8 декабря 2025 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



#АуылФутбол: Алматы облысында кезекті турнир өтті

04 ноябрь 2021, 11:02
#АуылФутбол: Алматы облысында кезекті турнир өтті
2 қараша күні Алматы облысында 11 жасқа дейінгі балалар арасындағы кезекті турнир өтті. Жеңімпаз Жібек жолы ауылының «Акбарс» ФК командасы атанды. Бұл SunFinance демеушілігімен өткен төртінші турнир болды және серия демеуші #SunFinanceCup атымен аталады.

Турнирге Алматы облысының Қарасай, Жамбыл, Көксу аудандарынан 8 команда, сондай-ақ Ақмола облысының Талапкер ауылынан келген қонақ «Spartans» командасы қатысты.

#АуылФутбол: Алматы облысында кезекті турнир өтті


Турнир жеңімпазы болып «АкБарс» командасы аталып, медальдармен, кубокпен, сондай-ақ спорттық формалардың толық жиынтығымен және жаңа доптармен марапатталды.



2 және 3 орын алған командаларға доптар мен жаттығу жабдықтары табыс етілді. Бұл – Жамбыл ауданы, Қаракестек ауылының «Алатау-Қаракестек» командасы мен Көксу ауданы, Жетіжал ауылының «Jetijal» командасы.

Жартылай финалға өткен барлық командалар да турнирдің демеушісі, меценат және кәсіпкер Есбол Шораев бөлген ақшалай сыйлықтарға ие болды.



Турнирдің ең үздік қақпашысы болып Райымбек ауылының «RedSapsans» командасының атынан шыққан 9 жасар Серікұлы Қайсар аталды, ол ең көп сейв жасады.

Ойынның ең үздік бомбардирі «Jetijal» командасының мүшесі 11 жасар Ерсін Түйешібай, ал ең үздік ойыншы «Spartans» командасының мүшесі 11 жасар Дәулетбеков Әлімжан болды.



«Менің ойымша, бұл SunFinance қолдауымен өткен ең сәтті турнирлердің бірі. Тамаша жылы ауа-райы және барлық қатысушылардың тамаша көңіл-күйі мұндай шараны өткізу үшін қажет болды. Әрине, жарыстарда кез келген адамның жолы бола бермейді, жеңіске тек үздіктер ғана жете алады. Мысалы, біздің команда үздік төрттікке кіре алмады. Бірақ балалар тәжірибе жинап, жаңа достарды тапты. Бұл балалар спортындағы ең бастысы», - дейді #АуылФутбол жобасының жетекшісі Серік Мәмбетов.

Серік Мәмбетовтың айтуы бойынша, #АуылФутбол жобасы биыл тағы бір, яғни соңғы турнирді өткізбекші.



«Біз бұл турнирді Түркістанда өткізгіміз келеді. Барлығы ауа-райының жағдайына, ұйымдастыру жұмыстары мен жергілікті қолдауға байланысты болады», - деп қосты С.Мәмбетов.

Сондай-ақ жоба өз лигасын – «Ауылфутбол лигасын» ашуды жоспарлап отыр.

«Бірақ оны бүкіл ел бойынша бірден іске қосу қиынға соғады, себебі бізде үлкен қолдау жоқ. Біз лиганы біртіндеп жүзеге асырамыз. Бірақ үлкен демеушілер мен қаржылық ресурстардың жоқтығы қатты алаңдатпайды. Біз жарнамалық ұсыныстарымызды жақсартамыз, және мен демеушілердің болатынына сенімдімін. Осы сәтті пайдалана отырып, Талапкер ауылының командасына жеке қолдау көрсеткен Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаевқа алғыс айтқым келеді», - дейді «АуылФутбол» жобасының жетекшісі.

Серік Мәмбетов жергілікті өңірлерде, ауылдарда ауыл футболын дамытуды қолға алатын белсенді азаматтардың жоқтығы немесе олардың өте аз болуы көбірек алаңдататынын айтады.

«Біз жасөспірімдер спорт мектептерін және олардың жаттықтырушыларын есепке алмаймыз, бұл мемлекеттік мекемелер. Сол себептен біздің ауыл футболын дамытудағы көзқарастарымыз әртүрлі», - деп түйіндеді С.Мәмбетов.

#АуылФутбол жобасы 2020 жылдың қаңтарында Алматы облысы, Қарасай ауданы, Райымбек ауылында басталды. Идея авторы - журналист Серік Мәмбетов. Жобаның негізгі мақсаты - ауылдағы балалар футболын қолдау.

Жоба барысында 20 -дан астам турнир өткізілді, ауылдардан келген 50 -ге жуық командаға материалдық көмек көрсетілді. Қазіргі уақытта SunFinance қолдауымен 2022 жылдың наурызына дейін өткізілетін ауылдық командаларға футбол доптарын ұсыну науқаны жүріп жатыр.
Просмотров материала: 2 409

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 178 316 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 177 817 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 177 411 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 177 460 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 177 757 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 11 424 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 10 560 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 10 789 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 14 934 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 15 091 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 23 720 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 10 044 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 7 435 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 7 265 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 6 090 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 8 295 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 17 350 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 6 031 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 7 426 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 6 146 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 6 151 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 5 980 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 5 821 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 6 083 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 6 022 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 17 537 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 8 046 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 5 855 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 6 124 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 6 486 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 5 869 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 5 822 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 5 869 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 5 837 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 6 064 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 6 208 Просмотров





Опрос


«    Декабрь 2025    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031