19 июля 2025 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Тоқаев Қазақстандағы жаппай митингіге кімдер кінәлі екенін айтты

05 январь 2022, 9:40
Тоқаев Қазақстандағы жаппай митингіге кімдер кінәлі екенін айтты
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев елдегі жаппай наразылық шеруіне кінәлілерді атады.

Бұл туралы президент еліміздегі әлеуметтік-экономикалық жағдайға қатысты өткізген кеңесте мәлімдеді.

"Қасым-Жомарт Тоқаев елімізде қалыптасқан күрделі қоғамдық-саяси және әлеуметтік-экономикалық жағдайға тоқталып, сұйытылған газ бағасының артуына байланысты халықтың наразылығын тудырғаны үшін үкімет, соның ішінде Энергетика министрлігі, сондай-ақ "Қазмұнайгаз" бен "Қазақгаз" кәсіпорындары кінәлі екенін айтты", - делінген Ақорда таратқан хабарламада.

Президент Алматы қаласы мен Маңғыстау облысында төтенше жағдай енгізілгеннен кейін ахуал біртіндеп түзелетінін атап өтті. Сондай-ақ жағдайды тұрақтандыруға қатысты тапсырмалар берілгенін мәлімдеді.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Қасым-Жомарт Тоқаев үкіметтің отставкасын қабылдады.

Мемлекеттік хатшы болып президенттің бұрынғы көмекшісі Ерлан Қарин тағайындалды.

Халық наразылық білдірді

2 қаңтарда Маңғыстау облысының тұрғындары наразылыққа шықты. Оған автокөлікке құятын газдың құны литріне 120 теңгеге дейін өскені себеп болған. Наразылық білдірушілер бағаны 50 теңгеге дейін төмендетуді талап етті. Арнайы құрылған үкіметтік комиссия белсенділермен келіссөз жүргізіп, бұл талап орындалатынын мәлімдеді.

Сондай-ақ Ақтөбе әкімдігі де наразылық білдіргендердің екі талабы - митинг барысында қамауға алынғандар босатылып, сұйылтылған газ бағасы 50 теңгеге дейін арзандатылғанын хабарлады.

Басқа өңірлерде де митингілер өтті. Ал Алматыда наразылық соңы тәртіпсіздікке ұласты. Көшеге шыққандар бірнеше полиция көлігін қиратты. Тәртіп сақшылары көзден жас ағызатын газды қолданды. Қала әкімдігінің ғимаратын арнайы жасақ қызметкерлері қоршауға алды.

Тоқаев мәлімдеме жасады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды арандатушылыққа берілмеуге шақырды.

"Іштен және сырттан болған сан түрлі ақпаратқа сеніп, ереуілге салынған топтың құйтырқы әрекеттері мен тәртіпсіздікке ермей, парасатпен және ақылмен ғана шешім қабылдауға шақырамын. Азаматтық және әскери мақсаттағы ғимараттарға шабуыл жасауға үндейтін ұрандар мүлдем заңға қайшы келеді. Бұл – өрескел қылмыстық әрекет. Билік құламайды, бірақ бізге өзара сенім, өзара диалог керек", - деді мемлекет басшысы.

Қасым-Жомарт Тоқаев бесінші қаңтарда осы мәселеге қатысты арнайы жиналыс өтетінін, барлық заң аясындағы өтініштер мен талаптар ескеріліп, тиісті шешімдер қабылданатынын айтты.
Просмотров материала: 418

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 157 725 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 157 544 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 157 179 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 157 220 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 157 513 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 10 273 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 9 418 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 9 609 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 13 370 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 13 555 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 22 395 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 9 341 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 7 060 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 6 924 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 5 752 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 7 910 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 17 036 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 5 702 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 7 075 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 5 804 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 5 811 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 5 653 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 5 493 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 5 755 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 5 696 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 17 208 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 7 642 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 5 529 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 5 786 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 6 119 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 5 530 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 5 509 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 5 550 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 5 492 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 5 728 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 5 873 Просмотров





Опрос


«    Июль 2025    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031