22 августа 2025 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



«Жоғары біліммен қой бағып, көше сыпырып жүрміз»: СҚО-ға қоныс аударушылар жұмыссыздыққа шағымданды

«Жоғары біліммен қой бағып, көше сыпырып жүрміз»: СҚО-ға қоныс аударушылар жұмыссыздыққа шағымданды
«Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы арқылы Солтүстік Қазақстан облысына қарасты Мамлют ауданына көшіп барған жоғары білімді азаматтар жұмысқа орналаса алмай жүр. Айтуларынша әкімдік орыс тілін білмейтін мамандары еңбекпен қамтудан бас тартқан. Салдарынан тәжірибелі заңгер Рахымжан Тоқтанаев құрылыста жұмыс істесе, әйелі Мақпал базар жағалауға мәжбүр. Отбасын асырау үшін күндіз-түні еңбек етіп жүрген ерлі-зайыпты балаларынан айрылып қалудан қорқады. Өйткені көршілердің бірі 4 баланың үйде қараусыз отыратынын айтып, қамқоршылық органдарына шағым тастаған. Ата-ана құқығынан айрылып қалудан қауіптенген Тоқтанаевтар Azattyq Rýhy редакциясынан көмек сұрады.

АЙЛЫҒЫ 49 МЫҢ ТЕҢГЕ: ШАЙЛЫҒЫНА ДА ЖЕТПЕЙДІ

Рақымжан Тоқтанаев – жоғары білімді заңгер. Оңтүстік Қазақстанның тумасы. Түстікте 10 жылға жуық уақыт білім алған дипломына сай еңбек еткен. Тек теріскейге көшкенде оның құны көк тиынға теңелді. Орыс тілін жетік білмейтін маманға жұмыс табылмапты. Көпбалалы әке амалсыздан жергілікті шаруашылықтардың біріне малшы болып жұмысқа кірген. Баспана берілгенімен 49 мың теңге жалақы 6 адамнан тұратын отбасын асырауға жетпесі хақ. Еңбек ақысы мардымсыз болғандықтан жұмыстан кетуге арыз жазғанда, шаруа қожалығының иелігіндегі үйді де кері қайтаруға мәжбүр болыпты. Қазір мемлекеттік бағдарлама бойынша берілген баспанада тұрып жатыр. Жылжымайтын мүлік үшін жергілікті әкімдікке 7 млн теңгеден астам ақы өтейді. Өткен жылы әзер қыстап шыққан отбасы биыл да үреймен отыр. Есік-терезеден жел соқса, еден табанды қариды. Оған балаларынан айрылып қалуымыз мүмкін деген қауіп те қосылған. Мақпал Тоқтанаева әр күнінің уайыммен өтіп жатқанын айтып налиды.

«Еңбек» бағдарламасы жайында білген соң Солтүстік Қазақстанға көшуге бел будық. Мемлекеттік жоба жайында жағымды және жағымсыз пікірлер естідім. Біріншісіне сенгім келді. Оны сынайтындар жатыпішерлер, еңбектенуден гөрі мемлекетке аузын ашып отырғанды жөн санайтындар деп ұйғардым. Қолы қимылдағанның аузы да қимылдайтынын дәлелдеп, сондай кісілерге үлгі көрсеткім келді. Қателескен екенмін. Жап-жақсы бағдарлама. Тек орындалуы ақсап тұр. Біз солтүстікке 2018 жылы көшіп кедік. Квотамызды алдық, үй берілді. Бірақ әлі күнге дұрыс жұмысқа орналаса алмай жүрміз. Жолдасым басқа қалада құрылыста. Екі ай жұмыс істеп, бір ай демалады. Жалақысы кредит төлеуге кетеді. Осында келген соң ішерге тамақ, киерге киім болмай банктен қарыз алуға тура келді», - дейді көпбалалы ана.



ЗАҢГЕР БАЗАР ЖАҒАЛАП ЖҮР

Мақпал да заңгер. Дипломы бар. Көпбалалы ана мамандығы бойынша жұмыс істеп көрмеген. Өз ісін ашу мақсатында арнайы курстан өтіп, грант алған. Арасында тапсырыс бойынша түрлі бұйымдар сатады. Бірақ, шағын ғана ауылда сұраныс төмен. Қазір ұл-қыздарын асыру үшін базар жағалауға мәжбүр. 40 шақырым жердегі облыс орталығындағы базарлардың бірінен шағын ғана орынды жалға алған. Киім-кешек сатып жүр. Бар мақсаты балаларына нан тауып беру.

