13 октября 2026 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Банктер әрбір клиент үшін белсенді күреспейді - Тоқаев

01 июль 2020, 14:46
Банктер әрбір клиент үшін белсенді күреспейді - Тоқаев
Банктер жұмыс барысында барынша қолайлы және тиімді жағдай ұсына отырып, әрбір клиент үшін белсенді күреспейді. Мұндай пікірді Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық банк төрағасы және басқарма мүшелерімен кездесуінде айтты, - деп хабарлайды Ақорданың ресми сайты

Мемлекет басшысына Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаев және басқарма мүшелері екінші деңгейдегі банктер активтерінің сапасын бағалау бойынша өткен жылғы қаржы-несие саясатына қатысты жүргізілген жұмыстардың қорытындылары, Ұлттық банктің алтын-валюта резервінің ахуалы және Ұлттық қордың активтері жөнінде есеп берді.

Қасым-Жомарт Тоқаевқа Ұлттық банктің дағдарысқа қарсы бастамалары, 2020 жылдың екінші жартыжылдығына арналған жоспары және коронавирус пандемиясы кезіндегі қаржы тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін қабылдаған шаралары туралы баяндалды.

Қазақстан Президенті өз сөзінде қазіргі жағдайда ақша-несие саясатын тиімді іске асырудың маңыздылығын атап өтіп, 2030 жылға дейінгі ақша-несие саясатын іске асыру стратегиясын әзірлеу барысында халықаралық нарықтағы іргелі үрдістерді ескеру қажеттігін айтты. Жаңа Стратегия еліміздегі макроэкономикалық тұрақтылықты қамтамасыз етіп, қаржы жүйесінің орнықты дамуына тың серпін беруі керек.

Мемлекет басшысы Ұлттық банкке, Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігіне AQR қорытындысы бойынша Жол картасын жүзеге асыруды жалғастыруды, отандық банк секторының сапасына белгіленген мерзім бойынша бағалау жүргізуді тапсырды.

Президент айырбас бағамының тұрақтылығын қамтамасыз етуді маңызды мәселе ретінде атап өтті.

"Бұл мәселеде Үкімет пен Ұлттық банк үйлесімді жұмыс істеуі қажет екенін атап айтқым келеді. Квазимемлекеттік компаниялардағы басы артық валютаны ішкі нарыққа сату тәжірибесін жалғастыра беру керек. Ұлттық банк қажет болған жағдайда айырбас бағамын тұрақтандыру үшін қосымша шаралар қабылдайды", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Сонымен қатар Ұлттық банкке Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігімен бірлесіп, кепілсіз тұтыну несиесіне қатысты мәселені ұдайы бақылауда ұстау жөнінде тапсырма берілді.

Мемлекет басшысы қаржы ұйымдарының жұмысын ашық жүргізуді маңызды міндет деп санайды. Бұл мәселе жалған ломбардтар мен микроқаржылық ұйымдардың алаяқтық іс-әрекеттері үдей түсуіне байланысты өте өзекті болып отыр.

"Ломбардтар мен басқа да қаржы ұйымдарының жұмысына тексеру жүргізіп, аталған саладағы жағдай туралы ақпарат беруді тапсырдым. Бұл жұмысты жылдамдату керек. Тексерулердің қорытындысы негізінде Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігіне Бас прокуратурамен бірлесіп, аталған саланы реттеу жұмыстарын жүйелі түрде жүргізу және тұтынушылардың құқығын қорғау жөнінде ұсыныс енгізуді тапсырамын", – деді Президент.

Пандемия кезіндегі әлемдік үрдістер мен еліміздегі жағдай қаржы саласына заманауи технологияларды енгізу қажеттігін көрсетті. Осыған орай Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық банкке Үкіметпен және "Астана" халықаралық қаржы орталығымен бірлесіп, 2025 жылға дейінгі қаржы технологиясы мен инновациясын дамытудың тұжырымдамасын бекітуді тапсырды.

Сонымен қатар экономика мен бизнеске белсенді несиелеу бойынша қолдау көрсету – Ұлттық банктің маңызды міндеті.

"Соңғы үш жылда экономиканы несиелеудің өсімі аса байқалмады. Банктер жұмыс барысында барынша қолайлы және тиімді жағдай ұсына отырып, әрбір клиент үшін белсенді күреспейді. Сонымен қатар қазіргі жағдайда бизнеске қаржы ресурсы қажет және оны жылдам алуы керек. Сондықтан Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Ұлттық банкпен бірлесіп, экономиканы, шағын және орта бизнесті несиелеуді арттыру бойынша нақты шаралар қабылдауы қажет", – деді Президент.

Жиын соңында Мемлекет басшысы Ұлттық банктің жаңа қонысындағы жұмысына табыс тіледі. Президент Ұлттық банктің көшіп келуі елордадағы қаржы секторын күшейтіп, Үкіметпен және «Астана» халықаралық қаржы орталығымен арадағы жұмысының үйлесімділігін арттыратына сенім білдірді.
Просмотров материала: 1 129

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 222 108 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 221 798 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 221 296 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 221 330 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 221 705 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 13 820 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 12 855 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 13 187 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 17 865 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 17 895 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 26 103 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 10 875 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 8 008 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 7 639 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 6 516 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 9 534 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 17 756 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 6 511 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 7 908 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 6 700 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 6 517 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 6 360 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 6 203 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 6 572 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 6 446 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 17 938 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 9 366 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 6 265 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 6 503 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 6 900 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 6 241 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 6 189 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 6 336 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 6 263 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 6 507 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 6 642 Просмотров





Опрос


«    Октябрь 2026    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031