Алматинская область

Мектеп оқушысы өз-өзіне қол салды – полиция ақпаратты растады

Алматы облысында мектеп оқушысы өз-өзіне қол салды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан ішкі істер министрлігінің Telegram-арнасына сілтеме жасап.

Қайғылы оқиға 16 қыркүйекте Гүлдала кентінде болған. Қазіргі кезде Қылмыстық кодекстің 105-бабы, 3-бөлігі (Өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу, кәмелетке толмаған адамға қатысты жасалған іс-әрекет) бойынша тергеу шаралары басталды.

Бұқаралық ақпарат құралдарында тараған ақпаратқа сәйкес, 11 жастағы қыз бесінші сыныпта оқыған. Ол өз үйінде асылып өлді.

 

Другие новости

Back to top button