Алматинская область

Жоғалмаған, қыдырып жүрген: Талғарда іздеу жарияланған бойжеткен мешіттен табылды

Сүңгуірлер мен кинолог жоғалған қызды Талғар маңындағы тау шатқалы мен өзендерден іздеген

Талғарда із-түссіз жоғалды деп іздеу жарияланған қыз дін-аман, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Alataunews-ке сілтеме жасап.

Талғар қаласының тұрғыны 7 тамыз күні қызы жоғалып кеткенін айтып, төтенше жағдай қызметінің мамандарына тауып берулерін өтінген. Өтініш түскен бойда облыстық төтенше жағдай мамандары Талғар маңындағы тау шатқалы мен өзендерді түгел тексерді. Оқиға орнында сүңгуірлер мен кинолог мамандар жұмыс істеді.

«Қыздың туыстары суға батып кетті ме деген күдікпен бізге өтініш айтты. Бірақ, іздеу жұмыстары кезінде қыздың денесі табылмады», – дейді Алматы облыстық төтенше жағдай департаментінің баспасөз қызметі.

Алайда, «жоғалып кетті» деп іздеу жарияланған 22 жасар Мақпал Бринатеваның бүгін мешітте жүргенін көргендер туыстарына хабарласқан. Кей ақпараттар бойынша бойжеткен жігітімен қыдырып жүрген. Бұл ақпараттан соң төтенше жағдай мамандары іздеу шараларын тоқтатты.

 

Другие новости

Back to top button