6 мая 2025 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Қазақстанда митинг, пикет, шеруге шығу тәртібі қандай? Басты 10 сұраққа жауап

05 март 2022, 12:36
Қазақстанда митинг, пикет, шеруге шығу тәртібі қандай? Басты 10 сұраққа жауап
Елімізде соңғы жылдары қоғам белсенді, олар өзекті тақырыптарды жиі қозғап, митинг, пикет,шеруге шығып жүр. Осы орайда бейбіт шерулердің ереже-талаптарын білген маңызды. Tengrinews.kz тілшісі топ-10 сұраққа жауап іздеді.

Демонстрация, митинг, пикеттеу мен шерудің айырмашылығы қандай?

"Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы" заңда әрқайсына анықтама берілген.

Мысалы демонстрация - қоғамдық маңызы бар мәселелер мен адамдардың және органдардың, ұйымдардың әрекеттері мен әрекетсіздігі бойынша пікірін жария білдіру мақсатында ұйымдастырылады. Қазақстандықтар белгілі бір уақытта белгілі бір маршрут бойынша қозғалады, онда көлік құралдарын, дыбыс күшейткіш техникалық құралдар, плакаттар, транспаранттар және өзге де көрнекі үгіттеу құралдарын пайдалануға болады. Ал митингіде халық бір орынға шоғырланады.

Пикеттеу - бір адамның белгілі бір жерге, белгілі бір уақытта келіп, қозғалыссыз және дыбыс күшейткіш техникалық құралдарсыз плакатпен шығуы.

Шеруде адамдар көлік құралдарын пайдаланбай, белгілі бір уақытта, белгілі бір маршрут бойынша жүріп өтеді, мұнда да көрнекі үгіттеу құралдары пайдаланылады.

Сондай-ақ, заңда бейбіт акцияны "ұйымдастырушы", "қатысушы" және "журналистің" құқықтары мен міндеттері белгіленеді.

Қазақстанда қазір бейбіт митинг өткізу тәртібі қандай?

Алдымен жергілікті атқарушы органға бейбіт жиналыстар өткізу туралы хабарлама немесе келісім алу туралы өтініш жазу керек. Үгіттеу жұмыстары Қазақстан Республикасының заңдарында тыйым салынбаған кез келген тәсілдермен жүргізіледі.

Ал ұйымдастырушы мемлекеттік кауіпсіздікті, қоғамдық тәртіпті, денсаулық сақтауды, басқа адамдардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауды қамтамасыз ету мақсатында бейбіт жиналыстарға қатысушылармен түсіндіру жұмысын жүргізеді.

Бейбіт жиналыстар өткізу кезінде қоғамдық тәртіп сақталуы тиіс.

"Рұқсат берілмеген жағдайда митинг заңсыз болып, әкімшілік жауапкершілік қарастырылған. Талаптар еліміздің барлық өңірінде бірдей", - дейді Шымкент қаласы адвокаттар алқасының адвокаты Мұхамедияр Дүйсенғали.

Бейбіт акцияны жергілікті өкілді билік органы (мәслихат) белгілеген арнайы орында ұйымдастырылады. Пикеттеуді қоспағанда, өзге орындарда бейбіт жиналыстар өткізуге тыйым салынады. Пикетті қауіпті өндірістік объектілерге және пайдалануы арнайы қауіпсіздік техникасы қағидаларын сақтауды талап ететін өзге де объектілерге іргелес жатқан аумақтарда өткізілмейді.

Ұйымдастырушы немесе ұйымдастырушының өкілі болмаған жағдайда бейбіт жиналыстар өткізуге жол берілмейді.

Бейбіт жиналыстарды ұйымдастырушының қандай құқықтары бар?
Ұйымдастырушының құқығы бейбіт шеру туралы заңда бекітілген.

Ол пікірлерін, талаптарын жария білдіруге, бейбіт жиналыстар өткізу кезінде шешімдер қабылдауға;
азаматтардың талаптарына, өтініштеріне қол жинауды ұйымдастыруға;
бейбіт жиналыстарды тоқтата тұруға немесе тоқтатуға;
бейбіт жиналыстар өткізуден бас тартуға;
аудиовизуалды техника құралдарын пайдалануға, сондай-ақ бейне және фототүсірілім жасауға болады.

Бейбіт жиналыстарды кім ұйымдастыра алмайды?

Сот әрекетке қабілетсіз не әрекет қабілеті шектеулі деп таныған немесе сот үкімімен жазасын өтеу кезеңінде түзеу жұмыстары, қоғамдық жұмыстарға тарту, бас бостандығын шектеу, қамаққа алу, бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындалған қазақстандық;
жаппай тәртіпсіздіктерге қатысқаны, мемлекетке опасыздық жасағаны, тыңшылық, экстремистік және террористік қылмыстар, бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібін бұзғаны үшін өтелмеген немесе алынбаған сотталғандығы бар;
тіркеуден өтпеген заңды тұлға;
заңда белгіленген тәртіппен тоқтатыла тұрған немесе тыйым салынған ұйым бейбіт жиналыстарды ұйымдастырушы бола алмайды.

Бейбіт жиын өтетінін қанша күн бұрын хабарлау керек?

Пикеттеу, жиналыс, митинг өткізу туралы хабарламаны ұйымдастырушы бес жұмыс күнінен кешіктірмей қағаз түрінде немесе электрондық цифрлық қолтаңба қойылған электрон құжат ретінде береді.

