Атырауская область

Жайық өзеніне батып кеткен баланың денесі іздестіріліп жатыр

Қайғылы оқиға 14 тамызда сағат 21.00 шамасында болған

Атырау облысында Жайық өзеніне батып кеткен 7 жастағы баланың денесі іздестіріліп жатыр, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, қайғылы оқиға 14 тамызда сағат 21.00 шамасында болған.

«Атырау қаласы маңындағы Қызылбалық ауылында 14 тамызда сағат 21.00-де шамасында Жайық өзенінің жағасында тұрған қайықтардың үстінде ойнап жүрген 2015 жылғы бала суға батып кетті. Баланың денесі 15 тамызда сағат 7.30-дан бастап іздестіріліп жатыр», — делінген ТЖД хабарламасында.

Іздеу жұмыстарына Атырау облысы ТЖ департаментінің 4 сүңгуірі, 1 техникасы жұмылдырылды.

Другие новости

Back to top button