4 июня 2025 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Ресейлік нөмірмен жүрген көліктерге қатысты маңызды 10 сұрақтың жауабы

09 ноябрь 2021, 16:58
Ресейлік нөмірмен жүрген көліктерге қатысты маңызды 10 сұрақтың жауабы
Қазақстанда ресейлік нөмірмен жүрген 80 мыңға жуық көлік заң талабына сай емес. Себебі бұрынғы иелері сатып жібергеннен кейін көлікті тіркеуден шығарып тастады.

Заң бойынша мұндай көліктер жүрген жерінде тіркеуге қойылуы шарт. Бұдан бөлек, іздеу салынған және сот санкциясы бар автомобильдер аз емес. Осыған байланысты ішкі істер органдары ресейлік нөмірі бар көліктерді тексеруге кірісті. Еш жерде тіркеуде тұрмаған көліктердің бәрін айыппұл тұрағына тоғытып жатыр. Sputnik Қазақстан ресейлік көліктер мәселесіне қатысты маңызды 10 сұрақтың жауабын ұсынады.

1. Қазақстанда ресейлік нөмірмен жүрген көліктер көп пе

- Ішкі істер министрлігінің мәліметіне сәйкес, Қазақстанда 210 мыңға жуық көлік ресейлік нөмірмен жүр. Соның ішінде ұрланған автомобильдер де бар. Ресей Федерациясы ұсынған ақпарат бойынша 600 ұрланған көлік Қазақстанға өтіп кеткен. Ал 80 мың көлік еш жерде тіркелмеген. Себебі сатып алу шарты негізінде оны автоматты түрде тіркеуден шығарып жібереді. Ал Қазақстан азаматтары болса, елге оралғаннан кейін жаңа көлігін тіркеуге қоймаған.

2. Заң бойынша қандай жауапкершілік қарастырылған

- "Жол жүрісі туралы" заңның 66-бабына сәйкес, Еуразиялық экономикалық одақ аумағында сатып алынған көліктер 10 күн ішінде уәкілетті органда тіркеуге қойылуы шарт. Осы талап орындалмаса, Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 590-бабы, 2-тармағы ("Мемлекеттiк тiркеу нөмiрi жоқ немесе пайдалануға тыйым салынғаннан кейiн немесе белгiленген тәртiппен тiркелмеген көлiкті басқару") бойынша иесіне 10 айлық есептік көрсеткіш (29 170 теңге) көлемінде айыппұл салынады. Ал көлік айыппұл тұрағына қойылады.

3. Көлікті айыппұл тұрағынан шығару үшін не істеу керек

- Алдымен әкімшілік хаттамада көрсетілген айыппұлды төлеу керек. Одан кейін көлікті заңдастырып, мемлекеттік тіркеуге қою қажет. Осы құжаттар негізінде көлікті айыппұл тұрағынан шығаруға болады.

4. Ресейлік нөмірі бар көлік тіркеуге қалай қойылады

- Қазақстанда көрші елдің көлігін тұрақты тіркеуге қою үшін мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығына бару қажет. Бірақ алдымен бірнеше төлем жасап, қауіпсіздік куәлігін алу керек. Олар:

-утилизациялық алым;

- алғашқы тіркеудің ақысы;

- көлік конструкциясының қауіпсіздігі туралы куәлік;

- апаттар кезіндегі шұғыл шақыру жүйесін алу.

5. Утилизациялық алым мен алғашқы тіркеудің ақысы қандай

- Утилизациялық алым айлық есептік көрсеткішпен есептеледі. 2021 жылда бір айлық есептік көрсеткіш 2 917 теңге болып белгіленді. Утилизациялық алым қозғалтқыштың көлеміне қарай төленеді. Оның нақты формуласы да бар. Атап айтқанда, қозғалтқыштың көлемі 1 000 см3 –ге дейін болса, 50 АЕК (145 850) х 3 (коэффициент) = 437 550 теңге; Сол сияқты қозғалтқыштың көлемі 2 000 см3 –ге дейін - 50 АЕК (145 850) х 7 (коэффициент) = 1 020 950 теңге; Ал қозғалтқыштың көлемі 3 000 см3 –ге дейін - 50 АЕК (145 850) х 10 (коэффициент) = 1 458 500 теңге;

Көлікті мемлекеттік тіркеуге алғаш рет қойғаны үшін арнайы төлем де айлық есептік көрсеткішпен есептеледі және көліктің шығарылған жылына қарай төленеді. Мәселен, 2 жылға дейін – 0,25 АЕК – 729 теңге, 2-3 жыл – 50 АЕК – 145 850 теңге, 3 жылдан жоғары – 500 АЕК – 1 458 500 теңге.

