23 декабря 2024 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Кредит қайтаруға жағдай келмесе, не істеу керек - заңға өзгеріс енгізілді

09 ноябрь 2021, 14:06
Кредит қайтаруға жағдай келмесе, не істеу керек - заңға өзгеріс енгізілді
Қазақстанда 1 қазаннан бастап проблемалық кредиттерді реттеудің бірыңғай тәртібі енгізілді. Енді банк те, микроқаржы ұйымы да бірден коллекторларға жүгінбейді. Олар қарыз мәселесін алдымен борышкермен өзара шешуге міндетті.

Осы орайда заңға нақты ереже енгізіліп отыр. Sputnik Қазақстан проблемалық кредитті заң аясында реттеудің бірыңғай тәртібін ұсынады.

Банк пен борышкердің міндеті

Жаңа ережеге сәйкес, жеке тұлғалар кредитті төлей алмаса, тікелей банкпен немесе микроқаржы ұйымымен мерзімі өтіп кеткен берешек мәселесін шешуге құқылы. Бірақ әрбір тарап өзіне жүктелген міндеттерді бұлжытпай орындауға тиіс.

Біріншіден, кредит алған адамның мерзімі өтіп кеткен берешегі болса, банк болсын, микроқаржы ұйымы болсын, сол сәттен бастап 20 күннің ішінде оған хабарласып, төлем мерзімін өткізіп алғаны туралы ескертуге міндетті. Қызметкерлер берешек жайында айтып қана қоймай, мерзімі өтіп кеткен төлемнің нақты мөлшерін көрсетуге тиіс.

Қарызды төлемегені үшін қандай жауапкершілік болатыны ескертіледі. Сосын проблемалық кредит мәселесін шешу үшін банкке немесе микроқаржы ұйымына шақырады.

Екіншіден, кредит алған адам өз кезегінде берешектің мерзімі өткен күннен бастап 30 күннің ішінде кредиттік ұйымға қарызды қайта құрылымдау туралы жазбаша өтініш тапсырады. Онда нақты бірнеше мәселені көрсету керек.

Олар:

- қарыз мерзімін өткізіп алудың себебі;
- қарызды қайта құрылымдауға қатысты өз ұсыныстары;
- кірістердің төмендегенін және өз міндеттемелері бойынша төлем жасаудың мүмкін еместігін көрсету (өтінішпен қоса тиісті құжаттар беріледі).

Үшіншіден, қарыз алушының өтініші міндетті түрде қабылдануы шарт. Оны тіркеуге алып, банк немесе микроқаржы ұйымның қарауына шығарады. Өтініште толық мәлімет болмаса, кредит алған адамға хабар беріледі. Ол бес күннің ішінде қосымша мәлімет пен құжатты ұсынады.

Өтінішті қарау тәртібі

Кредитор қарыз алушыдан құжаттардың толық пакетін алғаннан кейін өтінішті қарайды. Оның мәселесін қарау кезінде ағымдағы қаржылық жағдайы мен төлем қабілеттілігі, әлеуметтік жағдайы, кепілге алынған баспананың жалғыз болуы, қарыз бойынша міндеттемелерді адал орындау сияқты факторлар ескеріледі.

Кредит берген мекеме өзінің жауабын күнтізбелік 15 күннің ішінде беруге тиіс. Жауаптың үш нұсқасы бар.

Олар:

- кредитор қарыз алушы ұсынған банктік қарыз/микрокредит шартының талаптарына өзгерістерді енгізуге келісім береді;

- кредитор банктік қарыз/микрокредит шартының талаптарын өзгертуге қатысты өз ұсыныстарын жасайды;

- кредитор қарызды қайта құрылымдаудан бас тартуға шешім қабылдайды (жауапта нақты себептері көрсетілуі шарт).

Қарызды қайта құрылымдау қалай жасалады?

Қарызды қайта құрылымдауды бірнеше жолмен жасауға болады. Соны өтініште көрсетуге болады. Банк мен микроқаржы ұйымы да осы әдістердің біреуін ұсына алады.

- сыйақы мөлшерлемесін төмендету;

- төлемді кейінге қалдыру;

- өтеу әдісін өзгерту;

- қарыз мерзімін ұлғайту;

- борыш жүктемесін азайту (мерзімі өткен негізгі борыш, сыйақы, айыпақы және төлемдер мен комиссиялардың өзге де түрлері);

- ипотекаға алынған жылжымайтын мүлікті өздігімен сату немесе кепіл мүлкін кредиторға беру;

- жылжымайтын мүлікті сатқанда барлық міндеттемені сатып алушыға тапсыру.

Банктің тиісті шешімі шыққаннан бастап күнтізбелік 15 күннің ішінде келісімшартқа өзгеріс енгізіледі.

Екі жақ бір келісімге келмесе...

Қарыз алушы қарызды қайта құрылымдау талаптары бойынша кредитормен келісімге келе алмаса, қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігіне жүгінуге құқылы. Арызда банкпен немесе микроқаржы ұйымымен бір шешімге келмеудің нақты себептерін көрсету керек.

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі өз кезегінде өтініштің негізінде кредиторға қатысты құжаттамалық тексеру жүргізеді. Сол кезде банктің немесе микроқаржы ұйымы қабылдаған шешіміне баға беріледі.

Тексеріс кезінде кредитор халықтың әлеуметтік осал топтарына жататын борышкерлердің кепілге салынған мүлкін өндіріп алу рәсімін бастай алмайды.

Кредит алғанда нені ескеру керек?

Мамандар кредит алғанда маңызды бірнеше мәселені ескеру кеңес беріп отыр:

кредит алған адамның ай сайынғы төлемі табыстың жартысынан аспауға тиіс;

келісімшартқа қол қойғанға дейін мұқият оқып шығу қажет;

қарыздың мерзіміне, сыйақы мөлшерлемесіне (тұрақты немесе құбылмалы), жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесіне, ай сайынғы төлемнің мөлшеріне, сондай-ақ, кредитті төлей алмаған жағдайда қандай міндеттер болатынына бас назар аудару керек;

келісімшартта банктің есепшотына түсетін ақшаны өндіріп алу, қарызды коллекторлық агенттікке беру және сотқа жүгіну құқықтары да жазылуы мүмкін.

"Артынан проблема болмас үшін кредит мен микредиттерді рәсімдеуге өте мұқият қараған жөн, бұл ақылға салынған шешім болуға тиіс. Қарызға ақша алатын адам маңызды бір мәселені түсінуі керек. Кредит – ол жауапкершілік. Кез келген кредитті қайтаруға тура келеді", - дейді мамандар.
Просмотров материала: 614

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 127 277 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 127 093 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 126 749 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 126 767 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 127 074 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 8 665 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 7 836 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 7 913 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 11 154 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 11 298 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 20 666 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 8 396 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 6 677 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 6 570 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 5 380 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 7 501 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 16 681 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 5 352 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 6 692 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 5 456 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 5 455 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 5 290 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 5 139 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 5 384 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 5 320 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 16 845 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 7 205 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 5 171 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 5 391 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 5 732 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 5 146 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 5 154 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 5 194 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 5 130 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 5 356 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 5 507 Просмотров





Опрос


«    Декабрь 2024    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031