17 ноября 2026 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Қоғам белсендісі жаңа партияның құрылатынын мәлімдеді

17 февраль 2022, 16:01
Қоғам белсендісі жаңа партияның құрылатынын мәлімдеді
Қоғам белсендісі, кәсіпкер Санжар Боқаев Namys атты жаңа саяси партияның құрылатынын мәлімдеді.

Оның айтуынша, партия цифрлық форматта жұмыс істейді. Оған заман талабына сай және ойы озық жастар кіреді.

"Қаңтардағы оқиғалар біздің санамызды өзгертті. Біз өмірге, болып жатқан оқиғалар мен қазіргі жағдайға басқаша қарайтын болдық. Партияны құрудың негізгі себебі де сол. Біздің партиямыз цифрлық ұйым болады. Ал негізгі қозғаушы күші - біздің жастарымыз", - деді Боқаев Алматыда өткен таныстыру рәсімінде.

Оның сөзіне қарағанда, партияның негізгі құндылығы адам, ал миссиясы – адамдарға арналған мемлекет құру.

"Бұл партияны өзім үшін құрып жатқан жоқпын. Ол халықтық партия болады. Төрағаны сайлаймыз. Сол адам партияны басқарады", - деп атап көрсетті қоғам белсендісі.

Санжар Боқаев партияның бірнеше реформасын да жариялады. Саяси ұйым алдымен ашық, тәуелсіз және әділ сот жүйесін құруды көздейді. Сондай-ақ, құқық қорғау мен қорғаныс саласындағы реформаларды да бір уақытта жасау қажет.

"Екіншіден, жемқорлықпен күрес. Халықтың ақшасына сатып алынған шетелдегі активтерді елге қайтаруымыз қажет. Төртіншіден, толыққанды саяси трансформация жасауымыз қажет. Біз әділ әрі тәуелсіз сайлау жүйесін құруымыз керек. Жаңа партиялар болуы шарт. Кандидатураны өздігімен ұсыну құқығын қайтаруымыз қажет. Неге біз партияның кімді таңдайтынын білмей, оған барып, дауыс береміз? Шын мәнінде, партия жетекшілері парламент мәжілісіне өз депутаттарын қояды. Сосын біз әкімдерді өзіміз сайлауымыз қажет", - дейді Боқаев.

Партия бағдарламасына мәдени революция да кіреді. Мемлекеттік аппараттың қысқартып, тиімділігін арттыру қарастырылған. Осы саладағы кадрлық саясатты түбегейлі өзгерту жоспары бар.

Халықты сапалы білім мен медицинамен қамтамасыз ету, сондай-ақ, жастар үшін зауыттар салу бағыты да енгізіліп отыр.
"30 жылдың ішінде өнеркәсіпті дамытуға бөлінген триллиондаған теңгеге көптеген өндіріс ошақтарын ашуға болатын еді. Алайда соның орнына салтанатты түрде лента қиылып, бір күндік зауыттар ашылған", - деп түйіндеді Боқаев.

Жақын арада Namys тіркеу құжаттарын Орталық сайлау комиссиясына тапсыруды жоспарлап отыр. Боқаев екі айдың ішінде цифрлық платформаны да таныстыруға уәде етті.
Просмотров материала: 849

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 226 956 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 226 653 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 226 159 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 226 203 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 226 560 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 14 091 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 13 110 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 13 460 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 18 162 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 18 178 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 26 384 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 10 966 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 8 101 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 7 707 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 6 591 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 9 650 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 17 826 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 6 581 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 8 000 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 6 772 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 6 588 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 6 444 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 6 284 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 6 652 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 6 519 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 18 016 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 9 464 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 6 337 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 6 568 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 6 974 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 6 317 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 6 253 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 6 395 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 6 331 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 6 592 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 6 706 Просмотров





Опрос


«    Ноябрь 2026    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30