17 октября 2026 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Жыныс ауыстыру – Шариғатқа сай емес

04 декабрь 2020, 9:32
Жыныс ауыстыру – Шариғатқа сай емес
Елде әйелден еркекке, еркектен әйелге айналғандар көбеймесе болды. Білетіндер, күні кеше жыныс ауыстыруға рұқсат беретін ережені бекіткен денсаулық министрі Цой мырзаның бұл шешімі жақсылыққа апармайды деп топшылап отыр. Неге? Сонда ұсынысқа сұраныс бар ма? Жалпы мұндай ота жасауға отандық медицинаның қауқары жете ме? Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды.

Кешелі-бері отандық БАҚ беттерін шулатқан ақпарат. Енді Қазақстанда жыныс ауыстыруға рұқсат. Денсаулық сақтау министрлігі ер болғысы келетін әйелге, әйел болғысы келетін еркекке арналған арнайы нұқсқаулықты бекітті.

Алайда, таңғалудың қажеті жоқ. Заңға сәйкес, елде жыныс ауыстырам деушілерге рұқсат сонау 2003-ші жылы-ақ берілген еді. Казір тек, өзгерістер енгізіліпті. Басты талап жасы 21-ден асуы керек.

Жақсылық Досқалиев, трансплантолог:

Психолог жұмыс жасап, керек пе, керек емес пе, жынысымды ауыстырамын деген адаммен жұмыс жасайды. Ол бір жарты жылдай. Соның нәтижесі болмағанда, оған гармон береді. Ер адамдарға әйелдердің, әйел адамдарға ер адамдардың гармонын жасайды.
Сөйтіп толық медициналық тексеру мен арнайы комиссияның келісімін алғаннан кейін ғана хирург жұмысына кіріседі екен. Құны да аз емес. Берісі бір, арысы 3 млн теңге. Хош. Оны қойшы. Мұндай қадамға кімдер барады өзі?

Ержан Мырзабаев, психолог:

Ұл бала бала кезде, өте доминантты әйелден қысым көретін болса, көп кезде аналар болады, жалпы әйелдерден көңілі қалады. Олардан қорқатын болады.
Бұл бір. Екінші себеп...

Ержан Мырзабаев, психолог:

Бала кезінде өз жынысына байланысты ер кісінің тарапынан жыныстық қысымға ұшыраған болса, жыныстық зорлауға ұшыраған болса.
Қысқасы, бала шақта психологиялық жарақат алғандар болашақта жынысын ауыстыруға бекінеді екен. Дегенмен, осыған дейін, мұндай ота жасатқан отандастарымыздың саны бірен-саран еді. Жылына ары кетсе 3-4 адам болатын. Енді министрліктен ресми рұқсат берілгесін, теріс тенденция белең алып кетпесе болды деп алаңдайды мамандар.

Жақсылық Досқалиев, трансплантолог:

Біз еліктеп жатырмыз ғой. Мынау батыс елдеріне, басқаға. Өзіңіз білесіз, ел ашық. Ғаламтор ашық.
Осыдан үш жыл бұрын еркектен әйелге айналып, ашыналардан ақша бопсалаған тараздық трансгендердің оқиғасы әлі ел есінде. Хасаннан Викторияға айналған азаматты Сот көп уақыт қай түрмеге тоғытарын білмей, дал болған еді. Кейін, көп ойлана әйелдердің қасына жіберген-ді. Мейлі, медицина жыныс өзгертуге рұқсат бергенімен, дініміз не дейді?

Медет Құрсақов, Шариғат және Пәтуә бөлімінің маманы:

Жыныстық мүшені ауыстыру – бұл Алла Тағаланың жаратылысын өзгерту болып саналады. Және шариғатымызда, әйелдердің еркекке, еркектердің әйелге ұқсауына қатаң түрде тыйым салынған.
Жалпы, жыныс ауыстыру бойынша Үндістан, Тайланд пен Иран көш бастап тұр екен. Соңғысында, жылына 500-ге жуық ота жасалады екен. Ал біздің қоғам бұған қалай қарайды?

Қалай болғанда да, заң келер жылдан бастап күшіне енеді. Ал оның қоғамға қалай әсер ететінін, уақыт қана көрсетеді.

Просмотров материала: 1 520

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 222 658 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 222 354 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 221 848 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 221 884 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 222 259 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 13 850 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 12 882 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 13 213 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 17 892 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 17 924 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 26 132 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 10 877 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 8 015 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 7 646 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 6 522 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 9 544 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 17 759 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 6 516 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 7 916 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 6 707 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 6 524 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 6 367 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 6 209 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 6 580 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 6 455 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 17 943 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 9 377 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 6 273 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 6 509 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 6 902 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 6 249 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 6 193 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 6 343 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 6 270 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 6 513 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 6 646 Просмотров





Опрос


«    Октябрь 2026    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031