25 ноября 2024 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



«Ұстаздық еткен жалықпас»: мектепте ер мұғалімнің ролі қандай?

17 январь 2022, 17:20
«Ұстаздық еткен жалықпас»: мектепте ер мұғалімнің ролі қандай?
Біздің қоғамда мектепте жұмыс істеп, ұстаздық ету – әйел адамның шаруасы деген жаңсақ түсінік бар. Мектептің қай-қайсысына барсаңыз да сынып жетекшісінен бастап, пән мұғалімдеріне дейін негізінен нәзік жандылар. Тіпті дене шынықтыру сабағын да әйел адамдар жүргізіп жатады. Ал бастауыш сыныптарына жетекшілік ететін ер адамдарды кездестіру тіпті қиын. Жағдайдың дәл осылай өрбуіне себеп көп. Azattyq Rýhy тілшісі осы орайда шәкірт тәрбиелеп, ағартушылық жолда қызмет етіп жүрген елордалық ұстаздармен тілдесіп, проблеманы жан-жақты тарқатып көрді.

Тұрлыбек Балабеков, №69 мектеп-гимназия. Еңбек өтілі – 30 жыл.
«Ұстаздық еткен жалықпас»: мектепте ер мұғалімнің ролі қандай?

«Ұстаздық жолды таңдауыма әкем себепкер болды. Әрине, бойыңда қабілетің, дарының болмаса бұл мамандық кез келген адамға оңайға түспейді. Өзім де білгенімді өскелең ұрпаққа үйретсем деген ойым болды.

Ал ер мұғалімдердің азаюына, әсіресе бастауыш сыныптарында кездеспеуіне ең алдымен ұстаз мәртебесінің төмендеп кетуі себеп. Оған қоса ұстаздардың жалақысы да аз болды. Әрине, әр саланың өз қиындығы бар. Бірақ сол қиындыққа мойымай, шыдап, алға ұмтылғанда ғана жетістікке жетуге болады.



Бір қуанарлығы, қазір өзім қызмет ететін елордадағы №69 мектепте жас мамандар көп, арасында ер мұғалімдердің саны көбейіп келеді.

Жастарға алдымен жұмыс істеп көруі керек. Екіншіден, мұғалімдердің айлығын көтерсе, жас мамандарға пәтер беріп жатса, бұл салаға қызығушылық тіптен артар еді.

Ер адамның ұстаздық жолда еңбек етуі өте маңызды. Қанша дегенмен әйел адамға қарағанда қатал, сол себепті балалар ер мінезді болып өседі. Қазір қанша жеткіншек әкесіз өсіп келеді. Әкенің тәрбиесі бала өмірінде өте маңызды. Міне осы тұста мектептегі мұғаліміне (ер) қарап бой түзер еді.

Асылхан Жақыпов, №69 мектеп-гимназия. Еңбек өтілі – 12 жыл.

«Ұстазы жақсының ұстамы жақсы болады» тағылымды сөз бар. Өз ұстазым секілді білікті педагог болғым келді.

Алғашқыда балалармен жұмыс істеу қиын болатын. Бірақ оларға ұстаздық мейіріміңді төге білсең, бұл саланың еш қиындығы жоқ. Жұмыста шыдамдылық керек, яғни ер жігіт болған соң қаржы жағынан да қиыншылық болуы мүмкін. Соған шыдап жалақысына қарамай, еңбек еткеніме биыл 12 жыл болды. Алғашқы жылдарға қарағанда қазір жұмысым жеңіл, жалақым да айтарлықтай көбейді деп айтуға болады.



Ер мұғалімнің саны мектеп неліктен аз? Ұстаздық – әйел адамға арналған мамандық деген түсінік неге қалыптасқан?

Бұл сұрақтарға нақты жауап айту қиын. Көбісі қаржылық қиындыққа шыдамайды. Ал енді бірі баламен жұмыс істегенді ұнатпауы мүмкін. Сол себепті бұл салаға ер адамдар көп келе бермейді.

Ұстаздық – әйел адамға арналған мамандық деген жаңсақ пікірге түбегейлі қарсымын. Себебі, әліппені ашқан кім? Ыбырай Алтынсарин. Абай атамыз не істеді, Ахмет Байтұрсынов не істеді? Ағартушылықпен айналысты. Ағартушы ұстаздардың барлығы дерлік ер адамдар болды. Балалар бұрын сауатты қайдан алды? Молдадан алды.

Екінші Дүниежүзілік соғыс педагогика саласына үлкен зиянын тигізіп кетті. Ерлердің бәрі қолға қару алып, соғысқа аттанды. Үйде әйелдер балаларымен қалды. Тәрбиеге де, білімге де әйелдер араласып кетті. Сол себепті бұл мамандықта әйелдер үлесі басым болды. Соңғы уақытта мән беріп көрсек, мектепте дәріс беретін ер адамдар саны көбейіп келеді. «Сіздерге қарап, баламды бастауыш сыныбына оқуға түсірдім» деген ата-аналар бар.

Ер азаматтардың бұл мамандыққа деген қызығушылығын қалай арттыруға болады?

