді білмейді. Үкіметтің әрекетсіздігі сонша, егер барлығын әкімдермен қосып бірер күн басқа жаққа әкетіп қалса да, елде ешнәрсе өзгермейтін жағдайға жеттік. Ендеше олардың не керегі бар?..

Бізге Елдің жағдайын жақсартатын, ХАЛЫҚТЫҢ ТІЛІНДЕ СӨЙЛЕСЕ АЛАТЫН ҰЛТТЫҚ ҮКІМЕТ КЕРЕК!

Пандемия, яғни тәжтажал індеті басталып, ел қынадай қырылғанда Президент Тоқаевтың “Біздің мемлекеттік басқару жүйеміз күйреп тұр” деген еді. Енді қаңтардағы қасірет құқық қорғау орындарындағы, Ұлттық қауіпсіздік комитеті мен Қорғаныс саласындағы, Ішкі істер саласындағы жүйелердің қаусағанын тағы да көрсетті.

Яғни, тәжтажал мен тәжталас біздегі барлық жүйелер түгел қирағанын әшкерелеп берді.

Еліміздің бар байлығының жартысынан астамын 55 пайызын 162 адам ғана иеленіп алғанын алғаш рет ашық айтылды. Ал қалған 19 милионнан астам бүкіл халықтың жартысынан астамы кедей екені, бір миллионнан астам адамның жағдайы кедейлік шегінен де төмен екені мәлім болды.
Парламентте “Ақ жол” фракциясы 10 жылдан бері көтеріп келе жатқан шетелдердегі офшорлық аймақтарға кеткен 167 млрд долларды қайтару мәселесі күн тәртібіне қайта шықты. Президент атап айтып, арнайы тапсырма берді, енді тиісті органдар не қарап, кімді күтіп отырсыздар? Ел жағдайы қиын, ал біз халық қазынасынан ұрланған миллиардтарды қайтара алмай қарап отырмыз?!

Негізі, олигархтардан қайыр тілегендей сұрап отырғанша, Менделеев кестесінің бәрі табылатын қазақ жерінің қазба байлығын, кенен кенішін түрлі құйтырқы заңсыз жолдармен қолға түсіріп байығандардан сол байлықтың, кемінде 80 пайызын, ал қазба байлық орындарын түгел қазынаға қайтаруды қатаң талап ету керек!

Өйткені, ол қазба байлықтар олардың да, ешкімнің де ата-бабасынан қалған мұра емес, Құдай берген қалың Қазақтың байлығы!

Мысалы, Сауд Арабиясында қазынадан ұрланған қаржыны түгел қайтарғанша, ханзадалар мен миллиардерлер бірнеше ай үйқамақта (қонақүйлерде) отырған... Нәтижесінде, мемлекетке 100 миллиард доллардан аса қаржы қайтарылған.

Ал Қазақстанның ұрланған қаржыларының көлемі Сауд Арабиясының «саудасын» ондаған есе орап кетері анық!

Қаңтардағы ереуілге ауыл жастары көп қатысты. Өмір бойы ауылда тұрса да, алақандай да жер ала алмай, жұмыссыз қалғандар. Сондықтан, кезінде ауылда тұрмай-ақ алапат ауқымдағы жер көлемін иеленіп алған ірі латифундистер жерінің 80 пайызын жұмыссыз ауыл тұрғындарына, шаруалар мен фермерлерге қайтарымсыз беруі тиіс.

ҚАЗЫНАҒА БАЙ, КЕНГЕ ТОЛЫ ЕЛДЕ КЕДЕЙЛЕР БОЛМАУЫ ТИІС!

Кедейліктен көшеге шығудың соңы не болғанын қанды қаңтар көрсетті...

Сыбайлас жемқорлық арқылы, соның ішінде көптеген оффшорлық компаниялардан алынған капиталды қайтару процедурасын шұғыл бастау қажет.

