2 июля 2026 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Шымкентте дәрігерлер өмірін аман алып қалған үшемдердің көпбалалы анасын баспанасынан қуып жатыр

08 февраль 2019, 15:32
Шымкентте дәрігерлер өмірін аман алып қалған үшемдердің көпбалалы анасын баспанасынан қуып жатыр


Шымкентте биылғы жылы дүниеге келген алғашқы үшемдерді дәрігерлердің аман алып қалғаны отандық БАҚ-та жазылған еді. Бүгінде бұл отбасы далада қалуы мүмкін. Үш нәрестесімен перзентханадан шыққан әйел бұған дейін тұрып жатқан жеркепеге қайтып келген. Ол жерде перзенттері ауырып қалып, қайта ауруханаға түсіпті. Ендігі пәтер иесі баспанадан шығарғалы отыр екен. Бұл туралы Otyrar.kz хабарлайды.

Қазіргі уақытта Фозила Досметова дүниеге келгеніне екі ай болған үшемдерімен ауруханада жатыр. Оған тұрған үйлерінің санитарлық талаптарға сай келмеуі себеп болыпты. Бүгінде үшемдердің жағдайы жақсы. Алайда әйелдің қалған үш баласы қараусыз қалған.

«Ешқандай туысқаным жоқ, бір ғана нағашым бар еді, ол да болса өз күніңді өзің көр деп үйінен қуып жіберді. Содан бері пәтерден-пәтерге көшіп жүрмін. Балаларым үшін дәретхана да жудым, ыдыс та жудым – барлығын істедім. Енді қазір жұмыс істей алмаймын ғой. Балаларымнан обал. Қайда барамыз, не істейміз білмеймін. Елден көмек сұраймын, баспанам болса, алты баламның басын біріктірсем деймін. Үлкен үш баламның екеуі жалдап жатқан уақытша баспанада, бір қызымды қайтыс болған күйеуімнің анасының үйіне уақытша апарып тастадым. Сол балаларымды көрмегеніме де қанша уақыт болды», – дейді көпбалалы ана.

Анасы үшемдерімен ауруханада жатқанда, қалған кәмелет жасқа толмаған үш баласы қараусыз қалған. Олардың ішетін тамағы, киетін киімі жоқ. Өз беттерінше күн көріп отыр. Бүгінде олар сабаққа бару үшін де қиналады. Себебі оқып жатқан мектептері Сайрам ауданында орналасқан.

«Мектебімізге жету үшін таңғы сағат 6-да жолға шығамыз, бірінші 109-бен қырғы базарына, одан соң 32-ге мініп барамыз. Бірінші сабаққа үлгермейміз. Осы қаладағы мектепке ауысайын десек, бізді тұрақты тіркеулерің жоқ деп алмай жатыр. Қатты қиналып кеттік, інім екеуімізге күн сайын 1000 теңгедей кетеді, оны анамыздың құрбысы беріп тұр әзірге. Биыл мектеп бітіремін, тестілеуге дайындалуым керек, бірақ менде қазір ешқандай мүмкіндік жоқ, болашағыма сенбеймін», – дейді Фозиланың қызы Гузаль.

Фозиланың отбасы бір бөлмелі жалдамалы пәтерде тұрады. Іші суық болғандықтан, балалар қалың киініп жүреді. Пәтер иесі жылытқыш қосуға рұқсат бермейді екен.

Ал балалалар үшін уайымдап, оларға барынша көмектесіп жүрген – Фозиланың құрбысы Ұлболсын Абдуалиева. Ол құрбысының үйде қалған балаларына тамақ тасып, жолдарының шығынын өзі өтеуде. Алайда бір өзінің шамасы жетпей, қоғам белсенділерінен көмек сұрапты. Айтуынша, қазіргі уақытта пәтер иесі Фозиладан екі күннің ішінде үйді босатуды талап етіп отыр.

«Осы үйге де зар болып отырмыз. Үй иесі Астанада өртеніп кеткен 5 сәбидің оқиғасынан кйін мойныма балалар үшін жауапкершілік алмаймын, үйді босатыңдар деп отыр. Қазір күн суық, балалар қайда баратынын білмейді. Мен өзім пәтер жалдап тұрамын, күйеуім, енем, балаларым бар, бұл балаларды апаратын жерім де жоқ. Осы кезге дейін пәтерақысын да төлеп келдім, бірақ менің де жағдайым керемет емес. Сол үшін көмек сұрап отырмыз. Осы балалар үшін барлығы», – дейді Ұлболсын Абдуалиева.

Көпбалалы ананың жағдайынан хабардар болған қоғам белсендісі Нұрбол Нұрханов оған көмекке келіпті. Алайда ол Фозиланың шешілмеген мәселелері көп екенін анықтаған. Жалғызбасты ананың тіркеуі жоқ болғандықтан, мемлекеттік жәрдемақыларды ала алмаған.

«Алдында үш бала еді, үш балаға ешқандай көмек көрсетілмейді. Бірден 6 бала болды да, қиналып қалған жәйі бар. Қазір Фозиланың мемлекет тарапынан берілетін көмекке қол жеткізуі үшін тиісті құжаттарды дайындап жатырмыз, бірақ оның барлығы уақытты талап етеді. Бір ғана банктен шот аштыруға үш күн кетеді. Ал бұл отбасының күтетін уақыты жоқ. Екі күнде үйден шық деп отыр оларға. Сондықтан қоғам болып көмектесейік деп, халықтың назарын аударайық деп жүрміз. Солай көмектеспесек, басқа амалымыз жоқ», – дейді қоғам белсендісі Нұрбол Нұрханов.

Жалғызбасты ананың қиындығы туралы естіген қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасындағылар оның отбасына азық-түлік әкеп беріп, құжат мәселесін шешіп, мемлекеттен берілетін қаржылай көмекті реттестіруге уәде берді.

«Көмектесемін деп жүрген өкілі бізге келсе біз барынша көмектесеміз. Құжаттарды тезірек жинақтауға да қол ұшын береміз. Көпбалалы анаға мемлекет тарапынан көрсетілетін көмектер бар», – дейді қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының аз қамтылған отбасылармен, зейнеткерлермен, ардагерлермен жұмыс жүргізу бөлімінің басшысы Ұлдана Бекбау.

Сондай-ақ, «Ізлікте жарысайық» қайырымдылық қорының жанашырлары балаларға жылы киім әкеп берді.

Десе де көпбалалы ананың баспана мәселесі әлі де шешімін таппады. Егер бұл мәселе шешілмесе, ол алты баласымен бірге екі күннен кейін далада қалуы мүмкін.

Егер Фозила Досметованың отбасына көмектескіңіз келсе, 87784351957 нөміріне хабарласа аласыз.
Просмотров материала: 1 851

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 206 895 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 206 545 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 206 033 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 206 090 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 206 456 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 13 013 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 12 062 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 12 365 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 17 003 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 17 085 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 25 266 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 10 689 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 7 725 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 7 468 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 6 331 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 9 091 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 17 568 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 6 275 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 7 681 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 6 493 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 6 352 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 6 189 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 6 048 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 6 375 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 6 269 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 17 751 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 8 875 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 6 102 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 6 338 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 6 716 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 6 084 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 6 028 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 6 157 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 6 100 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 6 306 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 6 469 Просмотров





Опрос


«    Июль 2026    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031