Айналып келгенде тағы сол жалақы мәселесіне, педагог статусына келіп тіреледі. Жалақы мәселесі қазір оң шешіліп келе жатыр. Педагог мәртебесі туралы да заң қабылданды. Енді мұғалімдердің мәртебесі қоғамда іс жүзінде артып жатса бұл салаға қызығушылық танытатын ер азаматтар да көбейеді.

Алтынбек Мұқышев, №69 мектеп-гимназия. Еңбек өтілі – 12 жыл.

Бастауыш сыныбының мұғалімі болып істеп жүргеніме 12 жыл болды. Осы мектеп ашылған 2012 жылы 2-сынып оқушыларын алдым. Екі жылдан кейін алғашқы шәкірттерім бастауышты бітіріп, 5-сыныпқа кетті. 25 мамыр болды, дүкенде тұрсам, оқушыларымның біреуінің әкесі келіп тұр, «Алдиярдың әкесімін ғой, ұлымыз 4-сыныпты бітіріп жатыр. Бастауыш сыныппен қоштасып жатыр, рақмет» дейді. Не үшін алғыс айтқанын сұрасам, «баламды жігіт қылып шығардың, өзім байқадым, ұлым жігіт болып қалыптасып қалды, сізде білім алғанына өкінбеймін» дейді.



Расын айту керек, алғаш осы салаға келген жылдары мектепте негізінен әйелдер жұмыс істейтін. Мен араларындағы жалғыз ер адаммын. Ал жаңадан жұмысқа орналасқанда «бастауыш мұғалімімін» деп айтуға қысылатынмын. Бірақ қазір өз мамандығымнан ләззат аламын. Мысалы, жас шыбықты қалай түзу ексең, солай болып өседі ғой. Бірінші сыныпқа келгенде біреудің еркесі, тұңғышы болып келеді, оны қалай тәрбиелейсің, солай түзу болып өседі. Жалпы, мен мұғалім болуды кішкентай кезімнен армандадым және осыған әпкем де себепкер болды.

Мен жұмысқа алғаш келгенде 30 мың теңге айлық алатынмын. Қазір ұстаздар жалақысы көтеріліп келеді. Меніңше ер азаматтарды бұл мамандықта жоғары бағалау керек деп ойлаймын.

Ер мұғалімдердердің рөлі мектепте қаншалықты маңызды?

Баланың мектептегі тәрбиесінде ер мұғалімнің ролі қаншалықты маңызды екені айтпаса да түсінікті деп ойлаймын. Гармония болған кезде бала жан-жақты дамиды.

Евгений Перетолчен, №91 мектеп-гимназия. Еңбек өтілі – 12 жыл.

Мен балаларды өте жақсы көремін, сол себепті олармен жұмыс істеу маған қиын емес. Осы саланы таңдағанда жалақысы аз болатынын көбісі айтатын. Ал қазір жағдай басқаша. Жыл сайын жалақымыз өсіп жатыр. Жастар да бұл мамандыққа жиі келе бастады.

Бастауыш сынып мұғалімі болу тек әйелдердің жұмысы деп санайтындар аз емес. Бірақ бұл жаңсақ ұғым. Меніңше мұғалім болу ер адам үшін қиын емес. Мысалы, менің сабағыма кірсеңіз, әрдайым тыныш. Оқушыларым менен қорқады деп ойламаймын, себебі менің сабағымды жақсы көреді. Екіншіден, ер мұғалімнің тәртіп беруі жақсырақ. Барлығы әскердегідей тиянақты, таза. Мен сабырлымын және балаларға сирек дауыс көтеремін. Мұғалімдердің көбі «сыныпта тыныштықты қалай сақтайсыз?» деп сұрап жатады. Білмеймін, мүмкін бізде аура басқаша шығар... Бәлкім, бұл ер адамның беделі болуы да мүмкін. Бұл қасиет мектепте балаларды тәрбиелеуде өте маңызды.



Ер адамның ұстаздық жолға деген қызығушылығын ояту үшін жоғары сынып оқушыларына мектепте өзін-өзі басқару күнін жиі ұйымдастыру керек. Сонда мамандық таңдап жүрген 10-11-сыныптың оқушылары педагогикаға қызығушылық танытуы мүмкін.

Бұл салада ешқандай кемшілік жоқ, жалғыз кемшілік – қағазбастылық. Оның орнына кеткен уақытты бала тәрбиесіне арнаса жақсы болар еді. Маған балалармен уақыт өткізу қызықты. Олардың өз әлемі бар және де олармен әлдеқайда көңілді.
Просмотров материала: 3 603

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 123 649 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 123 480 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 123 121 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 123 145 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 123 453 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 8 497 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 7 670 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 7 739 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 10 931 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 11 075 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 20 456 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 8 329 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 6 653 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 6 549 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 5 359 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 7 462 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 16 657 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 5 325 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 6 671 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 5 435 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 5 431 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 5 272 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 5 119 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 5 363 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 5 295 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 16 826 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 7 174 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 5 150 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 5 369 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 5 697 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 5 121 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 5 136 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 5 178 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 5 101 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 5 334 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 5 485 Просмотров





Опрос


«    Ноябрь 2024    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930