19 марта 2026 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



ТӘУЕЛСІЗДІКТІҢ 30 ЖЫЛЫНДА 30 СӨЗ ҮЙРЕНБЕСЕҢІЗДЕР НЕҒЫП ЖҮРСІЗДЕР? - Қазыбек Иса

ТӘУЕЛСІЗДІКТІҢ 30 ЖЫЛЫНДА 30 СӨЗ ҮЙРЕНБЕСЕҢІЗДЕР НЕҒЫП ЖҮРСІЗДЕР? - Қазыбек Иса
ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, «Ақ жол» фракциясы мүшесі Қазыбек Иса ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Ерлан Қиясовты мемлекеттік тілді білмегені үшін қатты сынады.

Өткен бейсенбіде, 2021жылы 18 қарашада ҚР Парламенті Мәжілісінің екінші сессияға арналған өкілеттіктерін іске асыру жөніндегі негізгі іс-шаралар жоспарына сәйкес Әлеуметтік-мәдени даму комитеті «Қазақстан Республикасының биологиялық қауіпсіздігі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасын талқылау бойынша дөңгелек үстел өткізді.

Дөңгелек үстелге Әлеуметтік-мәдени даму комитеті депутаттары, жұмыс тобының мүшелері, ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі, ҚР Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Ерлан Қиясов, ҚР Ауыл шаруашылығы вице-министрі Рүстем Құрманов, ҚР Білім және ғылым вице-министрі Қуаныш Ерғалиев қатысты. Сондай-ақ бейнеконференция байланыс құралдары арқылы биологиялық, медициналық технологиялар, биологиялық қауіпсіздік, экология, ғылыми зерттеулер саласындағы қызметті жүзеге асыратын ұлттық орталықтар мен институттардың басшылары, мүдделі министрліктер мен ведомстволардың, сондай-ақ Қазақстан медициналық зертханалар қауымдастығының, Еуразиялық медициналық қауымдастықтың, Қазақстан дезинфекциялаушылар одағының, «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының өкілдері және басқа да сарапшылар мен мамандар қатысты.

Жиынды Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің хатшысы Дархан Мыңбай жүргізді.

Осы жиында ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, «Ақ жол» фракциясы мүшесі Қазыбек Иса ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі, ҚР Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Ерлан Қиясовты мемлекеттік тілді білмегені үшін қатты сынады.

ТІЛ ТУРАЛЫ ЕЛБАСЫ ТАПСЫРМАСЫН ТЕК «АҚ ЖОЛ» ҒАНА ОРЫНДАУЫ КЕРЕК ПЕ?

-Өткенде де, осы заң жобасының тұсаукесерінде айтып едік, вице-министр Ерлан Аңсағанұлы Қиясов мырза! Сізге сол кезде де біздің депутаттарымыз қазақша сұрақ қойғанда орысша жауап бердіңіз. Бүгін үш депутат қазақша сұрақ қойды, орысша жауап беріп жатырсыз. Қазір 15-20 адам баяндама жасап, сөйледі. Сонда екі адам ғана қазақша сөйледі - Мақсат Бердіқұлов және Білім вице-министрі Қуаныш Асылханұлы. Рақмет.

Астанаға келген соң, бір жиында айтып едім, «Біздің Үкіметте жүрсең де, Парламентте жүрсең де, жалпы астанада жүргенде қазақша сөйлеген адам көрсең, шетелде жүріп қазақ көргендей қуанып кетесің» деп. Мен осы қазақша сөйлеген екі бауырым үшін қуанып отырмын. Бірақ, Ерлан Аңсағанұлы үшін қуарып отырмын. Өйткені, өткенде сіз маған қазақша жауап бере алмағанда уәде бергенсіз, «Сізге жазбаша жауап қайтарамын» деп. Әлі сол жауапты қайтарған жоқсыз, қауіпті ақпараттарды таратпау жөніндегі мәселе бойынша.

