8 октября 2026 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



"Еңбек" еңбектетіп жіберді - солтүстік өңірге көшкендердің мұңы

"Еңбек" еңбектетіп жіберді - солтүстік өңірге көшкендердің мұңы
"Еңбек" мемлекеттік бағдарламасымен дипломын құшақтап, "бала-шағамды асырайын" деп мүлдем басқа аймаққа үдере көшкен ағайынды ешкім құшақ жайып қарсы алмаған. "Барсақ, алтын түгілі бақыр да жоқ" дегендер айдалада сенделіп қалғанға ұқсайды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жылы жақтан суық өңірге кетіп, соңында ауылдың желінен емес, адамдарының мінезінен тоңған ағайын мемлекеттік бағдарламаға шағымнан айтар басқа ештеңесі жоқ, делінген "Еуразия" бірінші арнасының жаңалықтарында.

АРАЙЛЫМ ЕЛЕМЕСОВА, КӨПБАЛАЛЫ АНА:

Үй береді ойбай, бір жылға жағдайыңды жасайды. Одан кейін аяққа тұрып кетесің, өзіммен өзің болып кетесің дегенге барғам ғой. Барсақ, алтын түгілі бақыр да жоқ.
МАҚПАЛ ТОҚТАНАЕВА, КӨПБАЛАЛЫ АНА:

Біз балаларымызды алып 20 декабрь күні мұнда көшіп келдік. Боран болып, жол болмай. Сонымен келген кезімізде үй дайын емес.
Дайын болмағаны былай тұрсын, үйін сол күйі қалдырып, әлі күнге дейін ешкім жөндеп беруге де келген жоқ.

ЖҮСІП ӨМІРЗАҚ, ПОКРОВКА АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

Үйіміз нашар қазір. Оны ары жөндейміз деп, бері жөндейміз деп құр уәде берді, ештеңе істеген жоқ.
Үш кейіпкер. Жасы да, жынысы да бөлек болғанымен, талап-арыздары бір. Кезінде үшеуі де оңтүстіктен қоныс аударып келген. Бала-шағамды асырайын, жұмыс тауып, жағдайымды жасайын деген бір-ақ үміт қой, сол.

ЖҮСІП ӨМІРЗАҚ, ПОКРОВКА АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

37 мыңдық бір жұмыстарын ұсынады, ол қалай тұрмысқа жетеді, ойлаңыздар?
МАҚПАЛ ТОҚТАНАЕВА, КӨПБАЛАЛЫ АНА:

Жолдасымның тапқаны, шындығына келгенде, кредитті жабуға ғана жетеді. Біз осында келгелі кредит алғанбыз амалсыз. Пеня өсіп кеткен, әрең жауып жатырмыз қазір, жартысына келіп.
Ал алыстан келгесін, қалай да күнімді көрейін деп, табылған жұмысқа жармасқан ағайынға күн көрсететін түрлері жоқ көрінеді.

ЖҮСІП ӨМІРЗАҚ, ПОКРОВКА АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

Бізді осы жерге тұрғызатын ой жоқ. Біресе мал шығарсақ, малға айыппұл салады, біресе "баланы қарамадың" деп бас салады.

МАҚПАЛ ТОҚТАНАЕВА, КӨПБАЛАЛЫ АНА:

Қамқоршылық бөлімінен адамдар келді, үйге келіп тексерді, үйдің жағдайын қарады.Ескерту жасап кетті, балаларыңызды қарап үйде отырыңыз дейді, қараусыз қалдырмаңыздар балаларыңызды деді.

Осылайша, мемлекеттік бағдарламаның шапағатын көрем дегендердің шағымнан басқа айтары жоқ. Алайда жауаптылар жобасына шаң жуытудан аулақ. Бәрі жоспар бойынша орындалып жатыр, - дейді. Соңғы бес жылда оңтүстіктен теріскейге 170-ке жуық отбасы қоныс аударыпты.

БИБІГҮЛ ҚАСЕНОВА, МАМЛЮТ АУДАНЫ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ БАСШЫСЫ:

Бағдарлама жақсы, мемлекеттің берген көмегі жақсы - қоныс аударамыз деген кісілерге. Бірақ, келген кісілерде, негізінен мәселесі көп, диломы бола тұра, тәжірибесі жоқ, жұмысқа шыққысы келмейді.

Сарапшылардың сөзінше, алдағы 30 жылда оңтүстіктегі халық тығыздылығы 4 есеге артады. Сол үшін "Еңбек" бағдарламасы уақытылы басталған әрі алдағы кезде де жалғасын таба береді. Бірақ, кейіпкерлеріміздің айтқан талап-арызы ескеріле ме, бұны енді алдағы уақытта көре жатармыз.

Просмотров материала: 2 560

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 221 339 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 221 020 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 220 518 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 220 555 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 220 928 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 13 781 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 12 811 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 13 143 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 17 823 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 17 855 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 26 059 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 10 862 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 7 991 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 7 627 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 6 503 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 9 479 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 17 743 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 6 496 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 7 894 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 6 692 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 6 505 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 6 347 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 6 191 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 6 559 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 6 438 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 17 924 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 9 309 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 6 251 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 6 490 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 6 886 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 6 235 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 6 181 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 6 322 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 6 253 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 6 494 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 6 633 Просмотров





Опрос


«    Октябрь 2026    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031