13 октября 2026 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Ресейлік нөмірі бар көлікті тіркеуге қоймаса не болады

04 ноябрь 2021, 15:23
Ресейлік нөмірі бар көлікті тіркеуге қоймаса не болады
Қазақстанда ресейлік нөмірмен жүрген көліктер көбейіп келеді. Ал әкімшілік полиция көрші елден темір тұлпар алатындарға сақ болуға кеңес беріп отыр. Себебі арасында сот санкциясы салынған, тіпті, Ресейдің өзінде тіркеуде тұрмаған автомобильдер аз емес.

Заң бойынша өзге есепте тұрмаған көлік Қазақстанда тұрақты тіркеуге қойылуы шарт. Sputnik Қазақстан ресейлік нөмірі бар көліктерді тіркеу тәртібін ұсынады.


Тұрақты тіркеуге қою


Қазақстанда көрші елдің көлігін тұрақты тіркеуге қою үшін мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығына бару қажет. Сол жерде автомобиль рәсімдеудің бірнеше сатысы бар.

Олар:

- утилизациялық алымды төлеу;
- алғашқы тіркеудің ақысын төлеу;
- көлік конструкциясының қауіпсіздігі туралы куәлікті алу;
- авариялар мен апаттар кезіндегі шұғыл шақыру жүйесін алу.

Утилизациялық алымның мөлшері қандай


Автомобильдің қоршаған ортаға және адам денсаулығына зиянды әсері үшін утилизациялық алым төленеді. Ол айлық есептік көрсеткішпен есептеледі. Мәселен, 2021 жылда 1 АЕК 2 917 теңгені құрайды. Ал утилизациялық алым қозғалтқыштың көлеміне қарай төленеді. Оның нақты формуласы да бар.

Қозғалтқыштың көлемі 1 000 см3 –ге дейін - 50 АЕК (145 850) х 3 (коэффициент) = 437 550 теңге;
Қозғалтқыштың көлемі 2 000 см3 –ге дейін - 50 АЕК (145 850) х 7 (коэффициент) = 1 020 950 теңге;
Қозғалтқыштың көлемі 3 000 см3 –ге дейін - 50 АЕК (145 850) х 10 (коэффициент) = 1 458 500 теңге;
Қозғалтқыштың көлемі 3 001 см3 –ден жоғары - 50 АЕК (145 850) х 23 (коэффициент) = 3 354 550 теңге.

Айта кетер жәйт, айлық есептік көрсеткіштің мөлшері жыл сайын өсіп тұрады. Сондықтан утилизациялық алымның көлемі де көтеріле береді. Оны ӨКМ Операторының сайтында төлеуге мүмкіндік бар.

Алғашқы тіркеуге қою қымбатқа түсе ме


Көлікті мемлекеттік тіркеуге алғаш рет қойғаны үшін арнайы төлем қарастырылған. Ол да айлық есептік көрсеткішпен есептеледі және көліктің шығарылған жылы ескеріледі.

2 жылға дейін – 0,25 АЕК – 729 теңге;
2-3 жыл – 50 АЕК – 145 850 теңге;
3 жылдан жоғары – 500 АЕК – 1 458 500 теңге.

Осы талаптар жолаушының орны 8-ден аспайтын жеңіл көліктерге таралады. Ал электр қозғалтқышпен жүретін автомобильдер екі есе аз төлейді.

Қауіпсіздік куәлігі қалай беріледі?


Көлік Қазақстанның техникалық регламентіне сай болуы шарт. Ол үшін көлік конструкциясының қауіпсіздігі туралы куәлікті алу қажет. Оны облыс орталықтары мен республикалық маңызы бар қалаларда орналасқан сертификат орталықтарында рәсімдейді. Соған барып, өтініш жазу керек. Құжаттар да тапсырылады.

Олар:

- көлік иесінің жеке куәлігі;
- сату-сатып алу келісімшарты;
- шетелдің техникалық төлқұжаты;
- көліктің фотосы (төрт жағынын және капоттың астын түсіреді);
- VIN-код пен қозғалтқыштың мәліметтері.

Орталық мамандары барлық құжаттың негізінде автомобильдің сәйкестендіру нөмірін тексереді. Одан кейін көлікті қарап шығады. Темір тұлпар "Евро-4", "Евро-5" немесе "Евро-6" талаптарына сай болуы шарт. Бұдан бөлек, нақты құрылғылары болуы керек. Атап айтқанда:

- тежегіштің бұғатталуға қарсы жүйесі;

- алдыңғы қауіпсіздік көпшігі;

- Isofix бекіту жүйесі;

- күндізгі шамдар;

- авариялар мен апаттар кезіндегі шұғыл шақыру батырмасы.

Қауіпсіздік батырмасы Ғарыш техникасы мен технологиялары институтында тіркелуі шарт. SOS батырмасы болмаса, оны мамандандырылған фирмаларда орнатуға болады. Оған да ақша шығару қажет.

Көлікті тұрақты тіркеуге қоймаса, не болады?


Қазақстанда тұрақты тіркеуде тұрмаған көліктер бір жыл жүре алады. Одан кейін оны шығару қажет. Бір айдан кейін қайтадан кіруге болады. Техникалық байқаудан шет елде өтуге тура келеді. Салық та сол жерде төленеді.

Әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары Серік Түсіповтің айтуынша, бүгінде көрші елден келетін көліктердің ішінде сот үкімімен шектеу қойылған автомобильдер аз емес. Оны кез келген уақытта арыз түсірген адамға өндіріп беруі мүмкін. Мәселен, Қазақстанда жүрген бір ресейлік көлікке сотпен 100-ге жуық шектеу салынған. Осылайша, сот талабы орындалмайынша көлікті тіркеуден шығаруға да, қоюға да рұқсат жоқ.

Көрші елдің тіркеу нөмірі болса да, ол жақта тіркеуде тұрмаған көліктер де кездеседі. Сосын шетелдік көліктер ұрланған немесе бұғатта тұруы мүмкін. Ондай көліктер де тәркіленіп, иесіне қайтарылады. Ал оны сатып алған адам шығынға батады.

"Мәселен, тексеріс кезінде Павлодар, Өскемен мен Семей қалаларында жалған тіркеу нөмірі мен құжаты бар 80 ресейлік автокөлік анықталды. Сатып алған адам көлік Ресейде тіркеуде тұр деп ойлайды. Ал, шын мәнінде, олай емес, тіркеуге қойылған да жоқ. Қазіргі кезде Ресейдің ішкі істер министрлігіне тиісті хат жолданды. Жауабы келгеннен кейін заң бойынша тиісті шаралар қолға алынады", - дейді Түсіпов.

Шетелдік нөмірі бар көлікті сатып алудың тағы бір қаупі бар. Егер ол сенімхатпен немесе сақтандыру полисі негізінде сатылса, иесі көлік салығын төлемеймін деп, кез келген уақытта одан бас тарта салады. Ал қазақстандық жүргізуші жол апатына түссе, сақтандыру төлемін ала алмайды.
Просмотров материала: 13 603

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 222 040 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 221 730 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 221 228 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 221 262 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 221 635 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 13 818 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 12 851 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 13 183 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 17 863 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 17 893 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 26 101 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 10 874 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 8 007 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 7 638 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 6 516 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 9 534 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 17 756 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 6 509 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 7 907 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 6 700 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 6 517 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 6 359 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 6 203 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 6 572 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 6 446 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 17 938 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 9 365 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 6 265 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 6 502 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 6 899 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 6 241 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 6 189 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 6 335 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 6 263 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 6 507 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 6 642 Просмотров





Опрос


«    Октябрь 2026    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031