12 сентября 2026 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Бір әйелдің екі күйеуі болу керек! Психолог пайымы жұртты дүрліктірді

03 ноябрь 2021, 10:46
Бір әйелдің екі күйеуі болу керек! Психолог пайымы жұртты дүрліктірді
"Бір әйелдің екі күйеуі болу керек". Жақында ғана желіні осылай деп шулатқан отандық психологтың бұл пікірі еркек кіндіктің шамына тигенімен, кей нәзік жандарға жаққан тәрізді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Айтып-айтпай не керек? "Бір әйелге қос еркек" деген, не тәйірі? Бастаманы көтерген психологтың өзін әңгімеге тарттық. "Бұған үрке қараудың қажеті жоқ. Қазір әйелді еркек емес, еркекті әйел сүйрейтін заманға жеттік қой", - дейді, деп хабарлайды "Еуразия" бірінші арнасы.

СЕРІКГҮЛ СӘЛИ, ПСИХОЛОГ:

Бір 35 пайыз жағдайда осындай отбасылар бар. Соларды әйел асырап отыр, әйелі қызмет жасайды. Сол әйелдің жағдайын жасау ше? Бір еркек оның жағдайын жасай алмай отыр. Бұл бір деңіз. Екіншіден, еркекке бірнеше әйел алуға болады екен, неге қыз-келіншектерге де мұндай мүмкіндік бермеске. Мәселен шариғатымызда...
Ер адамдарға 4 әйел алуға дейін рұқсат берілген. Ал әйел затына келгенде талап мүлдем басқа.

МЕДЕТ ҚҰРМАШҰЛЫ, ҚМБД ШАРИҒАТ ЖӘНЕ ПӘТУА БӨЛІМІНІҢ МАМАНЫ:

Мысалы, ертең бір әйелдің бірнеше күйеуі болатын болса, ол бала кімнен туды? Мысалы кім оның әкесі атанады? Сондықтан ол шариғатымызда қатаң түрде тыйым салынған, харам нәрсе.


Яғни, псилохогтың айтпағы - еркек пен әйелге берілген құқық теңдей бөлінуі тиіс. Қызығы, оның бастамасын жарыса қолдай кеткендер де аз емес екен.
СЕРІКГҮЛ СӘЛИ, ПСИХОЛОГ:

Ер адаммен өзін тең құқылымын деп есептейтін, еркекпен теңдей құқығым бар деп санайтын әйелдердің барлығы я дұрыс, бұл жаңалық емес, бұған нағып елдің бәрі таңғалып жатыр деп солай айтып жатыр.


Отбасы құндылықтарын дәріптеп жүргендерді де сөзге тарттық. Бұл дінімізге де, ділімізге де мүлдем жат қылық қой, - дейді олар.

БЕКЗАТ ЕРМЕКБАЕВА, ОТБАСЫ ИНСТИТУТЫН ЗЕРТТЕУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ЖЕТЕКШІ МЕНЕДЖЕРІ:
Біз шыққан генімізді ұмытпауымыз керек. Шыққан тегімізді ұмытпауымыз керек. Бір әйелге екі еркек деген біздің табиғатымызға мүлдем жат нәрсе.


Осылайша, желіні бір шулатып, қоғамның пікірін қақ жарған психологтың мәлімдемесі кей нәзік жандардан қолдау тапқанымен, басым көпшілігі бұған қарсы шығып отыр.
Просмотров материала: 830

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 217 535 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 217 209 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 216 713 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 216 755 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 217 129 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 13 567 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 12 604 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 12 927 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 17 595 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 17 644 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 25 839 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 10 808 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 7 912 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 7 575 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 6 446 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 9 396 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 17 685 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 6 427 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 7 837 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 6 628 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 6 451 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 6 299 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 6 149 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 6 496 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 6 383 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 17 869 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 9 224 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 6 199 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 6 443 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 6 830 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 6 183 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 6 131 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 6 266 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 6 208 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 6 438 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 6 584 Просмотров





Опрос


«    Сентябрь 2026    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930