Ал жергілікті атқарушы орган хабарлама тіркелген күннен бастап үш жұмыс күні ішінде бейбіт жиналыс ұйымдастырушысына жауап беруі тиіс, болмаса, ұйымдастырушы берілген хабарламаға сәйкес бейбіт жиналыс өткізеді.

Бейбіт жиын өткізуге өтініш/хабарламада міндетті түрде не жазылуы тиіс?

Бұл құжатта бейбіт жиналыстың мақсаты, өтетін орны, ұйымдастырушының, оның өкілінің аты-жөні, жеке сәйкестендіру нөмірі, тұрғылықты жері немесе уақытша тұратын жері не бейбіт жиналыстарды ұйымдастырушы заңды тұлғаның атауы, бизнес-сәйкестендіру нөмірі, орналасқан жері жазылады. Оның басталатын және аяқталатын күні, уақыты, қатысушылардың болжамды саны, киіз үйлер, шатырлар мен өзге де құрылысжайлар орнату туралы мәліметтер иен регламент те көрсетілуі тиіс.

Қандай жағдайда атқарушы орган бейбіт жиналыстар өткізуден бас тара алады?

Нәсілдік, ұлттық, әлеуметтік, діни араздықты қоздыратын, конституциялық құрылысты күштеп құлатуға шақыратын, қоғамдық тәртіп пен азаматтардың қауіпсіздігіне қатер төндіретін;

әскери немесе төтенше жағдай енгізілген жағдайда және заңда көзделген өзге де негіз болғанда бейбіт жиын өткізуден бас тарту (рұқсат бермеу - ред) қарастырылған.

Талаптар жазбаша түрде қаралады, әкімдіктің міндеті бейбіт митингіге шығуға рұқсатты қарау.

Митингіге шыққандарға қандай талап қойылады?

Бейбіт жиналыстарға қатысушыға:

1) Қазақстан Конституциясын, заңдары мен өзге де нормативтік құқықтық актілерін бұзуға, жаппай тәртіпсіздікке, әлеуметтік, нәсілдік, ұлттық, діни, тектік-топтық және рулық алауыздықты қоздыруға үндеуге, билікті басып алуға немесе ұстап тұруға, Қазақстан Республикасының конституциялық құрылысын күштеп өзгертуге насихаттауға немесе жария үндеуге;

2) көліктің, инфрақұрылым объектілерінің іркіліссіз жұмыс істеуіне, сондай-ақ бейбіт жиналыстарға қатыспайтын адамдардың еркін жүріп-тұруына кедергі келтіретін әрекеттер жасауға;

3) бейбіт жиналыстар өткізу кезінде мемлекеттік органдардың, ұйымдардың, лауазымды адамдардың адам мен азаматтың өмірін, денсаулығын, құқықтары мен бостандықтарын, қоғам мен мемлекеттің мүдделерін қорғау, қоғамдық тәртіпті қорғау және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі шаралар кешенін орындауы кезінде олардың қызметіне кедергі келтіруге;

4) бейбіт жиналыстарды ұйымдастырушыда жергілікті атқарушы органның тиісті келісімі болмаған кезде киіз үйлер, шатырлар, өзге де құрылысжайлар орнатуға;

5) өзімен бірге қару алып жүруге;

6) алкоголь өнімін, есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді таратумен және тұтынумен айналысуға, сондай-ақ алкогольдік, есірткілік және уытқұмарлық масаң күйде болуға;

7) денсаулықты сақтауға арналған жеке қорғаныш құралдарын қоспағанда, бет-әлпетін тануға кедергі келтіретін киім-кешекті және өзге де заттарды пайдалануға;

8) бейбіт жиналыстар өткізу кезінде Конституция және заңдар мен өзге де нормативтік құқықтық актілерді бұзуға, әлеуметтік, нәсілдік, ұлттық, діни, тектік-топтық және рулық алауыздықты қоздыруға бағытталған нышанды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес тыйым салынған террористік немесе экстремистік ұйымдардың нышанын, иллюстрациялық материалдарын пайдалануға;

9) бейбіт жиналыстарға қатысқаны үшін материалдық сыйақы алуға тыйым салынады.

Қандай жағдайда митингіге шыққан адам әкімшілік жазаға тартылады?

Адвокаттың айтуынша, заңда көрсетілген талаптар орындалмаса, бейбіт жиынды рұқсатсыз ұйымдастырған жағдайда әкімшілік жаза қарастырылған. Ал тәртіп бұзса, қылмыстық жаза да бар.

Митингіден ұстап әкеткенде не істеуі керек?
"Қарсылық көрсетпей құқық қорғау органдарының заңды талаптарын орындап кезекші прокурорды, телеканалды шақыруға құқықлы", - деді Мұхамедияр Дүйсенғали.
Просмотров материала: 618

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 146 878 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 146 687 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 146 344 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 146 365 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 146 670 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 9 678 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 8 831 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 8 977 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 12 547 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 12 750 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 21 758 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 8 975 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 6 886 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 6 767 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 5 588 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 7 726 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 16 880 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 5 546 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 6 911 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 5 644 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 5 647 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 5 490 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 5 335 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 5 583 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 5 527 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 17 037 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 7 455 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 5 370 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 5 605 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 5 958 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 5 365 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 5 349 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 5 392 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 5 335 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 5 560 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 5 710 Просмотров





Опрос


«    Май 2025    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031