Госорганы

Жыл басынан бері қаржы пирамидаларына қатысты 33 қылмыстық қозғалды

Қабылданған шаралардың арқасында 3 мыңнан астам сайт бұғатталды

Қазақстанда жыл басынан бері 28 қаржы пирамидасын ұйымдастырушыларға қатысты 33 қылмыстық іс тіркелді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Қаржы мониторингі агенттігінің хабарлауынша, бүгінде қаржы пирамидаларына қатысты жұмыс тәсілдері жетілдіріліп жатыр.

«Аналитикалық құралдарды кеңінен қолдану арқылы «жазалаушы» постфакторлық әдістен профилактикалық әдіске көшу жүзеге асырылды. Қолданыстағы заңнамаға қаржы пирамидаларын жарнамалағаны үшін қылмыстық жауапкершілік енгізілді», — деп атап өтті ҚМА өкілдері.

Сонымен қатар қаржы пирамидаларының қызметін жарнамалайтын сайттарды бұғаттаудың тетігі әзірленді.
Қабылданған шаралардың арқасында 3 мыңнан астам сайт бұғаттауға жіберілді.

«Биыл барлығы 28 қаржы пирамидасын ұйымдастырушыларға қатысты Қылмыстық кодекстің 217-бабы бойынша 33 қылмыстық іс тіркелген. Сот 7 қылмыстық істі қарады, олар бойынша 11 адам сотталды, оның ішінде біреуі шет мемлекеттің азаматына қатысты жүргізілді. Барлық тұлғаға нақты мерзім – 3 жылдан 6 жыл 8 айға дейін бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Бұл ретте 7 адам 5 жылға бас бостандығынан айырылды», — делінген агенттік хабарламасында.

ҚМА азаматтарды аса сақ болуға және оларды қаржылық пирамидаларға тартатын алаяқтардың айла-амалына түспеуге шақырады.

 

Другие новости

Back to top button