Жамбылская область

Жамбыл облысында шекара қызметінің офицері көз жұмды

Жамбыл облысында ҰҚК шекара қызметінің офицері қайтыс болды. Өлімнің алдын ала себебі — миға қан құйылу, деп хабарлайды Zakon.kz.

27 шілдеде Қордай ауданының орталық аудандық ауруханасында ҰҚК Шекара қызметінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің қызметкері Азат Үмбетұлының қайтыс болғаны анықталды.Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметі

Ведомствода нақтылағандай, өлімнің алдын ала себебі — миға қан құйылу.

Аталған факті бойынша ҚР ІІМ Оңтүстік өңірлік әскери тергеу басқармасы сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізуде.Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметі

Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің басшылығы мен жеке құрамы туған-туыстары мен жақындарына қайғыларына ортақтасып, қажетті көмек көрсету шараларын қабылдайды.

Другие новости

Back to top button