6. Көлік қауіпсіздік талаптарына сай болмаса, тіркеуге қойыла ма

- Көлік Қазақстанның техникалық регламентіне сай болуы шарт. Ол үшін көлік конструкциясының қауіпсіздігі туралы куәлік алу қажет. Оны облыс орталықтары мен республикалық маңызы бар қалаларда орналасқан сертификат орталықтарында рәсімдейді. Соған барып, өтініш жазып, құжат тапсыру керек.

Орталық мамандары барлық құжат негізінде автомобильдің сәйкестендіру нөмірін тексереді. Одан кейін көлікті қарап шығады. Темір тұлпар "Евро-4", "Евро-5" немесе "Евро-6" талаптарына сай болуы шарт. Егер көлік қауіпсіздік талаптарына сай келмесе, мемлекеттік тіркеуге қойылмайды.

Мамандар ондай көліктерді қайтадан көрші елге апарып, сатып көруге кеңес беріп отыр, я болмаса, бұзып, бөлшекпен сатуға тура келеді. Басқа амал жоқ.

7. Ресейде тіркеуде тұрған көлікпен жүруге бола ма


- Иә, Ресей Федерациясында тіркеуде тұрған көлікпен Қазақстанда жүруге болады. Ол үшін жүргізушінің атына бас сенімхат пен сақтандыру полисі рәсімделуі шарт. Бірақ 12 айда бір рет Қазақстан аумағынан шығуға тура келеді. Техникалық байқау да көрші елде жасалады. 30 күннен қайтадан кіруге рұқсат бар. Ал сату-сатып алу шарты негізінде рәсімделген көлікті мемлекеттік тіркеуге қою қажет. Себебі ол көрші елде автоматты түрде тіркеуден шығарылады.

8. Рөлі оң жақта орналасқан көліктер мәселесі қалай шешіледі

- 2008 жылдан бастап Қазақстанда оң жақ рөлі бар көліктер тіркеуге қойылмады. Егер ондай автомобиль Ресейде тіркеуде тұрса, бас сенімхат және сақтандыру полисімен жүруге болады. Ал бұрынғы иесі көлікті келісімшартпен сатып, тіркеуден шығарып тастаса, жаңа иесі онымен жүре алмайды. Қазақстанда мемлекеттік тіркеуге де қоюға рұқсат жоқ.

9. Криминалдық көліктерді тәркілей ме

- Қазіргі кезде ішкі істер министрлігі Ресей Федерациясынан жауап күтіп отыр. Соның негізінде ұрланған және іздеу салынған көліктерге қатысты шара қолданылады. Заңгерлердің айтуынша, ондай көліктер тәркілеуге жатады.

10. Мемлекет тарапынан жеңілдік жасала ма

- Әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары Серік Түсіповтың айтуынша, қазіргі кезде мемлекеттік тіркеуде 4 миллион 200 мың көлік тұр. Ол адамдардың бәрі заңды бұлжытпай орындап отыр. Сондықтан басқалар да тиісті талапты сақтауға тиіс.

"Заңда белгілі бір санатқа кіретін адамдар үшін жеңілдік қарастырылмаған. Сондықтан ол көліктерді тіркеуге қоюға кеңес береміз, я болмаса, бұрынғы иелерімен құқықтық мәселесін реттегенше көлікті пайдаланбай тұрған дұрыс", - деді Түсіпов арнайы брифингте.

Дереккөз: Sputnik Қазақстан
Просмотров материала: 998

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 151 199 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 151 012 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 150 665 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 150 695 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 150 993 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 9 907 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 9 055 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 9 224 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 12 864 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 13 062 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 21 996 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 9 106 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 6 947 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 6 819 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 5 644 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 7 788 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 16 931 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 5 597 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 6 966 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 5 696 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 5 701 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 5 544 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 5 386 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 5 641 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 5 585 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 17 096 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 7 519 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 5 424 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 5 667 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 6 013 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 5 425 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 5 403 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 5 443 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 5 385 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 5 620 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 5 763 Просмотров





Опрос


«    Июнь 2025    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30