2 июня 2025 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



СҚО-да «Еңбек» бағдарламасына қатысушыларға арналған 300 үй бос тұр

СҚО-да «Еңбек» бағдарламасына қатысушыларға арналған 300 үй бос тұр
Биыл «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында Солтүстік Қазақстан облысына бөлінген 4,2 млрд теңгенің 2,3 миллиарды республикалық бюджетке қайтарылды. Оған бағдарламаны орындауда кеткен олқылықтар себеп. Теріскейге түстіктен көшіп келушілерді қоныстандыру мақсатында мемлекет қаржысына сатып алынған 300 баспана бос тұр. Өйткені оңтүстіктен көшіп келушлер сиреп кеткен, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.

ҚОНЫС АУДАРУШЫЛАР ҮЙ ЖАЛДАП ТҰРЫП ЖАТЫР

Мемлекеттік бағдарлама шартына сәйкес қоныс аударушыларға арналған үйлерді аудандық әкімдіктер байқау жариялау арқылы сатып алады. Әрбір баспанаға 8 млн теңге бөлінеді. Ақжар, Есіл, Жамбыл, Тимирязев, Уәлиханов аудандары және Шал ақын аудандарында бюджет қаржысын шығындап сатып алған үйлердің жартысынан көбі бос тұр.

Нұрлыбай Монтаев теріскейге 2018 жылы Түркістан облысынан көшіп келген. Көші-қон мәселесіне жауапты мамандар оны облыс орталығынан 170 шақырым қашықтықтағы Жамбыл ауданының Железное ауылында қоныстандырған. Көпбалалы отбасына облыс көлемінде бос тұрған 300 үйдің бірі де бұйырмапты, тұрақты жұмыспен де қамтылмаған. Айына 20 мың теңге төлеп, ауылдағы бос үйлердің бірін жалдап тұрып жатыр.

СҚО-да «Еңбек» бағдарламасына қатысушыларға арналған 300 үй бос тұр


«Бізбен бірге 3 отбасы көшіп келді. Не үй, не дұрыс жұмыс берілмегендіктен олар көшіп кетті. Үш жылдан бері бала-шағамен үй жалдап келеміз. Әкімдік өкілдері көптен уәде беріп келеді. Әзірге нәтиже жоқ. Үйдің құрылысы басталды. Жобасы көңілімізден шықпағаннан кейін құрылысшыларға 500 мың теңге төлеп, едені жылы болатындай төсеме салдық, жоспарын өзгерттік. Солтүстіктің қысы қатты. Биыл жаңа үйдің тағдыры не боларын білмейміз. Қазіргі тұрып жатқан үйіміз 5 жыл бос тұрып, бұзыла бастаған. Оған өз қалтамыздан 500 мың шығарып, жөндедік. Келгелі әр адамға берілетін көтермеақыдан басқа ештеңе алған жоқпыз. Өз күшімізбен күн көріп келеміз. Бірнеше рет кетуге оқталдық. Үйден үміттеніп, осы жақта қалып отырмыз. Оның өзі тегін берілмейді ғой», - Нұрлыбай Монтаев.



Қазір Железное ауылында 3 үйдің құрылысы жүріп жатыр. Алайда кейіпкеріміздің өз баспанасына ие болсам деген арманы биыл да орындалмай қалуы мүмкін.

ӘКІМДІК ҚҰРЫЛЫСЫ АЯҚТАЛМАҒАН 10 ҮЙ САТЫП АЛҒАН

Қоныс аударушыларды баспанамен қамтамасыз ету мақсатында өткізілетін мемлекеттік сатып алуға заңды тұлғалармен қатар, жеке тұлғалар да қатусыға құқылы. Жамбыл аудандық әкімдігімен ауызша келісім негізінде үй салғандардың бірі - Нұргелді Қожамбердиев. Бірнеше үйдің құрылысы аяқталса да, сатылмай қалып, шаш етектен шығынға батқан.

«Майбалық ауылында құрылысы біткен 8 үй бар. Үшеуін мен салдым. Әкімдік оларды қабылдамай қойды. Сатып алуға байқау жарияламай отыр. Сапасы келісті. Жобасы талапқа сай. Үй салу үшін несие алдық. Қазір айына 200 мыңнан төлеп жатырмыз. Біреуін уақытша тоқтатып қойдым. Бастапқыда әкімдік өкілдері келіп, қадағалап жүрді. Соңғы уақытта ешкім көрінбейді», - дейді құрылысшы.

Есесіне Жамбыл аудандық әкімдігі Жамбыл ауылындағы құрылысы толық аяқталмаған 10 үйді 80 млн теңгеге сатып алған. Бұл фактілер Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті жүргізген тексеріс нәтижесінде белгілі болды.

«Үйлерді әкімдік сатып алған кезде мен ауруханада жатқан болатынмын. Кемшіліктері болғаны рас. Қазір олар жойылды. Үйлер тұруға дайын. Есеп комитеті көрсеткен кемшіліктердің ішінде ішкі есіктердің, жылу жүйесінің, жарықтың жоқтығы сынды ескертулер жазылды. Қазір олардың бәрі бар. Отын, қора, қоршауға дейін орнатылды. Ал салынған үйлерді сатып алу мәселесіне келер болсақ, аудан бюджетінде бағдарлама бойынша бөлінген ақша жоқ. Сондықтан сатып ала алмаймыз», - дейді Жамбыл ауданының әкімі Марат Ескендіров.

СҚО ӘКІМДІГІ КЕМШІЛІКТЕРДІ ЖОЙҒАН ЖОҚ

Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті жүргізген тексеріс барысында «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы бойынша облыс көлемінде 99 млн теңге көлемінде қыржылық заң бұзушылық анықталды. Мемлекеттік бағдарлама тиісті деңгейде орындалмағаннан кейін бөлінген қаржының жартысынан көбі республикалық бюджетке қайтарылған.

«2019-2020 жылдары СҚО бойынша 1035 тұрғын үй сатып алынған болатын. Мамыр айының басында ол үйлердің 500-ден астамы бос тұрды. Қазірдің өзінде 300-ден астам баспанаға ешкім қоныстанған жоқ. Бос тұрған үйлерге адамдар келмейінше жаңасын сатып алу мәселесі қарастырылмайды. «Еңбек» бағдарламасы бойынша облысқа бөлінген 4,3 млрд теңгенің 2,3 миллиарды қайтарылды. Себебі, облыстық әкімдік Президент әкімшілігі жүргізген тексерістен кейін жасалған ескертулерді орындаған жоқ. Республика бюджетіндегі қаражатты мақсатты пайдалану шарт», - дейді Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі департаментінің бас сарапшысы Рауан Қапан.

Елімізде мемлекеттік бағдарлама қабылданғаннан бері Солтүстік Қазақстанға оңтүстік аймақтардан 2 мыңнан астам отбасы қоныс аударды. 150-ге жуығы шыққан өңіріне қайта кетіп қалған.
Просмотров материала: 645

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 150 900 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 150 708 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 150 365 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 150 392 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 150 692 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 9 891 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 9 040 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 9 206 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 12 847 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 13 044 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 21 979 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 9 097 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 6 942 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 6 814 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 5 639 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 7 783 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 16 927 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 5 593 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 6 962 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 5 691 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 5 697 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 5 540 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 5 382 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 5 638 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 5 580 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 17 091 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 7 516 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 5 421 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 5 663 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 6 009 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 5 421 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 5 400 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 5 440 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 5 382 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 5 617 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 5 760 Просмотров





Опрос


«    Июнь 2025    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30