4 мая 2025 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



АЭС-ке қатысты нақты шешім қабылдауымыз керек – Тоқаев

19 ноябрь 2021, 15:30
АЭС-ке қатысты нақты шешім қабылдауымыз керек – Тоқаев
Қасым-Жомарт Тоқаевтың Алматы қаласына жұмыс сапары қаржы секторының өкілдерімен кездесуден басталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Мемлекет басшысының Алматыдағы резиденциясында өткен жиынға Президент Әкімшілігінің басшылық құрамы, мемлекеттік органдардың, ірі қаржы құрылымдары мен банктердің басшылары қатысты, делінеді Ақорда хабарламасында.

Қасым-Жомарт Тоқаев мұндай құрамдағы кездесудің алғаш рет өткізіліп отырғанына назар аударды. Президенттің айтуынша, жиынды өткізуге еліміздің қаржы секторында шешілуге тиіс қордаланып қалған мәселелер түрткі болған.

АЭС-ке қатысты нақты шешім қабылдауымыз керек – Тоқаев

– Кейінгі 1,5 жылдағы белгілі бір қиындықтар қаржы нарығына да оңай тиген жоқ. Мұндай жағдайда біздің басты міндетіміз экономикада да, қаржы жүйесінде де тұрақтылықты қамтамасыз ету үшін дағдарысқа қарсы кешенді шараларды іске асыру болды және солай бола береді. Негізі, біз өсім траекториясына шыға алдық, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Бұдан кейін кездесуге қатысқандардың сөздерін тыңдаған Президент осы бағыттағы бірқатар нақты міндетке назар аударды.

Мемлекет басшысы, ең алдымен, қаржы секторының тұрақтылығына тоқталды. Сондай-ақ бүгінде қаржы секторының дәрменсіз банктерден арылғанын, ал сауықтыру аясында 6,6 триллион теңгеге жуық нашар несиелер есептен шығарылғанын атап өтті. Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, өтеу мерзімі 90 күннен асқан қарыздардың деңгейі банктердегі несие портфелінің 4,3 пайызын құрайды. Бұл – соңғы 13 жылдағы ең төменгі көрсеткіш. Президент осыдан қорытынды шығарып, жинаған тәжірибе негізінде жиі қайталанатын тәуекел-қатерлердің алдын алу шараларын күшейту қажет екеніне тоқталды.

Президенттің айтуынша, банктер мемлекеттік қолдаудың арқасында бүгінде экономиканы несиелеу бойынша зор әлеуетке ие болып отыр. Банк жүйесіндегі өтімділігі жоғары активтердің көлемі – 12,2 триллион теңге.

– Биыл тұрғындар сұранысының белсенді түрде қалыпқа келе бастағанын байқап отырмыз. Тұтынушылық несие 32,8 пайызға артқан. Несие алушылар 6,1 миллион адамға жетті. Бәлкім, бұл қалыпты үдеріс. Алайда азаматтарымыздың қарыз жүктемесіне тиімді бақылау жасау маңызды. Қазіргі уақытта 545 мың адамның қарызын өтеу мерзімінің кешеуілдеуі 90 күннен асқан. Мәселе еліміздің қаржы тұрақтылығына төнген тәуекел-қатерде ғана емес. Бұл көптеген азаматтарымыздың қаржы тапшылығымен бетпе-бет келгенін білдіреді. Бұл әлеуметтік және саяси тұрақсыздыққа алып келуі мүмкін, – деді Президент.
Мемлекет басшысы борышкерлерге қатысты қаржы нарығындағы өкілдердің шектен шығу әрекеттеріне тоқталды.

– Несие мекемелерінің басшыларына ішкі рәсімдерді күшейту мәселесін пысықтауды, сондай-ақ жекелеген қызметкерлер мен сырттан тартылатын коллекторлардың қызметтерін асыра пайдалануға жол бермеу тетіктерін қарастыруды тапсырамын, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.


Президент шағын және орта бизнесті несиелеу, оның ішінде ауылдардағы кәсіпкерлік бастамаларды дамыту еліміздің қаржы секторының басты басымдығы болуы керек деп есептейді. Мемлекет басшысының айтуынша, тұрақты және арзан қор жасау көздерінің жоқтығы микроқаржыландыру нарығындағы негізгі мәселенің бірі.

– Мұндай ұйымдардың қызметі екінші деңгейлі банктерден алынатын қарыз бен жеке қаражат есебінен қаржыландырылады. Нәтижесінде тұтынушылар үшін несиелердің құны жоғары болады. Сондықтан Үкіметке Агенттікпен бірлесіп, микроқаржы ұйымдарының қолжетімді әрі ұзақ мерзімді қаржыландыру тетіктерін пысықтауды тапсырамын, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Мемлекет басшысы айтқан тағы бір өзекті міндет – ұлттық қор нарығын дамыту. Оның айтуынша, отандық қор нарығы тұрғындардың қаражатын жинайтын сенімді баламалы құралға айналуы қажет.

– Отандық қор нарығы үшін 2022 жылы жекелеген ұлттық компаниялардың Халық IPO бағдарламасына енуі маңызды оқиға болмақ. Агенттік пен Ұлттық банк Самұрық-Қазына мен Үкімет жүргізіп жатқан жұмысқа белсенді түрде атсалысуы қажет, – деді Президент.