Сіздер парламентке келе жатқанда ойламайсыздар ма, адреске қарамайсыздар ма, Парламент қай елдің Парламенті деп? Жайбарақат, Ресейдің Думасына келе жатқандай келесіздер! Бұл-Қазақстан Парламенті! Ерлан Аңсағанұлы, сіз «Nur Otan» партиясының мүшесіз ғой? Ендеше Елбасы, «Nur Otan» партиясының төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Парламент пен Үкімет тек мемлекеттік тілде сөйлесін» деген тапсырмасын білесіз, неге орындамайсыз? Осы жерде баяндама жасаған, сөйлеген 15-20 шақты адам түгелімен «Nur Otan» партиясының мүшесі. Бәрі Ресей тілінде сөйлеп отыр. Ойланатын уақыт болды, 30 жыл болды. Мысалы, мен бұл талапты өзге ұлттың өкілдеріне айтып отырған жоқпын, «неге мемлекеттік тілде сөйлемейсіңдер?» деп. Бұлай айту негізі парызымыз, міндетіміз болса да, 30 жыл болды, бірақ оларға айтып отырған жоқпыз. Сізге айтып отырмын. Осымен екінші рет келіп тұрсыз және менің қазақша сұрағыма жауап бермедіңіз. Ал біздің Парламентте Наталья Дементьева, Артур Платонов секілді өзге ұлттың өкілдері, бұрыннан қазақша сөйлеп келе жатқан Генадий Шиповских, бәрі мемлекеттік тілде сайрап сөйлеп, баяндама жасап жүр.

Заңымызға сай тек мемлекеттік тілде сөйлеу заң шығарушы орган Парламентте болмаса, бұл қайда болады? Мен сіздерге мысал үшін, ескерту үшін айтып отырмын, өткенде біз 3 маусымда осында дөңгелек үстел өткіздік. Шығармашылық одақтар, қоғамдық ұйымдардың жағдайы жөнінде. Мен сонда айтып едім «Бұл Парламенттің тарихындағы тұңғыш қазақ тілінде, мемлекеттік тілде өткен дөңгелек үстел» деп. Енді соны бекер айтқан екенмін деп, өйткені сол жиын тұңғыш және соңғы болып қала ма деп қорқып отырмын.

Иә, жиынды тек мемлекеттік тілде өткізу парламентте бізде, Әлеуметтік-мәдени даму комитетінде басталуы керек қой, Дархан Қамзабекұлы! Әйтпесе, бұл бастаманы заңның қадағалауын қарайтын Заңнама және сот-құқықтық реформа комитеті бастай ма, әлде Экология комитеті бастай ма? Осы біздің ойымызда болсын. Әлеуметтік-мәдени даму комитеті ең үлкен комитет, 20 депутат бармыз. Бүкіл зиялылар, ақын-жазушылар осында, саясаттанушылар осында, ғалымдар, докторлар осында. Төрайымымыз – Ұлттық Ғылым академиясының академигі, біз бастамағанда кім бастайды? Талап етуге байланысты барлығы. Жаңағы айтқан, біз жауапты болып, ұйымдастырған жиынымызда, Мақпал ханымға рақмет, сол кезде өзі қадалып отырып, Жанарбек бауырым қостап, мен бастап, бәріне айттық: « Жиын тек мемлекеттік тілде болады» дедік және соны бәрінен талап еттік. Үш вице-министрдің баяндамасының үшеуі де орысша жазылып қойылған екен, қазақшаға аударды. 15 шақты адамның біразы, қазақ тілді еместері де біз талап еткен соң, қазақша жазып алып келіп, оқыды. Бұның бәрі талап еткенге байланысты.

Биыл Тәуелсіздіктің 30 жылдығын тойлайын деп отырмыз, бір айдан да аз уақыт қалды. 30 жылда 30 сөз үйренбесеңіздер, неғып жүрсіздер? Сіз жәй қызметкер, немесе бизнесмен болсаңыз, мен Сізге үндемеймін, қалаған тіліңізде сөйлей беріңіз. Сіз Денсаулық сақтау министрінің орынбасарысыз. Осы естеріңізде болсын!.

Өткендегі бір жиында да айтып едім. Елбасы – «Nur Otan» партиясының төрағасының «Парламент пен Үкімет тек мемлекеттік тілде сөйлесін» деген тапсырмасын сонда тек «Ақ жол» партиясы, мен ғана орындауым керек пе, «Нұротандықтар» неге орындамайды деп? Осы ойларыңызда болсын. Рахмет.

Қазыбек Иса, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, «Ақ жол» фракциясы мүшесі

Дерек көзі: facebook
Автор: Қазыбек Иса -
Просмотров материала: 2 145

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 191 484 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 191 039 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 190 589 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 190 633 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 190 975 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 12 135 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 11 246 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 11 523 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 15 883 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 16 008 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 24 443 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 10 336 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 7 542 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 7 357 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 6 191 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 8 543 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 17 434 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 6 124 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 7 529 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 6 288 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 6 235 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 6 069 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 5 910 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 6 197 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 6 131 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 17 630 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 8 323 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 5 954 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 6 218 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 6 585 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 5 972 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 5 918 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 5 997 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 5 955 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 6 169 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 6 320 Просмотров





Опрос


«    Март 2026    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031