6 декабря 2025 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Алматы облысының жаңа әкімі көмір проблемасын шеше алмай отырған шенеуніктерді жазалады

Алматы облысының жаңа әкімі көмір проблемасын шеше алмай отырған шенеуніктерді жазалады
Алматы облысының жаңа әкімі Қанат Бозымбаев аудан әкімдерінің жұмысын төмен деп бағалады. Ол өзінің бірінші орынбасарынан бастап аудан әкімдеріне дейін ескеру беріп үлгерді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі. Берілген тапсымасы уақытылы орындай алмаса жауапты шенділерге қатаң шаралар қолданылмақ.

Облыс әкімінің басшылығымен өткен селекторлық жиын жергілікті халықты көмірмен қамтамасыз етуге арналды. Жиынға штаб мүшелері мен бюджеттік бағдарлама әкімшілері, аудан, қала әкімдері, коммуналдық мекемелердің басшылары қатысқан. Облыс басшысы көмір тапшылығын әлі күнге шеше алмай отырған шенділерді шетінен сынға алды.

«Жылыту маусымы басталғалы облысымызға қажетті қатты отын көлемі әлі толық жеткізілген жоқ. «Қаражыра» кен орнынан әкелінген көмір көлемі 300 мың тоннаға жуық немесе 54% ғана құрап отыр, бұл өз кезегінде халықтың наразылығын тудыруда. Осыған байланысты қазіргі жиында жылыту маусымының өту барысын қарастырамыз», - деп бастады жиналысты Бозымбаев.

Облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Бағлан Тәнекеновтың мәліметінше, облыста жылумен жабдықтауды орталықтандырылған 35 қазандық жүзеге асырады. Оның 16 – газбен, 16 – көмірмен, 3 – мазутпен жұмыс істейді. Жылумен жабдықтау кәсіпорындарына қатты отын қажеттілігі – 405,3 мың тонна, бүгінгі күнге 221,9 мың тонна немесе 55% жеткізілген. Қоймалардағы көмір қалдығы – 49,9 мың тонна. Мазут қажеттілігі – 15 мың тонна, қалдығы – 6,6 мың тонна. Білім және денсаулық сақтау салалары нысандарына көмір жеткізу 64% және 54% құрап отыр. Қиындықтың басты себебі көмірді жеткізушілерді жасалған келісімшарттардағы өз міндеттемелерін орындай алмай, бас тартқандықтан туындаған. Тұрғындар үшін көмір қажеттілігі 1,33 млн. тоннаны құрайды. Көмір «Шұбаркөл», «Қаражыра» және «Ойқарағай» кен орындарынан жеткізіледі. Бүгінгі күнге дейін 1,08 мың тонна көмір халыққа сатылған. Облыстағы тұйықтар мен қоймаларға жоспарланған көмірдің 3876 вагоны немесе 267,5 мың тоннасы жеткізілмеген. Басқарма басшысының сөзінше, көмірдің тоннасы 14-16 мың теңге. Алайда, оның сөзін облыс әкімі жоққа шығарды.

«Мендегі мәлімет басқа. Мен көмірдің көтерме бағасын емес, тұрғындарға сатылатын бағасын сұрап отырмын. Халық қазір көмірді 23-30 мың теңге арасындағы сомаға сатып алып отыр. Неге бұлай? Ең алдымен көмір жетіспеушілігін болдырмау керек. Екіншіден, бағаның көтерілуіне жол бермеу керек. Егер көмір жетпей жатса, бағаны қалай ұстап тұра аласыздар? Жұмыстарыңыз нашар», - деді Қанат Бозымбаев.

Текелінің әкімі Молдахметовтің сөзінше, қалада 15 күнге ғана жететін көмір қоры қалған. Талдықорған қаласының әкімі Ержан Жасыбаевтың айтуынша, бюджеттік мекемелер жылыту отындарымен толық қамтылған. Талдықорғандағы 9 тұйық пен қоймаға күніне 9 вагон көмір келеді. Қаратал ауданындағы халықтың 67%, Алакөл ауданында тұрғындар көмірмен 71% ғана қамтылған.

«Қаратал ауданында жұмыс істеп тұрған 4 тұйықтың 1-і жұмысын тоқтатқан. Қанша уақытта 100% жеткізесіздер? Қазір ауа райы жылынып, көмек боп тұр. Егер аяз қысса не істейсіздер? Көмірдің 15 күндік қоры деп отырғандарыңыз 5-ақ күнде таусылады. Сондықтан Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасына, аудан, қала әкімдіктеріне, бюджеттік бағдарлама әкімшілеріне энергиямен жабдықтаушы кәсіпорындарда отынның нормативтік қорын қамтамасыз етіп, температуралық режимді сақтауды тапсырамын. Бюджеттік мекемелердің энергиямен жабдықтаушы кәсіпорындардың алдындағы дебиторлық берешектерді өтеу шаралары қабылдансын. Бюджеттік сала нысандарына отынның кесте бойынша жеткізілуі қамтамасыз етілсін. Халықты көмірмен қамту шаралары уақытылы қабылданып, бағалардың өсуіне жол берілмеуін қатаң тапсырамын. Халықтың әлеуметтік жағынан қорғалатын осал топтарына көмірді коммуналдық автокөліктермен жеткізіп беру ұйымдастырылсын. Әр аудан, қалада көмір тасымалдаумен кімдер айналысады, қандай көлікпен тасиды, бәрін біліп отырсыздар. Сондықтан оларды шақырып, тиісті калькуляция жасап, келісім негізінде шекті бағаны қою керек. Оған көнбей ме, көмір тұйықтарына жібермеңіздер. Бағаны бақылаңыздар. Көмір жетіспеушілігінен халық зардап шекпеуі керек», - деді Қанат Бозымбаев.

Халықты көмірмен қамтамасыз етуді нашар ұйымдастырғаны және қанағаттанарлықсыз жұмысы үшін облыстық Энергетика және ТҮКШ басқармасының басшысы Бағлан Тәнекеновке сөгіс берілді. Облыс әкімі өзінің бірінші орынбасары Лаззат Тұрлашов пен аудан, қала әкімдеріне ескерту жасап, 15 күннің ішінде жағдайды түзету тапсырылды. Егер тапсырма орындалмаса, оларға қатаң шаралар қолданылмақ.
Просмотров материала: 597

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 178 070 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 177 569 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 177 162 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 177 213 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 177 510 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 11 410 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 10 548 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 10 778 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 14 921 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 15 072 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 23 707 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 10 037 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 7 432 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 7 262 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 6 085 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 8 291 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 17 348 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 6 028 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 7 423 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 6 142 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 6 149 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 5 979 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 5 819 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 6 081 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 6 019 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 17 535 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 8 044 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 5 851 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 6 122 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 6 483 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 5 867 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 5 819 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 5 867 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 5 833 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 6 064 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 6 206 Просмотров





Опрос


«    Декабрь 2025    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031