«Екі бала мектепте оқиды. Екі кішкентай балабақшаға барады. Таңертең барлығын апарып тастап автобуспен Петропавлға кетемін. Кешкі 7-ге қарай үйге жетемін. Әкімдік көршілердің бәрін бізге қарсы қойып қойған. Біреуі қамқоршылық органдарына балалар үйде жалғыз орытады деп ақпарат беріпті. Олар келіп «ата-ана құқығынан айырып, балаларды алып кетеміз» деп ескерту жасап кетті. Айрылып қаламыз ба деп қорқамын. Күндіз – күлкі, түнде ұйқыдан айрылдым. Жұмыс істемесем оларды қалай асыраймын», - дейді Мақпал.

«Жоғары біліммен қой бағып, көше сыпырып жүрміз»: СҚО-ға қоныс аударушылар жұмыссыздыққа шағымданды


ЕСЕПШІ ҚОЙ БАҒЫП ЖҮР

Дәл осы Покровка ауылында тұратын Жүсіп Өмірзақтың да жағдайы осындай. Екі бірдей жоғары білім туралы дипломы бар азамат қой бағып жүр. Жалғызбасты әкенің 12 жастағы қызы бар. Баласына су тасытқаны үшін қамқоршылық органдары Жүсіпке де ескерту жасаған.

«Қазақстанға Қытайдан көшіп келдім. Шет елде жағдайымыз жаман болмады. Тек ұрпағым қазақ болса екен дедім. Туған тілінде оқып, атамекенінде тамыр жайсын деген мақсат. Алайда, осындай жағдайға душар болдым. Бастапқыда әкімдікте жұмыс істедім. Әкімнің орынбасары «орысша білмейтіндер керек емес» деп ашық айтты. Енді 500 мың теңгелік грант алып, қой өсіріп жатырмын. Басқа табыс көзі жоқ. Қазір жемнің өзі қымбат. Берілген үй енді басқа әңгіме. Іштегі қабырғаның жарығынан қарасаң дала көрінеді. Айта-айта жауыр болды бұл мәселе», - дейді Жүсіп Өмірзақұлы.



Ауданда оңтүстік өңірлерден қоныс аударушылар арасында жоғары біліммен қара жұмыс істеп жүргендер аз емес. 8 жылдық өтілі бар мұғалім ақаша табу үшін көше сыпыруға мәжбүр. Алайда, Мамлют аудандық жұмыспен қамту орталығы үшін бұл аздық етеді екен.

«Дипломы барлар келіп жатыр. Екі жоғары, орта арнаулы білімі бар азаматтар да кездесті. Алайда, олардың тәжірибесі жоқ. Сондықтан жұмысқа тұруға өздері де ниетті емес. Көшіп келушілердің басым бөлігінің несиесі бар. Алған квота соны несие жабуға кетітінін байқап жүрміз», - дейді жұмыспен қамту орталығының директоры Бибігүл Қасенова.

Жұмыссыздықтың кесірінен шыққан өңіріне көшіп кетіп жатқандар да аз емес. Биыл «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында Солтүстік Қазақстан облысына бөлінген 4,2 млрд теңгенің 2,3 миллиарды республикалық бюджетке қайтарылды. Оған бағдарламаны орындауда кеткен олқылықтар себеп.
Просмотров материала: 557

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 162 691 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 162 521 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 162 148 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 162 190 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 162 478 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 10 567 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 9 709 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 9 921 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 13 769 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 13 952 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 22 732 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 9 532 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 7 169 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 7 027 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 5 849 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 8 017 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 17 130 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 5 798 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 7 174 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 5 904 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 5 916 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 5 747 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 5 591 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 5 846 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 5 795 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 17 299 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 7 750 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 5 627 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 5 888 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 6 220 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 5 629 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 5 602 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 5 641 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 5 593 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 5 825 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 5 966 Просмотров





Опрос


«    Август 2025    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031