26 июня 2025 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Шымкентте балалары кредит алдырып, үйден қуып шыққан әжей таңертең жылап тұрады

04 декабрь 2021, 11:08
Шымкентте балалары кредит алдырып, үйден қуып шыққан әжей таңертең жылап тұрады
Шымкентте балалары үйінен қуып шыққан ана қызымен соттасып жатыр. Баспанасынан айырылған ол бүгінде "Көмек" оңалту орталығына орналасқан, деп хабарлады Otyrar.kz.

Жалғыз өзім жеткізген перзенттерім үмітімді ақтамады деген кейуана енді олармен бірге тұрмаймын деп бекініпті. Тек баспанамды қайтарса болғаны дейді ол.

Баспанасын сатып, ақшасын балаларына бөліп берген 70 жастағы кейуана бүгінде қызымен соттасып жатыр. Айтуынша бастапқыда үлкен перзенті өз үйіне шақырғанымен, ақшаны қолына алған соң анасын қуып шыққан. Қайда барарын білмеген Саламат Балабаева қайтыс болған қызының үйі бар екені есіне түседі. Сонда барып тұрақтасам деген ниетпен жауапты мекемелердің есігін қағып барған.

"Қызымнан пәтер қалыпты ғой, сонда тұра тұрайыншы деп бардым. Сөйтсем олар қол қойып қойғансыз дейді. Қашан қойдым? деп сұрадым. 19 сәуір. Ал қызым осы айдың 5-не қайтыс болған. Сонда жетісі де өтер-өтпес болып тұр ғой дедім. Сосын олар қол қойып қойғансыз, енді сот арқылы ғана ала аласыз деді", - дейді зейнеткер Саламат Балабаева.
Бұл істі жасаған да үлкен қызым дейді Саламат апа. Яғни, кейуананың айтуынша қайтыс болған перзентінің үйін де анасына қол қойдыру арқылы өз атына жаздырып алған. Мұндай қорлыққа шыдамаған Саламат Балабаева сотқа шағым түсіреді.

"Соттан сол бұрышын маған қайтарып берсін деп талап етіп жатырмын. Маған баспана керек. Ешкімдікін тартып алайын деп жатқан жоқпын. Әзірге жеке тұра тұрайын. Тыныштық керек. Шаршадым. Балаларымды көтердім. Немерелерімді көтердім. Жұмыс істедім. Енді маған кішкене демалуға болатын шығар. Қызым осындай істеген соң барлық нәрседен көңілім қалып тұр", - дейді зейнеткер.

Өзге қыздарының нұсқаулығымен 400 000 теңге кредит алып, адвокат жалдапты. Әрі пәтер жалдау қиындық тудырып, Шымкенттегі Көмек оңалту орталығына келеді. Алайда осыдан біраз уақыт бұрын бұл жерге де іздеп келген басқа бір қызы анамды емдетемін деп алып кетіпті. Бірақ әжей тағы 500 000 теңге кредит алуға мәжбүр болған. Бүгінде бар қарызымды құтылсам деген арманмен жүрген ол тек зейнетақысымен күн көріп отыр.

"Қызы 500 000-ға сізді емдейміз деген. Қолында екі МРТ-ы бар, дәрігердің қағаздары бар, дәрі-дәрмек алған. Бірақ оның барлығы 500 000 теңге болады деп ойламаймын. Апа кешке жатқанда, таңертең тұрған кезде жылап тұрады. Бүгін өмір сүргеніме Аллама мың да бір рахмет, қарызымнан құтқарғанша мені бұл дүниеден ала көрме деген әңгіме айтады", - дейді "Көмек" оңалту орталығының басшысы Малика Әбдірашқызы.

Бүгінде істің мән-жайы белгілі, бірақ әлі шешім шықпаған. Орталық заңгерінің айтуынша Саламат Балабаеваның адвокаты ештеңе шеше алмай жатқан көрінеді. Біз тегін көмек беруге дайынбыз деген оңалту орталығындағылар қолымызда заңды түрде мүмкіндік болмай тұр дейді. Олардың айтуынша, соттасып жатқан қызы бір емес үш адвокат жалдаған көрінеді.

"Біз адвокатына қоңырау шалып сұрасақ, біресе судья кетіп қалды, біресе "больничныйға" шығып кетті дейді. Сіздердің қатыстарыңыз жоқ дейді. Қайда хабарлассақ та, бұл іс бойынша адвокат бар екенін айтады. Тек содан мәлімет аласыздар дейді, болды. Біз кіре алмаймыз. Осы апта күтеміз, болмаса адвокаттан бас тартып, өзіміз кірісеміз", - дейді "Көмек" оңалту орталығының заңгері Данияр Жиенбаев.

5 баласын жалғыз өзі асыраған ана бүгінде көмекке мұқтаж. Өз перзенттеріне сыймай, бүгінде орталықта өмір сүріп жатқан оның миллионға жуық қарызы бар.
Просмотров материала: 10 121

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 154 309 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 154 122 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 153 766 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 153 800 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 154 094 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 10 102 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 9 247 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 9 426 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 13 122 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 13 314 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 22 199 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 9 235 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 7 019 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 6 889 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 5 715 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 7 863 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 17 001 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 5 668 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 7 039 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 5 766 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 5 771 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 5 615 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 5 456 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 5 712 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 5 660 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 17 167 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 7 597 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 5 493 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 5 744 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 6 085 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 5 494 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 5 473 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 5 513 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 5 454 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 5 692 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 5 834 Просмотров





Опрос


«    Июнь 2025    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30