Қасым-Жомарт Тоқаев қаржы секторын цифрландыруды дамыту маңызды екеніне назар аударды. Мемлекет басшысы осы салада оң қарқын бар екенін атап өтіп, қаржы инновацияларын енгізуге қолайлы жағдай жасау жөніндегі кешенді жұмысты жалғастыру керек екенін айтты.

– Біздің қаржы институттарымыз осы сәтті пайдаланып, ауқымды міндеттерді шешуі керек. Біреудің тәжірибесін көшіріп алудың қажеті жоқ, керісінше Қазақстан аумағымен шектеліп қалмай, қызметтердің жаңа форматын дамытып, ілгерілету керек. Мемлекет бұл бастамаларға жан-жақты қолдау көрсетеді. Біз инновациялық экономика мен қаржылық экожүйені жаңадан қалыптастыру кезеңіндеміз. Алдымызда ауқымды жұмыстар тұр. Мемлекет басшысы ретінде мен үшін бүкіл экономикамызды жаңа инновациялық даму жолына салу – басты міндет, – деді Мемлекет басшысы.
Президент цифрлық валюталарды айналымға енгізу маңызды екенін тоқталды. Бұл ретте болашақ қаржы жүйесінің негізіне айналуы мүмкін цифрлық теңге енгізу мәселесін қарастырған жөн екенін айтты.

Сондай-ақ Қасым-Жомарт Тоқаев криптовалюта нарығын дамыту мәселесіне де тоқталды.

– Криптовалюталар – объективті фактор және оларға немқұрайлы қарауға болмайды. Олардың қолданыстағы қаржы жүйесіне әсер ететін тәуекел-қатерлері мен әлеуетін нақты бағалау қажет. Сондықтан елімізде криптобиржаларды құру үшін теңдестірілген реттеу шарттарын қалыптастыру жұмыстарын жандандыру қажет. Басқаша айтқанда, криптовалюталарды шығару бойынша әлемдегі екінші ел бола тұра, қаржы қайтарымын көрмей отырмыз, – деді Мемлекет басшысы.
Мемлекет басшысы қаржы секторын климат жөніндегі күн тәртібінің талаптарына бейімдеуге қатысты мәселеге арнайы тоқталды.

– Экологиялық, әлеуметтік және корпоративтік басқарудың тұрақты даму қағидаттарының әсер етуіне байланысты қаржы секторындағы трансформацияның қарқыны артқанын бәріміз көріп отырмыз. Бұл біздің елімізге де тікелей қатысты. Қарқынды даму ұлттық экономикамызға салмақ салғанымен, екінші жағынан оны тұрақты дамытуға және әртараптандыруға көшіру үшін қосымша мүмкіндіктер де беріп отыр. Осыны ескере отырып, отандық қаржы секторы Қазақстанның "жасыл экономикаға" өту жүйесіндегі маңызды бағытына айналуы керек, – деді Мемлекет басшысы.


Мемлекет басшысы атом энергетикасын дамытудың өзектілігіне, соның ішінде Атом электр станциясын салу мәселесіне де тоқталды.

– Түптеп келгенде, біз бұл мәселеге қатысты нақты шешімге келеміз деп ойлаймын. Қазақстанда электр энергиясының тапшылығының алғашқы белгілері қазірдің өзінде байқалады. Әрине, электр қуатының жаппай жетіспеушілігі туындаған жоқ. Әзірге тепе-теңдік бар. Алайда алғашқы белгілері білінуде. Сондықтан болашақты ойласақ, біз атом станциясының құрылысына қатысты нақты шешім қабылдауымыз керек. Басшының міндеті де тиімді шешім қабылдау, – деді Президент.
Қасым-Жомарт Тоқаев сөзін қорытындылай келе, Ұлттық банкке Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігімен бірлесіп, бүгінгі айтылған мәселелер мен ұсыныстарды пысықтауды тапсырды. Осы ретте Президент нарыққа қатысушылардың іс-қимылдарын үйлестіру жұмыстарын өз Әкімшілігіне жүктеді.

– Бұл оңтайлы әрі қолайлы. Қажет болған жағдайда бүгінгі айтылған ұсыныстарды Қаржы секторын дамытудың жаңа тұжырымдамасын әзірлеу барысында ескерген жөн. Аталған құжаттың барлық басым бағыты негізгі мақсатқа, яғни отандық қаржы жүйесінің экономиканы дамытуға және халықтың әл-ауқатын жақсартуға қосатын үлесін арттыруға негізделуі қажет, – деді Мемлекет басшысы.



Просмотров материала: 1 435

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 146 514 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 146 320 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 145 979 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 146 001 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 146 305 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 9 659 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 8 811 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 8 958 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 12 519 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 12 726 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 21 735 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 8 958 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 6 881 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 6 763 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 5 582 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 7 720 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 16 875 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 5 541 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 6 906 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 5 639 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 5 642 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 5 486 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 5 330 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 5 578 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 5 521 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 17 031 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 7 449 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 5 366 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 5 601 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 5 952 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 5 361 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 5 344 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 5 388 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 5 331 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 5 555 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 5 705 Просмотров





Опрос


«    Май 2025    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031