11 августа 2025 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Кредит қайтаруға жағдай келмесе, не істеу керек - заңға өзгеріс енгізілді

20 октябрь 2021, 17:50
Кредит қайтаруға жағдай келмесе, не істеу керек - заңға өзгеріс енгізілді
Қазақстанда 1 қазаннан бастап проблемалық кредиттерді реттеудің бірыңғай тәртібі енгізілді. Енді банк те, микроқаржы ұйымы да бірден коллекторларға жүгінбейді. Олар қарыз мәселесін алдымен борышкермен өзара шешуге міндетті.

Осы орайда заңға нақты ереже енгізіліп отыр. Sputnik Қазақстан проблемалық кредитті заң аясында реттеудің бірыңғай тәртібін ұсынады.

Банк пен борышкердің міндеті
Жаңа ережеге сәйкес, жеке тұлғалар кредитті төлей алмаса, тікелей банкпен немесе микроқаржы ұйымымен мерзімі өтіп кеткен берешек мәселесін шешуге құқылы. Бірақ әрбір тарап өзіне жүктелген міндеттерді бұлжытпай орындауға тиіс.

Біріншіден, кредит алған адамның мерзімі өтіп кеткен берешегі болса, банк болсын, микроқаржы ұйымы болсын, сол сәттен бастап 20 күннің ішінде оған хабарласып, төлем мерзімін өткізіп алғаны туралы ескертуге міндетті. Қызметкерлер берешек жайында айтып қана қоймай, мерзімі өтіп кеткен төлемнің нақты мөлшерін көрсетуге тиіс.

Қарызды төлемегені үшін қандай жауапкершілік болатыны ескертіледі. Сосын проблемалық кредит мәселесін шешу үшін банкке немесе микроқаржы ұйымына шақырады.

Екіншіден, кредит алған адам өз кезегінде берешектің мерзімі өткен күннен бастап 30 күннің ішінде кредиттік ұйымға қарызды қайта құрылымдау туралы жазбаша өтініш тапсырады. Онда нақты бірнеше мәселені көрсету керек.

Олар:

қарыз мерзімін өткізіп алудың себебі;
қарызды қайта құрылымдауға қатысты өз ұсыныстары;
кірістердің төмендегенін және өз міндеттемелері бойынша төлем жасаудың мүмкін еместігін көрсету (өтінішпен қоса тиісті құжаттар беріледі).
Үшіншіден, қарыз алушының өтініші міндетті түрде қабылдануы шарт. Оны тіркеуге алып, банк немесе микроқаржы ұйымның қарауына шығарады. Өтініште толық мәлімет болмаса, кредит алған адамға хабар беріледі. Ол бес күннің ішінде қосымша мәлімет пен құжатты ұсынады.

Өтінішті қарау тәртібі
Кредитор қарыз алушыдан құжаттардың толық пакетін алғаннан кейін өтінішті қарайды. Оның мәселесін қарау кезінде ағымдағы қаржылық жағдайы мен төлем қабілеттілігі, әлеуметтік жағдайы, кепілге алынған баспананың жалғыз болуы, қарыз бойынша міндеттемелерді адал орындау сияқты факторлар ескеріледі.

Кредит берген мекеме өзінің жауабын күнтізбелік 15 күннің ішінде беруге тиіс. Жауаптың үш нұсқасы бар.

Олар:

кредитор қарыз алушы ұсынған банктік қарыз/микрокредит шартының талаптарына өзгерістерді енгізуге келісім береді;
кредитор банктік қарыз/микрокредит шартының талаптарын өзгертуге қатысты өз ұсыныстарын жасайды;
кредитор қарызды қайта құрылымдаудан бас тартуға шешім қабылдайды (жауапта нақты себептері көрсетілуі шарт).
Қарызды қайта құрылымдау қалай жасалады?
Қарызды қайта құрылымдауды бірнеше жолмен жасауға болады. Соны өтініште көрсетуге болады. Банк мен микроқаржы ұйымы да осы әдістердің біреуін ұсына алады.

сыйақы мөлшерлемесін төмендету;
төлемді кейінге қалдыру;
өтеу әдісін өзгерту;
қарыз мерзімін ұлғайту;
борыш жүктемесін азайту (мерзімі өткен негізгі борыш, сыйақы, айыпақы және төлемдер мен комиссиялардың өзге де түрлері);
ипотекаға алынған жылжымайтын мүлікті өздігімен сату немесе кепіл мүлкін кредиторға беру;
жылжымайтын мүлікті сатқанда барлық міндеттемені сатып алушыға тапсыру.
Банктің тиісті шешімі шыққаннан бастап күнтізбелік 15 күннің ішінде келісімшартқа өзгеріс енгізіледі.

Екі жақ бір келісімге келмесе...
Қарыз алушы қарызды қайта құрылымдау талаптары бойынша кредитормен келісімге келе алмаса, қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігіне жүгінуге құқылы. Арызда банкпен немесе микроқаржы ұйымымен бір шешімге келмеудің нақты себептерін көрсету керек.

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі өз кезегінде өтініштің негізінде кредиторға қатысты құжаттамалық тексеру жүргізеді. Сол кезде банктің немесе микроқаржы ұйымы қабылдаған шешіміне баға беріледі.

Тексеріс кезінде кредитор халықтың әлеуметтік осал топтарына жататын борышкерлердің кепілге салынған мүлкін өндіріп алу рәсімін бастай алмайды.

Кредит алғанда нені ескеру керек
Мамандар кредит алғанда маңызды бірнеше мәселені ескеру кеңес беріп отыр:

кредит алған адамның ай сайынғы төлемі табыстың жартысынан аспауға тиіс;
келісімшартқа қол қойғанға дейін мұқият оқып шығу қажет;
қарыздың мерзіміне, сыйақы мөлшерлемесіне (тұрақты немесе құбылмалы), жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесіне, ай сайынғы төлемнің мөлшеріне, сондай-ақ, кредитті төлей алмаған жағдайда қандай міндеттер болатынына бас назар аудару керек;
келісімшартта банктің есепшотына түсетін ақшаны өндіріп алу, қарызды коллекторлық агенттікке беру және сотқа жүгіну құқықтары да жазылуы мүмкін.
"Артынан проблема болмас үшін кредит мен микредиттерді рәсімдеуге өте мұқият қараған жөн, бұл ақылға салынған шешім болуға тиіс. Қарызға ақша алатын адам маңызды бір мәселені түсінуі керек. Кредит – ол жауапкершілік. Кез келген кредитті қайтаруға тура келеді", - дейді мамандар.



Әрі қарай оқу: https://sputnik.kz/economy/20211020/18460841/Kredit-kaytaru-zan.html
Просмотров материала: 2 608

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 161 166 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 160 987 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 160 624 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 160 663 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 160 956 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 10 473 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 9 616 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 9 818 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 13 641 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 13 821 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 22 620 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 9 472 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 7 124 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 6 991 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 5 815 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 7 976 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 17 099 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 5 761 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 7 139 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 5 865 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 5 875 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 5 716 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 5 556 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 5 814 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 5 762 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 17 270 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 7 712 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 5 589 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 5 854 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 6 185 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 5 589 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 5 569 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 5 607 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 5 554 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 5 791 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 5 933 Просмотров





Опрос


«    Август 2025    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031