9 апреля 2026 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Табысы 12 млн теңгеден асқан: әлеуметтік көмекті заңсыз алғандар жазалана ма?

08 октябрь 2019, 11:29
Табысы 12 млн теңгеден асқан: әлеуметтік көмекті заңсыз алғандар жазалана ма?
Атаулы әлеуметтік көмекті заңсыз алғандар ақшаны мемлекетке өз еркімен қайтармаса, сот арқылы қайтарады. Басқа жазалау шаралары қолданылмайды. Бұл туралы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Министрдің ақпаратынша, тексеріс барысында 73 мың отбасының шынайы табысын жасырып, атаулы әлеуметтік көмекті заңсыз алғаны анықталды. Тиісті шаралардан кейін 9 мыңға жуық адамның төлемі тоқтатылды. 38 мың адамның атаулы әлеуметтік көмек мөлшері қайта есептелген.

"Атаулы әлеуметтік көмек туралы" заңға сәйкес, көмекті заңсыз алғандар ақшаны өз еркімен қайтаруы тиіс. Егер өз еркімен бергісі келмесе, сот органдары арқылы қайтарылады", - деді Нұрымбетов ОКҚ-де өткен брифингте.

Ол табысын жасырғандар қаражатты қайтарудан бас тартып жатпағанын атап өтті. Біреулер барлық соманы өз еркімен қайтарса, енді бірі біртіндеп қайтарып жатыр.

"Жазалау шаралары болмайды. Әзірге ақшаны қайтармағаны үшін сотқа жүгінген жағдайлар болған жоқ", - деді министр.

Десе де, Нұрымбетовтің сөзінше, атаулы әлеуметтік көмекті тағайындаумен айналысқан адамдар жазалануы мүмкін.

"Бұл жерде тек көмекті заңсыз алғандар ғана емес, оны тағайындағандардың да кінәсі бар екенімен келісемін. Уақыт тапшылығына байланысты қызметкерлер отбасылардың табысын егжей-тегжей тексеріп үлгермеген. Сондықтан тоғыз айдың қорытындысы бойынша өз міндетін дұрыс орындамаған жергілікті атқарушы органдар қызметкерлерінің мәселесін қараймыз. Әкімдерге осындай тапсырма берілді. Көмекті тағайындауға жауапты қызметкерлер тиісті жазасын алатын шығар деп ойлаймын", - деді ведомство басшысы.

"Кедей" отбасылар

Еңбек министрі көмекті заңсыз алған бір-екі отбасыны мысалға келтірді. Соның бірі Алматы облысында тұратын бес балалы жанұя.

"Олар өздерінің жеке кәсібін жасырған. Бұл отбасыға әлеуметтік көмек маусым айында тағайындалды. Бірақ тексеріс барысында жанұяның 852 мал басы бар ірі шаруа қожалығы бар екені анықталды", - дейді Нұрымбетов.

Тағы бір отбасы бірінші тоқсанда табысын 220 мың теңге деп көрсеткен. Сөйтсе, отағасы – жеке кәсіпкер, бірінші тоқсанда отбасының табысы 12,5 миллион теңгеден асқан.

"Жан басына шаққанда әрбіріне 700 мың теңгеден келеді. Яғни, тұрмысы төмен отбасы қатарына жату үшін белгіленген өлшемшарттан 34 есе артық болып отыр", - деді ол.

Министрдің айтуынша, кейбірі, тіпті, бірге тұрмайтын адамдарды отбасы мүшелерінің қатарына қосып қойған.

"Былайша айтқанда, бұл адамдар атаулы әлеуметтік көмекке шын мәнісінде мұқтаж жандардың ақшасын алып қойды десек те болады. Себебі біздің заң бойынша атаулы әлеуметтік көмек бюджетте қарастырылған қаражат көлемінде төленеді", - деді Нұрымбетов.

Айта кетсек, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі барлық көпбалалы анаға ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақы төлеуді ұсынып отыр. Оның мөлшері бала санына қарай сараланады. Әр балаға орта есеппен 10-11 мың теңге шамасында төлеу көзделген.
Просмотров материала: 1 305

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 194 589 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 194 177 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 193 694 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 193 751 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 194 100 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 12 326 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 11 423 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 11 716 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 16 156 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 16 264 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 24 611 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 10 454 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 7 576 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 7 388 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 6 226 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 8 709 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 17 472 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 6 161 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 7 562 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 6 338 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 6 265 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 6 097 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 5 943 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 6 241 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 6 163 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 17 661 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 8 472 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 5 994 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 6 249 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 6 625 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 6 004 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 5 946 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 6 033 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 5 995 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 6 198 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 6 357 Просмотров





Опрос


«    Апрель 2026    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930