10 октября 2026 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Әр балаға 36 мың теңге: депутат атаулы әлеуметтік көмек мөлшерін ұлғайтуды ұсынды

02 февраль 2022, 15:04
Әр балаға 36 мың теңге: депутат атаулы әлеуметтік көмек мөлшерін ұлғайтуды ұсынды
Мәжіліс депутаты, Nur Otan партиясы фракциясының мүшесі Динара Зәкиева атаулы әлеуметтік көмекті әр балаға ең төменгі күнкөріс деңгейіне дейін көтеруді ұсынды.

Депутаттың айтуынша, қазір республикада кем дегенде 625 мың бала, яғни әрбір оныншы бала тұрмысы төмен отбасында тәрбиеленіп жатыр.

"Әлеуметтік жағынан осал отбасыларды қолдау тетіктерінің бірі атаулы әлеуметтік көмек екені белгілі. Бірақ бүгінде оның мөлшері ең қарапайым қажеттіліктердің өзін қанағаттандырмайды. Мысалы, жан басына шаққандағы табысы кедейлік шегінен төмен, 6 адамнан құралған отбасында атаулы әлеуметтік көмек бәріне 7 мың теңгеден ғана асуы мүмкін", - деді Зәкиева вице-премьер Ералы Тоғжановқа жолдаған депутаттық сауалында.

Сонымен қатар ол көмекке мұқтаж азаматтар мемлекеттік қолдау бағдарламаларынан мүлде бейхабар екенін атап өтті.
Мысалы, өңірлерге сапар барысында депутаттар 200 отбасының мемлекеттік көмектен құр алақан қалғанын анықтаған. Өйткені олар өз құқықтары мен бағдарламалардан бейхабар, құжаттары жоқ. Тіпті, Зәкиеваның сөзінше, 10-13 жастағы балаларын еш уақыт мектепке жібермеген отбасылар бар.

"Қазіргі таңда 1 миллион 145 мың отбасы өте қиын жағдайда өмір сүріп жатыр. 12 мың бала есепте тұрған отбасыларда тәрбиеленуде. Әлеуметтік проблемалардың шешілмеуі салдарынан балалардың құқықтары жиі бұзылып, зорлық-зомбылыққа тап болады, жетімдер үйіне түседі. Тек өткен жылдың өзінде күніне орташа есеппен балаларға қатысты 6 қылмыс жасалған", - дейді депутат.
Айтуынша, бұған әкімдіктердің отбасы мен балалар проблемасын шешуден алшақтап кетуі себеп. Өңірлердің алдағы бес жылға арналған аумақты дамыту жоспарларында балалардың қауіпсіздігі, олардың құқықтарын қорғау, отбасы институтын нығайту секілді нысаналы индикаторлар қарастырылмаған.

Қазіргі таңда өкілетті органдар Балалар жылына арналған Іс-шаралар жоспарын әзірлеп жатыр. Осыған байланысты Динара Зәкиева бірқатар ұсыныс айтты.

"Тұрмысы төмен отбасылардың балаларын қолдау тиімділігін арттыру үшін атаулы әлеуметтік көмектің мөлшерін әр балаға ең төменгі күнкөріс деңгейіне дейін көтеру қажет. Бұл бір балаға 36 мың теңгені құрайтын болады. Бұған қосымша 225 миллиард теңге керек", -деді ол.

Сондай-ақ депутат өңірлерде Отбасы, жастар және балалар ісі жөніндегі басқарма құруды ұсынды. "Практика көрсетіп отырғандай, уақытылы және үйлесімді көмек оң нәтижесін береді, отбасы мен баланы өмірлік қиын жағдайдан алып шығуға көмектеседі", - деді Зәкиева.

Бұдан бөлек, ол өңірлердің аумағын дамыту жоспарларына отбасы институтын нығайту, тұрмыстық зорлық-зомбылық пен балаларға қатігездікпен қараудың алдын алу бойынша нысаналы индикаторларды енгізу қажет екенін айтты.
Просмотров материала: 2 139

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 221 691 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 221 375 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 220 873 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 220 908 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 221 281 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 13 798 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 12 831 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 13 163 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 17 843 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 17 873 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 26 078 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 10 868 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 7 999 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 7 631 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 6 508 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 9 527 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 17 748 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 6 501 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 7 898 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 6 695 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 6 509 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 6 353 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 6 198 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 6 567 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 6 443 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 17 929 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 9 356 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 6 259 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 6 495 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 6 893 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 6 238 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 6 184 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 6 327 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 6 258 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 6 500 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 6 636 Просмотров





Опрос


«    Октябрь 2026    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031