1 сентября 2025 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Мәжіліс депутаттары елдегі жаппай митинг жайлы: бәріміз күйзелдік

05 январь 2022, 11:54
Мәжіліс депутаттары елдегі жаппай митинг жайлы: бәріміз күйзелдік
Мәжіліс депутаттары елде болып жатқан наразылық шерулеріне қатысты пікір білдіріп, үкіметке депутаттық сауал жолдады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Мәжілісмендердің премьер-министр міндетін атқарушы Әлихан Смайыловқа жолдаған депутаттық сауалын Бақытбек Смағұл оқып берді.

"Біз бәріміз бұл күндері Жаңаөзенде, Ақтауда болған оқиғаларға күйзелдік. Ел президентінің жедел шешімі мен жеке бақылауы жағдайды шешуге, өзара тиімді шешім қабылдауға кепілдік берді. Ал енді бәріміз тыныштық пен қоғамдағы тұрақтылықты сақтауға және өзара тиімді шешім қабылдауға, Қасым-Жомарт Тоқаев атап өткендей жауапкершілік танытуға тиістіміз", - деді Смағұл.

Ол сұйытылған газ тапшылығы, саладағы баға белгілеуге қатысты мәселелерді мәжілісмендер бірнеше рет көтергенін атап өтті. Олардың бірқатары реттелсе де, бірсыпырасы шешімін таппаған.

"Біріншіден, энергетика министрлігі бағаның бұлайша өсуін 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап сұйытылған газдың 100 пайыз электронды сауда алаңы арқылы сатылатынын түсіндірді. Үш жыл ішінде заң күшіне енгеннен кейін сауда алаңында нарықтық тетіктер қалыптасып үлгермеді. Сауда-саттықты энергетика министрлігі қолмен басқару режиміне өткізді. Бұл электронды алаңдар тетігінің беделін кетіріп, нәтижесіне қол жеткізбеді. Сөйтіп, бүгінгі күні дағдарыстық жағдайға әкеп тіреп отыр", - деді депутат.
Депутат Қазақстанда сұйытылған газ сатудың бірыңғай ұлттық нарығы қалыптаспағанын айтты. Соның кесірінен сұйытылған газ тапшылығы бар. Оның көрсеткіші 2021 жылы 15 пайызға жетті.

"Бірқатар аймақта сауда-саттық нәтижесінде көтерме баға керісінше төмендегенін көріп отырмыз. Бұл сауда-саттықты өткізу процедурасының өзінде және бөлшек сауда бағасын қалыптастыруда проблемалардың бар екенін көрсетеді. Үкімет бұл мәселені қарастырып, шешуі керек", - деді мәжілісмен.

Ол көтерме сауда нарығында алыпсатарлықты жою және сауда-саттық ашықтығын арттыру мақсатында былтыр парламент биржалық сауданы ұйымдастыру туралы заң қабылдағанын еске салды. Заң күшіне енсе де, энергетика министрлігі сұйытылған газды өткізудің жаңа ережелерін әлі күнге дейін әзірлемеген.

"Осы өзекті мәселелерді реттемейінше, бізде бағаның шарықтауы сұйытылған газға ғана емес, тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің көптеген түрінен байқалатын болады. Түптеп келгенде, бұдан қарапайым тұтынушы зардап шегеді", - деді депутаттар.

Халық неге көшеге шықты
2 қаңтарда Маңғыстау облысының тұрғындары наразылыққа шықты. Оған автокөлікке құятын газдың құны литріне 120 теңгеге дейін қымбаттағаны себеп болған. Наразылық білдірушілер бағаны 50 теңгеге дейін төмендетуді талап етті. Арнайы құрылған үкіметтік комиссия белсенділермен келіссөз жүргізіп, бұл талап орындалатынын мәлімдеді.


Маңғыстау облысында басталған наразылықтар елдің өзге өңірлерінде де жалғасты. Артынша Ақтөбе әкімдігі де наразылық білдіргендердің екі талабы – митинг барысында қамауға алынғандар босатылып, сұйылтылған газ бағасы 50 теңгеге дейін арзандатылғанын хабарлады.

4 қаңтар кешке жағдай күрделеніп, Алматыдағы наразылық соңы тәртіпсіздікке ұласты. Көшеге шыққандар полиция көліктерін қиратты. Жағдай ушыққан соң қаладағы тәртіп сақшылары көзден жас ағызатын газ қолданды. Наразылыққа шыққандар қаладағы үлкен көшелермен жүріп, қала әкімдігі ғимаратына дейін барды. Ол жерді арнайы жасақ қызметкерлері қоршауға алған.


5 қаңтарда Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы қаласы мен Маңғыстау облысында 5 қаңтар сағат 01:30-дан 19 қаңтар сағат 00:00 кезеңі аралығында төтенше жағдай енгізу туралы жарлыққа қол қойды.

Ел үкіметі отставкаға кетті
Ел ішінде наразылық болып жатқанда мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды арандатушылыққа берілмеуге шақырды.

"Іштен және сырттан болған сан түрлі ақпаратқа сеніп, ереуілге салынған топтың құйтырқы әрекеттері мен тәртіпсіздікке ермей, парасатпен және ақылмен ғана шешім қабылдауға шақырамын. Азаматтық және әскери мақсаттағы ғимараттарға шабуыл жасауға үндейтін ұрандар мүлдем заңға қайшы келеді. Бұл – өрескел қылмыстық әрекет. Билік құламайды, бірақ бізге өзара сенім, өзара диалог керек", - деді мемлекет басшысы.

5 қаңтарда президент үкіметті отставкаға жіберу туралы жарлыққа қол қойды.

"Қазақстан Республикасы үкіметінің орнынан түсуі қабылдансын", - делінген Ақорданың сайтында жарияланған құжатта.

Қазақстан премьер-министрі міндеттерін уақытша атқару Әлихан Смайыловқа жүктелді.

Үкімет мүшелері үкіметтің жаңа құрамы бекітілгенге дейін өз міндеттерін атқаруды жалғастыра береді.



Просмотров материала: 337

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 164 299 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 164 133 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 163 762 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 163 801 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 164 087 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 10 678 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 9 820 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 10 032 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 13 924 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 14 093 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 22 853 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 9 609 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 7 220 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 7 075 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 5 896 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 8 074 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 17 176 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 5 844 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 7 227 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 5 954 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 5 964 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 5 795 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 5 639 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 5 892 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 5 843 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 17 351 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 7 803 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 5 676 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 5 939 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 6 271 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 5 677 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 5 650 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 5 691 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 5 643 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 5 873 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 6 017 Просмотров





Опрос


«    Сентябрь 2025    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930