10 июня 2026 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Президент Тоқаев жастарға 30 ақшалай грант табыстады

08 декабрь 2021, 14:19
Президент Тоқаев жастарға 30 ақшалай грант табыстады
Мемлекет басшысы "Тәуелсіздік ұрпақтары" грантын тапсыру рәсіміне қатысты. Тәуелсіздіктің 30 жылдығын мерекелеу аясында Мемлекет басшысы 3 миллион теңге көлемінде 30 грант бөлді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап.

Қасым-Жомарт Тоқаев жастарды ел Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойымен құттықтап, бүгінгі кездесудің ерекше мән-маңызы бар екенін айтты. Президент Тәуелсіздік ұрпақтарын, шын мәнінде, жаңа Қазақстанның басты символдарының бірі ретінде атап өтті.

"Еліміз дербес мемлекет болғаннан бері ойы еркін, рухы азат тұтас буын өсіп жетілді. Тәуелсіздік перзенттерінің алдыңғы толқыны ержетіп, ел ісіне араласуда. Олар отанымыздың өсіп-өркендеуіне өз үлесін қосып келе жатыр. Мен егемендік кезеңінде туып-өскен жастарымызға арнайы грант бөлуді тапсырғанмын. Бұл - талапты ұл-қыздарымыздың бастамаларын қолдау үшін жасалған қадам. Қазақта "Жас келсе - іске" деген жақсы сөз бар. Халқымыз жастарға әрдайым зор сенім артып, ерекше үміт күтеді. Ұрпақтың тәрбиелі, білімді және білікті болуына айрықша ден қояды", - деді Мемлекет басшысы.


Қасым-Жомарт Тоқаев дарынды жастарымыз еліміздің болашағына деген сенімді нығайта түсетінін, олардың туған ел үшін қызмет етуге құлшынысы қуантатынын айтты.

"Мен грант жеңімпаздары ұсынған жобалармен танысып шықтым. Бұл жобалардың көпшілігінде экологияға баса мән берілгенін байқадым. Бұл - өте дұрыс. Өйткені, қоршаған ортаны қорғау - қазір барша адамзат үшін аса маңызды мәселе. Кең байтақ жеріміздің бірегей табиғатын сақтау - бәріміздің қасиетті борышымыз. Жастардың тың идеялары нақты жүзеге асып, халықтың игілігіне айналады деп сенемін. Шын мәнінде, бұл еліміздің мерейтойына Тәуелсіздік ұрпақтарының тартуы болмақ", - деді Мемлекет басшысы.

Президент жастарды қолдау мемлекеттік саясаттың негізгі бағыты екеніне тоқталды. Қасым-Жомарт Тоқаев өткен ғасырдың 90-шы жылдарындағы дағдарыс кезінде "Болашақ" атты ауқымды білім бағдарламасының жүзеге асырылғанын және оның Тұңғыш Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың бастамасы екенін атап өтті.

"Соның арқасында әлемнің үздік жоғары оқу орындарында еліміз бойынша мыңдаған жас білім алды және әлі де оқып жатыр. Олардың көбі Қазақстанның қарқынды дамуына зор үлес қосып келеді. Президенттік жастар кадрлық резерві тиімді әлеуметтік лифтке айналды. Бұл бастама жастардың, өршіл кәсіби мамандардың мемлекеттік басқару жүйесінде өзін тағы бір мәрте дәлелдеуіне мүмкіндік береді", - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Сонымен қатар партиялардың сайлау тізіміндегі 30 пайыздық квота Мәжіліс пен мәслихаттарда жастар қатарының көбеюіне ықпал еткенін айтты. Президент жастарды әлеуметтік тұрғыдан қолдайтын жобалар мен бағдарламалардың жүзеге асырылып жатқанына тоқталды.

"Жастарды қолдау үшін тұрғын-үй бағдарламалары және арнайы жобалар жүзеге асырылуда. Мәдениет, ғылым мен білім саласында табысқа жеткен дарынды жастарға мемлекеттік сыйлық берілуде. Бүгінгі іс-шара сіздердің бастамаларыңызды және шығармашылық жоспарларыңызды жүзеге асыруға тың серпін беретініне кәміл сенемін", - деді Мемлекет басшысы.

Қасым-Жомарт Тоқаев қазіргі уақытта табысты адам білімді, еңбекқор болу, мақсатқа ұмтылу және белсенділік таныту сияқты қасиеттерімен ғана ерекшеленетінін атап өтті. Қасым-Жомарт Тоқаев грант жеңімпаздарына жобаларын іске асыруға жақсы мүмкіндік беріліп отырғанын айтты.

"Қазақта "Талаптыға жол бер" деген нақыл сөз бар. Мемлекет жастардың талабын ұштауға барынша жағдай жасап келе жатыр. Атқарылып жатқан ауқымды жұмыстың, реформалардың игілігін сіздер міндетті түрде көресіздер. Жақында Елбасы жастарға терең мағыналы үндеуін жолдады. Өскелең ұрпақ аға буынның үмітін ақтайтыны сөзсіз. Сол үшін әрбір жас бойына тек жақсы қасиеттерді сіңіруі керек", - деді Президент.

Жиын соңында Мемлекет басшысы жасампаз, отаншыл әрі ұлтжанды жастар ғана елімізді өркендете алатынын айтып, жастардың болашақта кәсіби маман, өз ісінің нағыз майталманы болатынына, сол арқылы аға буыннан асып түсетініне сенім білдірді.

Жастар өз кезегінде мемлекеттің қолдауы үшін Президентке алғыс айтты.
Просмотров материала: 628

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 203 836 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 203 461 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 202 955 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 203 019 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 203 377 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 12 849 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 11 904 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 12 212 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 16 838 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 16 910 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 25 094 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 10 648 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 7 678 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 7 445 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 6 304 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 8 947 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 17 541 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 6 240 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 7 644 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 6 459 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 6 328 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 6 160 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 6 018 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 6 342 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 6 238 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 17 728 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 8 725 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 6 077 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 6 313 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 6 691 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 6 067 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 6 006 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 6 130 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 6 074 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 6 277 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 6 432 Просмотров





Опрос


«    Июнь 2026    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930