19 декабря 2025 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Президент Қазақстан мен Қытай байланысына баға берді

05 ноябрь 2021, 11:00
Президент Қазақстан мен Қытай байланысына баға берді
Мемлекет басшысы IV Қытай халықаралық импорттық тауарлар көрмесінің ашылу рәсімінде бейнеүндеу жасады, деп хабарлады Ақорда.

Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің бейнеүндеуінде жиынға қатысушыларды IV Қытай халықаралық импорттық тауарлар көрмесінің ашылуымен құттықтады.

"Биыл біздің достас халықтарымыз өз тарихындағы маңызды белеске жетті. Қазақстан Тәуелсіздігіне – 30 жыл. Қытай Коммунистік партиясының құрылғанына – 100 жыл. Сондай-ақ екі айдан кейін тағы бір айтулы оқиғаны атап өтеміз. Қазақстан мен Қытай арасында дипломатиялық қатынастардың орнағанына 30 жыл толады. Бүгін біздің жан-жақты әрі мәңгілік стратегиялық серіктестігіміз кемелденіп, жаңа кезеңге қадам басты деп нық сеніммен айта аламын. Қарқынды дамып келе жатқан Қытай елі әрдайым Азиядағы ең басты және сенімді серіктесіміз болып қала береді", – деді Қазақстан президенті.

Мемлекет басшысы өзара тиімді екіжақты ынтымақтастық кең-байтақ Еуразия құрлығында бірлесе дамуға және өркендеуге жол ашып отырғанына, сауда-экономикалық қатынастар – ықпалдастығымыздың берік іргетасы екеніне тоқталып, алдағы кезеңде солай бола беретінін атап өтті.

"Қиындыққа қарамастан, күрделі 2020 жылдың өзінде екіжақты тауар айналымы 5 пайызға өсіп, 15 миллиард доллардан асты. "Өзгерістер желі соққанда, біреулер қабырға тұрғызады, енді біреулер жел диірмен салады" деген көне қытай нақылы бар. Пандемияға байланысты Қазақстан-Қытай шекарасына енгізілген уақытша шектеу шаралары тезірек аяқталып, алыс-беріс қайтадан жандана түседі деп сенеміз", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Қазақстан президенті құттықтау сөзінде сауда-саттық әрдайым өркендеудің және халықаралық ынтымақтастықтың басты қозғаушы күші саналатынын, бұл қағидат ғасырлар бойы Ұлы Жібек жолының бойында орналасқан біздің өңір үшін де аса маңызды екенін айтты.

"Осы ежелгі сауда жолы Төраға Си Цзиньпиннің "Белдеулер мен жолдар" атты ауқымды бастамасының арқасында қайта жаңғырды. Қазір жыл сайын Қытайдан Еуропаға Қазақстан аумағы арқылы 500 мыңнан астам контейнер тасымалданады. Құрық теңіз айлағы іске қосылғаннан кейін "Ляньюнган – Карс" тасымал дәлізімен Қорғастан Ыстанбұлға жүк жеткізу мерзімі бес есеге, яғни 60 күннен 13 күнге дейін қысқарды. Біз Қорғастан бөлек, бірқатар көршілес елдермен жаңа шекарааралық хаб құрып жатырмыз", – деп атап өтті мемлекет басшысы.

Қасым-Жомарт Тоқаев бүкіл әлемді шарпыған коронавирус індеті жаһандық сауда желісінің жұмысына айтарлықтай нұқсан келтіргеніне тоқталды. Сондай-ақ Қазақстан тұрақты транзиттік тасымал бағдарын нығайтып, оны әртараптандырып, инновациялық логистикалық әдіс-тәсілдерді енгізу үшін барлық мүдделі тараппен тығыз жұмыс жүргізе беретінін айтты.

"Бүгін есігін айқара ашқан Қытай халықаралық импорттық тауарлар көрмесі, шын мәнінде, дүниежүзінің әр түкпіріндегі экспортшыларды ұйыстыратын орталыққа айналды. Осы маңызды шараға 120-дан астам мемлекеттен тауар өндірушілер жиналып отыр. Бұл Шанхай көрмесі Қытайдағы алып нарыққа кіретін "алтын қақпа" екенін айқын көрсетті. Осы көрмеге Қазақстаннан 30 ірі өнім өндіруші қатысуда. Олар жалпы құны 100 миллион доллардан асатын азық-түлік және ауыл шаруашылығы өнімдерін сатуға келісім шарт жасайды деп жоспарланып отыр", – деді Қазақстан президенті.

Президент сөзін қорытындылай келе, Шанхай көрмесіне қатысушылардың жұмысына табыс тілеп, өзара тиімді сауда байланыстары көкжиегінің кеңейе беруіне ниеттестік білдірді.
Просмотров материала: 783

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 179 995 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 179 499 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 179 090 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 179 141 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 179 449 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 11 503 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 10 634 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 10 868 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 15 037 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 15 195 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 23 803 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 10 070 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 7 442 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 7 270 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 6 099 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 8 305 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 17 357 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 6 039 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 7 432 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 6 153 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 6 158 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 5 987 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 5 827 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 6 092 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 6 028 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 17 543 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 8 063 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 5 861 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 6 129 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 6 495 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 5 880 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 5 826 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 5 881 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 5 841 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 6 070 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 6 214 Просмотров





Опрос


«    Декабрь 2025    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031