Культура

«Киркоровтан көріп алыпты». Мейрамбек Бесбаев концертте күзетшіге ұрсып тастады

Белгілі әнші Мейрамбек Бесбаевтың концерті кезінде көрермендер арасынан екі қыз сахнаға атып шыққанда, күзетші кедергі келтірді, деп хабарлайды Экспресс К.

Мұны байқаған әнші күзетшіге ұрысып, қыздарды ортаға алып шықты. Сосын әнді қосылып орындаған. Алайда қыздардың да әрекеті көпшілікке ерсі көрінді. Өйткені ән айтатын дауыс та жоқ, тек ұялы телефондарына түсіру үшін шыққан секілді. Желі қолданушылары да мұны байқап, пікірлерін жазып жатыр.

 

«Қыз өлең айтқан соң, Мейрамбек өкініп қалған болар», «Күзетші өз жұмысын атқарды», «Киркоровтан көріп алыпты», «Беспаев дұрыс істемеді», «Күзетші қыздың қалай өлең айтатынын білгендей», «Мәкең жақсы жігіт», «Өз жұмысын істегенге ұрысқаны несі?»
— деген сарындағы пікірлер көптеп жазылған.

Другие новости

Back to top button