Социум

Жапония үкіметі отставкаға кетті

Жапония үкіметі түгелдей отставкаға кетті. Сәрсенбі, 10 тамызда министрлер кабинетінің кезектен тыс отырысы өтті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жапон үкіметінің премьер-министрі Фумио Кишиданың басшылығымен жаңа құрамы күткендей жақын арада белгілі болады, деп жазады ria.ru.

Бастапқыда кадрлық ауыс-түйіс қыркүйектің басында болады деп күтілген еді. Фумио оларды «жаңа капитализм» экономикалық концепциясының алға жылжуын жеделдету үшін қазір өткізгісі келді.

Үкімет басшысы азық-түлік пен жанар-жағармай бағасының өсуіне байланысты шара қолдану қажет деп санады. Оның ойынша, парламент отырысына алдын ала дайындалу керек.

 

Другие новости

Back to top button