ГлавноеНур-Султан

«Жолға шығуға мәжбүр болды»: Астанада автобус бойжеткенді қағып өлтіргені туралы хабар тарады (ВИДЕО)

Астанада №56 қоғамдық автобус 26 қазан күні сағат 22:00-де Шыңғыс Айтматов пен Жұбан Молдағалиев көшелерінің қиылысында 22 жастағы Лолита Канды қағып өлтіргені туралы хабар тарады. Azattyq Rýhy тілшісі жағдайды білмек болып марқұмның туыстарына хабарласты.

Лолита Канның туыстары бұл оқиғада тек жүргізуші ғана кінәлі деп есептемейді.

«Қайтыс болған бойжеткен менің әйелімнің туған сіңілісі. Қазір әйелім болған оқиғадан әлі есін жия алар емес. Балдызым жолақтан өтпеді деп жатыр. Алайда ол жерде басқа өтетін орын болған жоқ. Ол жолдың үстімен өтуге мәжбүр болды. Себебі жол маңайында үйлердің құрылысын жүргізіп жатқан құрылыс компаниясы ешқандай жағдай жасамаған. Жаяу жүргіншілер өтетін тротуар да жоқ. Бұл оқиғаға қатысты жүруге жағдай жасамаған құрылыс компаниялары мен оны бақылайтын әкімдік жауапқа тартылуы керек деп санаймын. Барлық жерді қазып тастаған күнде де, белгілерді қойып, жаяу жүргіншілердің жолға шықпауын қамтамасыз етуі керек еді. Лолитаның өмірі енді басталып келе жатыр еді», — дейді марқұмның жездесі Аббас.

Оның айтуынша, оқиға болған жолдың қиылысында Sat Ns құрылыс компаниясына тиесілі Delta тұрғын үй кешенінің құрылысы жүріп жатыр. Құрылысты тапсыру 2025 жылдың 1 тоқсанына жоспарланған.

Azattyq Rýhy тілшісі оқиғаға қатысты Астана қаласының Полиция департаментіне сұрау жолдады.

Другие новости

Back to top button