Атырауская область

Марафонда жүлделі орынға ие болған 72 жастағы қарияның видеосы желіде талқыға түсті

Кезекті сайыста жүлделі орынға ие болған қазақстандық марафоншы Төлеутай Жаманбек желі қолданушыларын биімен тәнті етті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

 

72 жастағы қарияның билеген сәті әлеуметтік желіде лезде тарап кеткен.

«Біздің спортшымыз Жаманбек Толеутайдың позитиві бүгін бүкіл Атырауды жаулап алды! Осындай жігерлі және сау болу үшін спортпен шұғылданыңыз!» – деп жазды Atyrau Marathon Instagram-парақшасында.

Көңілді қария 60 жастан асқандар арасында 5 шақырым қашықтықты 36 минутта жүгіріп өтіпті. Осылайша ол 4-орын иегері атанған.

«Атаның бұл көңіл-күйі үшін жолды жауып, осындай шараны ұйымдастыруға болады», «Тартымды әрі харизмалы спортшы», «Ата үшін қуаныштымын, жүлделі орын алғаны жақсы болған, ол қатты қобалжыған еді», «Төлеутай атаны талай жылдан бері танимын. Ең көңілді әрі мейірімді жан», – деп жазды желі қолданушылары.

Другие новости

Back to top button