ГлавноеНазначения и отставки

Ерлан Қошанов Мәжіліс төрағасы болып қайта сайланды

Оның кандидатурасын 98 депутат қолдады

VIII сайланған Қазақстан Республикасы Мәжілісінің  алғашқы жалпы отырысында Мәжілістің спикері сайланды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Депутаттар Мәжіліс төрағасының кандидатурасына Ерлан Қошановты ұсынды. Осылайша, Мәжіліс төрағасына бір ғана кандидат ұсынылды. Жасырын дауыс беруге арналған тізімге депутат Ерлан Қошанов енгізілді.

Санақ комиссиясының хатшысы Наталья Дементьева Парламент Мәжілісінің төрағасын сайлау бойынша жасырын дауыс берудің тәртібі туралы айтты. Артынша депутаттарға бюллетеньдер таратылып берді. Олар ұсынылған кандидатты қолдап немесе қарсы болып дауыс береді. Белгіленбеген бюллетеньдер жарамсыз болып саналды. Дауыс беруге 20 минут берілді.

Санақ комиссиясының төрағасы Жанарбек Әшімжан Мәжіліс төрағасын жасырын сайлаудың нәтижесін жариялады.

«Дауыс беру үшін депутаттарға 98 бюллетень берілді. Жақтағандар  — 98, қарсы болғандар- жоқ. Мәжіліс төрағасын сайлау бойынша Ерлан Қошановқа дауыс берудің хаттамасы ұсынылды», — деді ол.

Другие новости

Back to top button