Қаңтардың қанды қырғынында көшеге пұл үшін ғана емес, тіл үшін де шыққан жастардың көбісі ешнәрсе жоғалтпайтындар еді. Өйткені олардың қолында ешнәрсе болған жоқ. Басында баспана жоқ, жер жоқ, жұмыс жоқ - тауып жатқан пұл жоқ. Көретін күн жоқ! Арызын айтып барса, мекемелерде Қазақша тіл жоқ! Яғни, дым жоқ! Көшеге шықпағанда қайтеді енді?

Қақаған қыстағы дүкенге тастап кеткен жаздық аяқкиім - елдің 30 жылдық экономикалық көрсеткіші.

Ал оның иесінің дүкен тонауы - 30 жылғы ұлтсыздық идеологияның көрсеткіші.

Бұл - 30 жыл Ұлттық идеологияның жүргізілмегенінің көрінісі!

Мемлекет басындағылар миллиардтап тонауды заңдылыққа айналдырса, олар да дүкеннен аяқкиім ұрлауды заңды өз үлестері деп білді.
Елдің әлеуметтік-экономикалық жағдайын жақсарту үшін, мемлекетшілдік-ұлтшылдық сана қалыптастырып, саяси ұстанымымыз берік болуы үшін ең алдымен 30 жыл күткен Ұлттық идеологиямызды жолға қою - ең басты міндетіміз болуы тиіс! Ұлттық идеологиялық концепция қабылдауға тиіспіз!

ҚАСІРЕТ ҚАЙТАЛАНБАУЫ ҮШІН ҰЛТТЫҚ КЕЛІСІМ ЖАСАЛУЫ КЕРЕК

Бұл қанды бүліктің қайталанбауы үшін Ұлттық келісім қажет. Барлық заңсыз қамауға алынған демонстранттарды босатып, қайғылы оқиғаларды объективті түрде тергеуді, мемлекеттік төңкерістің басшылары мен қосшыларын, орындаушыларды, қолдары қан содырларды, қарақшыларды және т.б. тұтқындап, қатаң жазалануы қажет. Бұл туралы парламентте «Ақ жол» фракциясы екі рет депутаттық сауал жасады.

Енді түтіні түзу шығатын ел ретінде үкімет пен барлық қоғам, элита бірлесіп, Президент жанына топтасып, Ұлттық келісім жасалмаса, Тәуелсіздігімізге қауіп төне береді.

Олигархтар қаржысын мемлекетке қайтаруы және латифундистердің жер телімдерін ауылдағы жерсіз, жұмыссыз шаруаларға беруі туралы мәселе осы Ұлттық келісім аясында заңды құжатпен жасалуы тиіс.

Ұлттық келісімге келуде Ұлттың зиялы қауымы үнсіз қалмауы керек.

Мұнда Азаматтық қоғамның позициясы үлкен рөл атқарады.

Кезінде соғыстан кейін Жапония мен Германия осындай Ұлттық келісімге келіп, Ұлттық идеяны ұстанып, біртұтас қоғамға айналуының арқасында әлемде мықты елдерге айналды. Кінәлілері халықтан кешірім сұрап, тәубеге келді. Бізде де сондай Рухани тазару, арылу қадамы басталуы қажет.

ҰЛТТЫҚ БІРЛЕСУ ТӘУЕЛСІЗДІКТІ САҚТАП ҚАЛУ ҮШІН ҚАЖЕТ

Ел аман, жұрт тыныш болсын!

Ақ жол!"

ҚР Парламенті Мәжілісі депутаты Қазыбек Исаның желідегі жазбасы.
Автор: Қазыбек Иса -
МӘСІМОВПЕН МӘСЕЛЕ БІТПЕЙДІ
Просмотров материала: 621

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 123 501 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 123 332 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 122 973 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 122 997 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 123 305 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 8 490 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 7 663 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 7 732 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 10 924 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 11 068 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 20 448 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 8 326 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 6 652 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 6 548 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 5 357 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 7 460 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 16 656 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 5 324 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 6 669 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 5 434 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 5 430 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 5 271 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 5 116 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 5 362 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 5 294 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 16 825 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 7 173 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 5 149 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 5 368 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 5 696 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 5 118 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 5 135 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 5 177 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 5 100 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 5 333 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 5 484 Просмотров





Опрос


«    Ноябрь 2024    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930