27 сентября 2026 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Тоқаев пен Си Цзиньпинмен телефон арқылы сөйлесті

03 июнь 2021, 9:22
Тоқаев пен Си Цзиньпинмен телефон арқылы сөйлесті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ҚХР Төрағасы Си Цзиньпинмен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды zakon.kz Ақордаға сілтеме жасап.

Екі ел басшылары жоғары деңгейдегі тұрақты, сенімді диалог жан-жақты, ұзақ мерзімді дәйекті стратегиялық әріптестіктің кепілі екенін айтты. Тараптар 2019 жылдың қыркүйек айында Қазақстан Президентінің Қытай Халық Республикасына жасаған мемлекеттік сапары барысында қол жеткізілген маңызды уағдаластықтардың жүзеге асырылуына көңілдері толатынын жеткізді.

Қасым-Жомарт Тоқаев екі ел арасындағы дипломатиялық қатынастарға 30 жыл толатынын атап өтіп, қарқынды дамып келе жатқан екіжақты байланыстарды жоғары бағалады. Қазақстан мен Қытай арасындағы қарым-қатынастардың қазіргі жағдайы кез келген сын-қатерге төтеп бере алатын және үлгі тұтарлық деңгейде екені айтылды.

– Қытай біздің мәңгі көршіміз әрі досымыз. Біздің бейбітшілік пен жан-жақты ынтымақтастыққа негізделген ортақ шекарамыз бар. COVID-19 індеті таралған күрделі кезеңде өзара қолдау көрсеткеніміз – мызғымас достықтың айқын үлгісі, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Президент жуырда Қазақстанға "CoronaVac" вакцинасының алғашқы легінің жеткізілгенін айтып, Қытай тарапына ризашылығын білдірді. Бұл елімізде жүргізіліп жатқан жалпыұлттық вакциналау науқанына айтарлықтай үлес қосады.

Си Цзиньпин екіжақты стратегиялық әріптестікке және күрделі кезеңде көрсетілген өзара көмекке қатысты Қазақстан Президентінің берген бағасын құптады.

– Елдеріміз арасындағы ынтымақтастықтың форматы бірегей сипатта және Қытайдың басқа көрші елдермен қарым-қатынасы мұндай деңгейде емес, – деді Қытай басшысы.
ҚХР Төрағасы "Бір белдеу – бір жол" тарихи бастамасын іске асырудағы Қазақстанның рөліне ерекше тоқталып, коронавирус пандемиясының кесірінен жаһандық байланыстардың үзілген шағында жобаның өз қажеттігін дәлелдегенін айтты.

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан территориясы арқылы өтетін көлік-транзит бағдарларын одан әрі әртараптандыру бағытындағы еліміздің берік ұстанымын нақтылады. Президент Қазақстан мен Қытай шекарасындағы автокөліктер мен теміржол өткізу бекеттерінің жұмыстарын, сондай-ақ, екі ел арасындағы тұрақты әуе қатынастарын тезірек қалыпты жағдайға келтіру қажет екенін айтты. Бұл қадам екі елдің іскер топтары мен жалпы жұртшылығы үшін аса жағымды жаңалық болар еді.

Мемлекет басшысы "Бір белдеу – бір жол" тұжырымдамасының басқа да бағыттарын бірлесіп ілгерілетуде инновациялық, атап айтқанда, қаржы, цифрландыру және "жасыл" технологияларға қатысты шешімдерді іздестіруге шақырды.

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Си Цзиньпин екі ел үкіметтеріне әңгіме барысында көтерілген мәселелерді егжей-тегжейлі пысықтауды қолға алу жөнінде тапсырма беруге уағдаласты.

Мемлекет басшылары әлемдік және өңірлік күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша пікір алмасты. Олар БҰҰ, ШЫҰ және "Орталық Азия – Қытай" форматы сияқты көпжақты алаңдардағы өзара іс-қимылдардың зор әлеуеті бар екенін атап өтті. Екі ел басшылары жаңа дәуір кезеңінде мультилатерализм тұжырымдамасын және "адамзаттың ортақ тағдыры" қоғамдастығын құрудың аса қажет екенін айтты.
Қазақстан Президенті Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім шаралары жөніндегі кеңеске үнемі қолдау көрсетіп келе жатқаны үшін қытай тарапына ризашылығын білдірді.

Қасым-Жомарт Тоқаев Сиань қаласында өткен Орталық Азия елдері Сыртқы істер министрлері кездесуінің қорытындыларына жоғары баға берді. Сондай-ақ халықаралық ықпалдастықтың аталған форматының дамуына атсалысуға дайын екеніне тоқталып, кезекті отырысты 2022 жылы Қазақстанда өткізуді ұсынды.

Си Цзиньпин Қазақстан Орталық Азиядағы ірі мемлекет ретінде аймақтағы қауіпсіздік пен тұрақтылықты қамтамасыз етуде, әсіресе, Ауғанстаннан Америка әскері шығарылғаннан кейін маңызды рөл атқара алады деп санайды.

Өзара сенімге және толық қолдауға негізделген әңгімелесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев пен Си Цзиньпин әртүрлі деңгейдегі тығыз қарым-қатынастарды жалғастыруға уағдаласты. Сонымен қатар Ұйымның 20 жылдығына орай Қазақстан астанасында ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер үкіметтері басшыларының отырысын лайықты деңгейде өткізуге келісті. ҚХР басшысының Қазақстанға мемлекеттік сапармен келу мерзімін дипломатиялық жолдар арқылы келісу жөнінде уағдаластыққа қол жеткізілді.

Просмотров материала: 601

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 219 653 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 219 331 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 218 835 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 218 872 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 219 250 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 13 672 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 12 705 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 13 037 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 17 712 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 17 747 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 25 950 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 10 825 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 7 939 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 7 593 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 6 469 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 9 421 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 17 703 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 6 449 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 7 859 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 6 653 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 6 470 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 6 309 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 6 162 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 6 519 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 6 404 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 17 893 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 9 254 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 6 215 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 6 457 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 6 851 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 6 202 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 6 147 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 6 286 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 6 218 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 6 456 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 6 599 Просмотров





Опрос


«    Сентябрь 2026    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930