16 августа 2026 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Жыл соңына дейін 45 мың мұнайшы жұмыстан қысқаруы мүмкін – Рашид Жақсылықов

Жыл соңына дейін 45 мың мұнайшы жұмыстан қысқаруы мүмкін – Рашид Жақсылықов
Қазақстан мұнай сервистік компаниялары одағының төралқа төрағасы Рашид Жақсылықовтың мәліметінше, мұнай-газ саласындағы компаниялар әлемдік мұнай бағасының құлдырауы салдарынан зардап шекті. Әсіресе, табысынан айырылған өндіріс орындары қызметкерлеріне алдағы уақытта жалақы төлей алмауы мүмкіндігін жасырмады, деп хабарлайды AzattyqRuhy.kz.

«Біздің есебімізше, үшінші тоқсанның өзінде мұнай-газ саласындағы компанияларда жұмыс істейтін 9 мыңнан астам жұмысшы қысқарады. Ал, «ТШО» компаниясының үшінші зауыт жобасы іске қосылмаса, жыл соңына дейін бұл көрсеткішке тағы 36 мың адам қосылады деген болжам бар. Яғни, 2020 жылдың соңына дейін қара алтын өндіру салсындағы қысқарту 30 пайызға жететінін байқап отырмыз. Өздеріңіз білетіндей, «ТШО» компаниясы даму зауытын жүргізіп жатқан жерінен 18 мың адамды үйіне қайтарды. Оның 2 мыңға жуығы шетел азаматтары. Тағы да 7 жарым мың адамды үйіне қайтаруды қарастырып жатыр. Себебі, өндіріске тарап кету қаупі бар», - деді Рашид Жақсылықов.

Оның айтуынша, «Теңізшевройл», «Chevron» секілді алпауыт компаниялармен келіссөз жүргізіліп жатыр. Қазақстан тарапы америкалық алпауыт компания басшыларынан жұмысшыларды жарты жылға дейін жұмыстан қысқартпауды сұрап отыр.

«Мен ертең Атырауға ұшамын. Пандемия салдарынан болған жағдайды реттеуге тырысып жатырмыз. Әрине, 25 жылда қазақ елінің шикізатын игеріп, жақсы пайда тапқан шетелдік компаниялар қиын жағдайда қолдау көрсетеді деген сенім бар. Мәселен, төтенше жағдай кезінде «Теңізшевройл» компаниясы 18 мың жұмысшысын мобилизация жасады. Бүгінге дейін оларға орташа жалақы төледі. Алайда, шілде, тамыз айларында компания бұл саясатты ұстана ма, жоқ па, белгісіз. Яғни маусымның 23-нен кейін ол компанияда жұмыс істеген адамдардың тағдыры қалай болатынын айту қиын. Тағы бір жайт, әлемдік мұнай бағасының құлдырауынан Маңғыстау облысындағы өндіріс орындары қатты зардап шекті. Өйткені, бұл өңірде бұрғылау жұмысы дамыған. Карантин кезінде жұмысшыларға жалақы төлемек түгел, екі қолға бір күрек тауып бере алмайтын жағдайға жетті. Кей компаниялар қызметкерлеріне 30, 50% жалақы төлеп отырды», - деді ол.

Қазақстан мұнай сервистік компаниялары одағының төралқа төрағасы 2022 жылы мұнайға деген сұраныс артады деген болжам жасады.

«2020-2021 жылдары мұнай-газ саласы үшін өте ауыр болатынын түсіну керек. Алдағы уақытта осы саладағы компаниялар өлместің күнін кешеді. Біздің есебімізше, биыл мұнай өндіру көлемі 85 млн баррельге қысқарады. Өткен жылы бұл көрсеткіш 90 млн баррель еді. Былай қарағанда, 5 млн тонна көп көрінбеуі мүмкін. Алайда, өндіріс барысында, қаржылық тұрғыда бұл айтарлықтай көрсеткіш. Дегенмен, 2022 жылы қара алтынға сұраныс артып, баға көтеріледі деген болжам бар», - дейді Рашид Жақсылықов.
Просмотров материала: 1 016

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 213 545 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 213 216 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 212 712 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 212 748 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 213 125 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 13 367 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 12 398 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 12 718 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 17 364 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 17 437 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 25 626 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 10 756 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 7 843 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 7 532 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 6 407 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 9 299 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 17 641 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 6 378 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 7 779 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 6 580 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 6 415 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 6 259 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 6 116 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 6 457 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 6 343 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 17 820 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 9 110 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 6 170 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 6 408 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 6 793 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 6 151 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 6 087 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 6 226 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 6 164 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 6 384 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 6 535 Просмотров





Опрос


«    Август 2026    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31