Госорганы

Жоғары оқу орындары әскери борышын өтегендерге 3000 грант бөледі

Әскери борышын өтегендер университетте тегін оқуға мүмкіндік алды. Бұл туралы қорғаныс министрінің орынбасары Дархан Ахмедиев мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

«Бүгін қорғаныс министрі 44 жоғары оқу орнымен әскери борышын өтегендерге 3000 грант беру туралы меморандумға қол қойды. Яғни, бір жыл әскерде қызмет өткергендер осы жоғары оқу орындарына ҰБТ-сыз түсе алады», — деп атап өтті Ахмедиев.
Сонымен қатар әскерде жақсы нәтиже көрсеткен жігіттер ЖОО есебінен тегін жоғары білім алу мүмкіндігіне ие болады.

Тағы бір жақсы жаңалық — жақында қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі кредитке «демалыс беру» туралы келісімді жариялайды. Яғни, сарбаздардың кредиті мерзімді қызмет кезінде 13 айға тоқтатылады. 12 ай қызмет ету мерзімі + 1 ай жұмысқа орналасуға беріледі.

Бұдан бөлек, қорғаныс министрлігі әскерден кейін сарбаздарды жұмысқа орналастыру үшін кәсіпорындармен келісім жасауды жоспарлап отыр

Другие новости

Back to top button