26 июня 2025 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Елде биыл 2 млн тонна көмір тапшылығы болуы мүмкін

04 октябрь 2021, 17:51
Елде биыл 2 млн тонна көмір тапшылығы болуы мүмкін
Қыстың қамын жаз ойла, десек те биыл жаздың өзінде елімізде көмір бағасы қымбаттаған. Оған себеп, елдегі көмір өндірісінің төмендеуі. Биыл қаңтар-маусым айында 171,6 млрд теңге қатты отын өндірілді. Бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 3,9%-ға төмен.


Қазақстанның көмір нарығында 200-ге жуық компания биыл 69 млн тонна көмір өндірген. Оның 5 млн тоннасы коммуналдық қажеттілікке жұмсалады. Яғни, бұл – халық сатып алатын көмірдің мөлшері. Биыл жыл басынан бері 19 млн тонна көмір экспортқа жіберілді. Қазір қорда 1,5 млн тонна көмір қалды. 2021-2022 жылдарға арналған жоспар бойынша халыққа 9 млн 200 мың тонна қатты отын қажет. Оның ішінде коммуналық секторға 2 млн 800 мың тонна, елді-мекендердегі халыққа 6 млн 400 мың тонна керек. Қазір республика бойынша әкімдіктерге 7 млн тонна көмір жеткізілген. Оның ішінде халық сатып алатын көмір 4 млн ғана. Яғни, жеке сектор үшін қыста 2 млн тонна көмір тапшылығы туындайды деген сөз.

«Биыл қысқа дайын емес өңірлердің қатарында Ақтөбе облысы көш бастап тұр. Мысалы, облысқа 28 мың тонна көмір керек болса, соның тек 7,4 мың тоннасы ғана дайын. Жергілікті атқарушы органдар көмір тапшылығы туындамайды деп есеп берді», – дейді Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі өндірістік қауіпсіздік комитеті қара металлургия және көмір өнеркәсібі басқармасының басшысы Жанат Игісінов.

Қазақстанда жыл сайын тас көмір өндіру жылына 50 млн тоннаға дейін қысқарып келеді. Нарық заңдылығы бойынша тапшылық туындаса, тауардың бағасы өседі. Мәселен, 2021 жылғы маусымның қорытындысы бойынша тұтынушылар үшін тас көмірдің құны бір айда 0,1%-ға және бір жылда 3,8% -ға өсті. Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, республика бойынша тамыз айында тіркелген көмір бағасы тоннасына – 5513 теңге. Ал Қарағанды қаласында 7093 теңге болса, Павлодарда 3158 теңге деп бекітілген. Республикада көмір бағасы тоннасына 5000-13000 теңге аралығында.
Елде биыл 2 млн тонна көмір тапшылығы болуы мүмкін



Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің жаңа ережесі бойынша көмір нарығының 10%-ы тауар биржасы арқылы республикадағы 200 көмір орталықтарына саудаланады. Яғни, оның бәрі – жеке компаниялар. Ал қалған 90% нарықтың үлесі алып-сатарлар мен делдалдардың еншісінде. Салаға жауапты министрлік көмір бағасы монополияға қарсы органның бақылауында болады деп сендіріп отыр.

Биыл қыс басталмай жатып Петропавл тұрғындары көмір тапшылығын сезіп үлгерді. Биылға қала тұрғындарына 391 мың тонна көмір қажет. Оның 93 пайызы жеткізілген. Бірақ халық алып-сатарлардың есігін жағалап, көмір ала алмай жүр. СҚО ТҮКШ басқармасының басшысы Евгения Островскаяның айтуынша, аудан әкімдіктері мен Петропавл қаласы әкімшілігі тұрғындарға жаз айларында отынды әзірлеп алу керегін ескертіпті.

ҚТЖ «Жүк тасымалы» ЖШС атқарушы директоры Нұржан Келбұғанов: «Өскемен қаласында көмір тапшылығы туындады деген хабар тарады. Қазір қаладағы көмір жеткізу көрсеткіші 110 пайызға орындалды. Павлодардағы «Элит» дейтін орталыққа 57 вагон көмір жеткізілді. Бұл алдын ала сұраныс бойынша жіберілген көмір мөлшері. Осы екі өңірде ешқандай көмір тапшылығы болмайды», – деп сендіріп отыр.

Биыл қыста халық тұтынатын көмірге 2 млн тонна көмір тапшылығы туындауы бек мүмкін. Ішкі нарықтағы сұраныстың жоғары болғанына қарамастан, Қазақстан шет елге көмір жіберуде көш бастап келеді. Біздің ел көмір экспорттайтын үздік 15 елдің қатарында.

Энергетика министрлігінің мәліметінше, жылыту маусымы 8 өңірде (Ақмола, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облысы және Нұр-Сұлтан қаласы) іске қосылды.

Қалған 9 өңір бойынша ауа райының қолайлы жағдайына байланысты жылыту маусымы әлі басталған жоқ. Жылыту маусымының басталуы жергілікті атқарушы органдардың шешіміне сәйкес яғни, ауа температурасы 5 тәулік бойы 10 градус С-ден төмен болғанда іске қосылады.
Просмотров материала: 1 587

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 154 261 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 154 074 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 153 718 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 153 752 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 154 046 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 10 097 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 9 242 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 9 421 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 13 118 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 13 307 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 22 194 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 9 232 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 7 016 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 6 886 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 5 712 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 7 860 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 16 997 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 5 665 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 7 035 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 5 763 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 5 768 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 5 613 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 5 453 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 5 708 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 5 657 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 17 163 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 7 594 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 5 489 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 5 741 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 6 082 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 5 490 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 5 470 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 5 510 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 5 452 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 5 689 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 5 831 Просмотров





Опрос


«    Июнь 2025    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30