7 января 2025 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Теңізшевройл 2022 жылы жұмысшыларды қысқартады: энергетика министрлігі не дейді

24 декабрь 2021, 11:53
Теңізшевройл 2022 жылы жұмысшыларды қысқартады: энергетика министрлігі не дейді
2022 жылдың бірінші тоқсанында "Теңізшевройл" компаниясы 7 мың адамды жұмыстан шығармақ. Мұндай шешім болашақ кеңейту жобасының аяқталуымен байланысты қабылданған.

ТШО Атырау облысының әкімдігімен, энергетика мен еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрліктерімен бірлесе отырып, жұмысшылар қатарын қысқартады. Алайда ТШО қысқартуға ілігетін жұмысшылардың нақты санын атаған жоқ.

"Болашақ кеңейту жобасын іске асыру барысында ТШО жергілікті білікті кадрларды дайындап, халықаралық компаниялармен серіктестік арқылы технологияларды үлестіріп, өңір инфрақұрылымын жаңғыртуға атсалысты. Жобаны іске асыру барысында ТШО сұранысқа ие мамандық иелерін дайындау мақсатында 19 мыңнан астам адамды оқыту мен қайта оқытуды қаржыландырды", - деп хабарлады "Теңізшевройл" компаниясындағылар "Ақ Жайық" басылымына.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін БАҚ-та 39 мың жұмысшының қысқартылатыны жайлы ақпарат тарады. 2022 жылдың бірінші тоқсанында 7 мың адам қысқартылмақ.

"Бұл тек болжам ғана. Мәселен, биыл жоспарланған 15 мыңның тек 2 мыңы ғана қысқартылды", - дейді жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары Еркебұлан Әбілқасымов.
Оның айтуынша, мемлекеттік бағдарламалар аясында 12 мыңға жуық адамды жұмыспен қамту жоспарланған.

"Мұнай-химия кешені саласында да инвестициялық жобалар бар. Құрылыс кезінде 20 мыңға жуық адамды жұмыспен қамтамасыз етуді жоспарлап отырмыз", - деді ол.

Энергетика министрлігі не дейді
Қазақстанның энергетика министрлігінде жақында ғана "Теңізшевройл" компаниясының өкілдерімен кездесу өтті. Отырыста Теңіз кен орнын болашақта кеңейту жобасын іске асыру мәселесі талқыланды.

Ведомствоның мәліметінше, болашақта кеңейту жобасын жүзеге асыру мұнай өндіру көлемін жылына 12 миллион тоннаға дейін арттыруға мүмкіндік береді.

Энергетика министрі Мағзұм Мырзағалиев жобаны іске асыру барысында жұмысшылардың босатылуына байланысты тұрақты мониторинг қажет екеніне назар аударды. Министрлік қызметкерлерді даярлау мен қайта даярлауды қарастыра отырып, оларға ТШО-ның басқа объектілерінен жұмыс беру мүмкіндігін қарастыруды ұсынды.

Болашақ кеңейту жобасының құны 45,2 миллиард долларды құрайды. Жобаның аяқталуы 2023 жылға жоспарланып отыр. Болжам бойынша жобадағы қазақстандық қамту 36%-ды құрайды.

Теңіз – Атырау облысында орналасқан ірі мұнай кен орны. Ол Қазақстандағы мұнай қоры бойынша (Қашаған кен орнынан кейін) екінші орында тұр. Кен орнынан өндірілетін мұнай көлемі 750 миллионнан 1 миллиард 125 миллион тоннаға дейін бағаланады. Геологиялық қордың болжамды көлемі - 3 миллиард тонна. Ілеспе газдың қоры - 1,8 триллион текше метр.



Просмотров материала: 637

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 129 483 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 129 292 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 128 953 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 128 970 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 129 281 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 8 777 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 7 948 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 8 028 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 11 302 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 11 454 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 20 794 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 8 452 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 6 703 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 6 589 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 5 403 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 7 525 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 16 701 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 5 372 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 6 716 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 5 476 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 5 474 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 5 312 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 5 157 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 5 403 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 5 341 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 16 862 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 7 230 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 5 191 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 5 412 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 5 756 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 5 170 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 5 173 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 5 218 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 5 153 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 5 377 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 5 530 Просмотров





Опрос


«    Январь 2025    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031