17 июня 2026 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Тоқаев: Біздің мемлекеттілік тарихымыз мыңжылдықтардан бастау алады

15 декабрь 2021, 16:34
Тоқаев: Біздің мемлекеттілік тарихымыз мыңжылдықтардан бастау алады
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған салтанатты жиында сөз сөйлеп, қазақстандықтарды Тәуелсіздік күнімен құттықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Егемендік - елдің бәріне бұйыра бермейтін бақ. Әлемде сан миллион халқы болғанымен, ұлтарақтай жері жоқ қаншама ұлт бар. Ал, қазақтың пешенесіне өз мемлекетін құру бақыты жазылды. Бұл - ұлы бақыт, ұлттың бақыты! Бұдан асқан қуаныш, бұдан биік мәртебе бар ма?!" - деді Тоқаев.

Сондай-ақ, Президент алаш арыстары дербес мемлекет құру үшін жанын пида еткенін айтты.

"Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде ел азаматтары майдан даласында ерлікпен шайқасты. Кеңес заманында зиялыларымыз тіліміз бен ділімізді сақтап қалу үшін аянбай еңбек етті.

Төл тарихымыздағы ең күрделі сәттерде халқымыз жұдырықтай жұмыла білді. Бұланты, Орбұлақ және Аңырақай шайқастары – осының айқын дәлелі. Қазақтың елдік жолындағы ерлігі отаршылдыққа қарсы ұлт-азаттық қозғалыстарда айқын көрінді", - деді ол.


Оның айтуынша, Алтын Орда орта ғасырдағы алып мемлекет ретінде белгілі. Қазақ халқы осы ұлық ұлыстың тікелей мұрагері болып саналады. Одан кейін тарих төріне Қазақ хандығы шықты. Қазіргі таңда Қасым ханның қасқа жолын, Есім ханның ескі жолын, Әз Тәукенің Жеті жарғысын білмейтін қазақ кемде-кем, деді Тоқаев жиында сөйлеген сөзінде.

"Батыр бабаларымыз бүкіл Еуразияда ат ойнатқан қуатты мемлекеттер құрды. Сайын далада теңдесі жоқ көшпелілер өркениетін қалыптастырды. Алып құрлықтың саяси-экономикалық даму барысына орасан зор ықпалын тигізді. Олар ұрпаққа асқақ рухын және өр намысын мирас етті. Біздің мемлекеттілік тарихымыз мыңжылдықтардан бастау алады. Бір кезде бөрілі байрақ көтерген көк түріктер мәңгі ел болуға ұмтылды. Күлтегін мен Білге қаған туралы тастағы жазулар тарихымыздың тереңдігін танытады", - деді Тоқаев.

Сондай-ақ, Мемлекет басшысы халық Егемендіктің қадір-қасиетін жан-жүрегімен сезінетінін айтты. Өйткені, біз азаттықтың құны қандай екенін жақсы білеміз. Бостандық жолында талай батырларымыз құрбан болды. Қаншама қиын күндер басымыздан өтті. Бірақ, халқымыз барлық сынақты қайыспай көтерді, деді ол.

"Құрметті отандастар! Баршаңызды қастерлі Тәуелсіздігіміздің мерейлі белесімен шын жүректен құттықтаймын! Біз осыдан отыз жыл бұрын бабалар арманын ақиқатқа айналдырдық. Жаңа Қазақ мемлекеті құрылғанын дүние жүзіне паш етіп, Тәуелсіздігімізді жарияладық", - деді ол.
Просмотров материала: 787

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 204 642 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 204 276 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 203 768 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 203 830 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 204 191 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 12 894 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 11 950 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 12 257 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 16 887 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 16 962 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 25 149 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 10 664 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 7 694 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 7 456 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 6 315 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 8 986 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 17 552 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 6 261 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 7 659 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 6 473 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 6 339 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 6 171 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 6 032 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 6 354 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 6 253 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 17 738 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 8 767 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 6 090 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 6 323 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 6 702 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 6 075 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 6 016 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 6 140 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 6 089 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 6 287 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 6 446 Просмотров





Опрос


«    Июнь 2026    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930