2 июля 2025 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



СЕГІЗ БАЛАНЫҢ АНАСЫ АТАНҒАН ТҮРКІСТАНДЫҚ ӨЗІ ІСТЕЙТІН ЕМХАНАДАҒЫ БАР ШЫНДЫҚТЫ ЖАЙЫП САЛДЫ

СЕГІЗ БАЛАНЫҢ АНАСЫ АТАНҒАН ТҮРКІСТАНДЫҚ ӨЗІ ІСТЕЙТІН ЕМХАНАДАҒЫ БАР ШЫНДЫҚТЫ ЖАЙЫП САЛДЫ Түркістандық 8 баланың анасы жұмыссыз қаламын деп алаңдап отыр. Себебі басшысы қазан айынан бастап жұмыстан кетесің деп ескерту берген. Шеттей баласымен далада қалмаудың қамына кірісіп, талай есікті қаққан «Алтын алқа» иегері енді елбасы Назарбаевтан көмек сұрайды. Бір қызығы оның президенттен көмек сұрамақ болғанын естіген басшысы «Қайда барсаң, онда бар. Бәрібір жұмыстан кетесің» деп жауап қатыпты. Бұл туралы көпбалалы ана NUR.KZ-тің өңірдегі тілшісіне айтып, жанайқайым билік басындағылардың құлағына жетер деген үміті барын да жасырмады.

Түркістандық тұрғын Жанат Ерімбетова небәрі 30 жасында өмірге 8 баланы әкеліп, «Алтын алқа» иегері атанған. Кенжесін дүниеге әкелмес бұрын Түркістан қалалық емханада медбике қызметін атқарып жүрген ол аталған мекемеден декреттік демалысқа шығады. Былтырғы жылдың соңында жұмысқа қайта шыққан ол емханаға жаңа басшы келгелі маза қашқанын айтты.

«Көпбалалы ана ретінде қала әкімінің қабылдауында болып, сол кісінің араласуымен 2015 жылы осы емханаға жұмысқа уақытша қызметкер болып тұрғанмын. Сол кездегі бас дәрігеріміз штат әне-міне боп қалады деп сол күйі тұрақты жұмысқа орын болмады да, декреттен жұмысқа шыққан мен әлі күнге дейін уақытша қызметкер міндетін атқарып келемін» деп ашынған Жанат Ерімбетова қазан айында жұмыстан кететінімді естігенімде төбемнен жай түскендей болды дейді.

«Осыншама баламмен қайда барамын? Тағы да шағымымды айтып, қала әкімінің қабылдауында болдым. Ол кісі ешкім де жұмыстан босата алмайтынын айтқанымен, бас дәрігер құлақ асар емес. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы мен облыс әкіміне де шағымымды айтып, хат жолдадым.

Бас дәрігер Бейбіт Төреханов одан да хабардар. Бар айтатын уәжі — мен уақытша қызметкермін. Иә, біреудің заңды қызмет орны болған соң босатуым қажет екенін мен де жақсы түсінемін. Бірақ мұндағылар штат жоқ деп мені тұрақты жұмысқа қабылдамай отыр. Ал шын мәнінде көріп жүрмін ғой, қаншама адам жұмысқа қабылданды» деген көпбалалы ана емхананың бас дәрігеріне бұл мәселені қалдырмайтынын айтып, тіпті Денсаулық сақтау министрі мен мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевқа дейін шағымданатынын жеткізіпті.

СЕГІЗ БАЛАНЫҢ АНАСЫ АТАНҒАН ТҮРКІСТАНДЫҚ ӨЗІ ІСТЕЙТІН ЕМХАНАДАҒЫ БАР ШЫНДЫҚТЫ ЖАЙЫП САЛДЫ


«Төреханов жүйесіз арыздана берме, қой деді. Министр Біртановқа, президентіміз Назарбаевқа барамын дедім. Ол кісі «барсаң, бара бер» деп жауап қатты. Денсаулық сақтау министрінің ресми сайтына шағымымды жолдап қойдым. Енді жауап күтіп отырмын. Ақыры мені аяп жатқан жоқ, мен де баратын жерге барамын. Орын жоқ емес, бар»,-деді түркістандық тұрғын.

Шеттей балаларыммен жұмыссыз қалатын болдым деп жанайқайын жеткізген медбикенің мәселесіне қатысты емхана дәрігері Бейбіт Төреханов заңнан аттап, теріс әрекет жасап отырғаным жоқ деп ақталды.

«Жанат Ерімбетова бұл мәселе бойынша 3-4 рет арыз жазды. Менің ол кісіге жұмыстан кететіні туралы айтқаным рас. Себебі еңбек кодексі бойынша қызметкерге бұл алдын ала ескертілуі қажет. Ол кісіге мән-жай түсіндіріп айтылды. Себебі ол кезінде декреттік демалысқа шыққан қызметкердің орнына уақытша жұмысқа қабылданған. Енді декреттік демалыстағы адам жұмысқа қайта шыққалы отырған соң уақытша қызметкер орынды босатуы тиіс.

Егер босатпаса, бала күтімімен демалыста болған қызметкер шағым түсіреді. Біз Ерімбетова Жанаттың жоғары жаққа жазған шағымдарына жауап беріп қойдық. Ондағылар егер заңсыз болса, айтатын еді ғой» деген бас дәрігер өзіне дейінгі басшы жұмысшыларды орынсыз қабылдап, бүгінде аталған емханада жүзге жуық адам уақытша қызметкер қатарында жүргенін жайып салды. Ал оның барлығына штат қарастырып беру әзірге мүмкін емес деп отыр.

«Бұл қызметкерлер мен басшылыққа келгенге дейін қабылданып қойған ғой жұмысқа, қазір орын жоқ. Ерімбетованың мәселесін шешудің жалғыз ғана жолы бар. Ары қарай жәннасып, сәтті күндерге дейін орын босап қалғанша, кіргіземін бе деген ой бар, егер декреттік демалысқа шығатын адам болса, соның орнына жұмысқа алуға болады. Ал ол кісі тұрақты жұмыс тауып бер деп талап қойып отыр. Менде орын жоқ. Біреуді заңды орнынан шығара алмаймын. Ешкімді жұмысқа алып жатқан жоқпыз»,-деді бас дәрігер.

Көпбалалы ана болса, штат жоқ дегенге сенбейтінін жеткізді. Айтуынша, соңғы бір жылдың ішінде емханада талай адам жұмыстан босап, орнына жаңа қызметкерлер келген. Енді «Алтын алқа» иегері жұмыссыз қалатын болсам, Назарбаевтың қабылдауына дейін барамын деп бекініп отыр.
Просмотров материала: 3 031

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 155 122 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 154 936 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 154 580 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 154 615 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 154 910 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 10 145 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 9 289 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 9 472 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 13 184 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 13 372 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 22 249 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 9 261 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 7 031 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 6 899 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 5 727 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 7 877 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 17 014 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 5 679 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 7 051 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 5 777 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 5 785 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 5 626 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 5 466 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 5 728 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 5 670 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 17 181 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 7 609 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 5 503 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 5 756 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 6 096 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 5 508 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 5 484 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 5 524 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 5 465 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 5 705 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 5 846 Просмотров





Опрос


«    Июль 2025    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031